• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2012

Мүмкіндіктерді мүлт жібермейік

365 рет
көрсетілді

Мүмкіндіктерді мүлт жібермейік

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:34

Президент, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХІХ сессиясында жасаған баяндамасында ел дамуының маңыз­ды мәселелерін ортаға салып, әлеу­меттік жаңғыртудың бірқатар қадам­дарын белгілеп берді. Солардың іш­інде тұр­­ғын үй-коммуналдық сектор саласына да тоқталып, «ТКШ-ны жаң­ғырту» бағдарламасы өңірден бастап ауылға дейін қамтып отырғанын, биыл 16 миллиард теңге бөлінгенін, 2020 жыл­­­ға дейін жас отбасылар үшін 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй құры­лысы қарастырылатынын атап көрсет­ті.

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:34

Президент, Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХІХ сессиясында жасаған баяндамасында ел дамуының маңыз­ды мәселелерін ортаға салып, әлеу­меттік жаңғыртудың бірқатар қадам­дарын белгілеп берді. Солардың іш­інде тұр­­ғын үй-коммуналдық сектор саласына да тоқталып, «ТКШ-ны жаң­ғырту» бағдарламасы өңірден бастап ауылға дейін қамтып отырғанын, биыл 16 миллиард теңге бөлінгенін, 2020 жыл­­­ға дейін жас отбасылар үшін 1,2 миллион шаршы метр тұрғын үй құры­лысы қарастырылатынын атап көрсет­ті. Бұл тұрғыдан алғанда, мемлекет және Үкімет тарапынан көп жұмыстар атқарылып, алдағы он жыл­ға арналған бағдарламаның бірнеше бағытта іске асыру тетіктері жан-жақты қарас­ты­рылғанын атай кеткен жөн.

Бүгінде облыс орталығында 1 мың­нан астам көп қабатты үйлер болса, солардың үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Кім жайлы пәтерлерде тұруды қолайлы көрмейді дейсің? Ал тұрғындардың көп қа­бат­ты тұрғын үй қоры мен коммуналдық желілерді, түрлі инфрақұрылымдарды жөндеп, қалпына келтіруге қаржылық шамалары жете бермейтіні жасырын емес. Соның салдарынан үнемдеу тех­нологиялары толық сақтала бер­мейді. Жылу, жарық, су ысырап­шыл­дығы орын алғандықтан, коммунал­дық берешектердің жинақталып қа­луы секілді қолбайлаулар мен проблемалар туындайды. Бұдан былай аталмыш жобаларды қолдауға респуб­ликалық бюджет тарапынан қомақты көмек көрсетіліп, пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындардың зор қызығушылығын тудырып отырғанын атай кету орынды.

Енді өміршең бағдарламаның түпкі нәтижелері адамдардың тікелей өздеріне байланысты. Олай дейтінім, ПИК жетекшілері мен кондоминиум өкілдері бірауыздылық танытып, жұ­мыла атсалысса, істі кең ауқымда өрістетуге болады. Өткен жылы бағ­дарлама аясында республикалық қа­зы­надан 400 миллиондай теңге бө­лініп, Петропавл қаласында 36 көп қа­батты үйлер жөндеуден өтті. Атап айтқанда, шатырлар, жертөлелер, лиф­тілер, жарық, жылу жүйелері қалпына келтірілді. Биыл бұл мақсат үшін 800 миллион теңге қарастырылған. Демек, жыл өткен сайын пәтер иелерінің жасалып жатқан қамқорлық жайлы ақпараты мен таным-түсінігі молайып, тікелей қатысушы ретіндегі рөлі артып келеді деген сөз.

Республикада ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын алғашқылардың қата­рында қолдаған солтүс­тікқазақ­стан­дық­­­тардан 426 меншік иесі 37 миллион теңгенің атаулы көмегін алды. Бұ­дан тысқары, аз қамтылған азаматтар жалпы шығынның 10 пайызын ғана өтей­­­ді. Үстіміздегі жылы күнкөрісі төмен отбасыларға 62 миллион тең­генің тұр­ғын үй көмегін көрсету белгіленген. Көп қабатты үйлерді жылыту маусымына әзірлеу, есептегіш құралдарын орнату мәселелерінде де шешімін табатын жәйттер жоқ емес. Жылу қуатына төлемді есеп құралы арқылы өтеу әлдеқайда тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. ПИК қыз­меттері де ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту­ды қажет етеді. Меніңше, үкімет тарапынан жасалып жатқан қолайлы мүм­кіндіктерді қалт жі­бер­месек, жақсы бастаманың жерде қал­масы анық.

Сергей ХУДЯКОВ,

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.

Солтүстік Қазақстан облысы.