• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Мамыр, 2012

Медицина мақтанышы

2568 рет
көрсетілді

Медицина мақтанышы

Жұма, 11 мамыр 2012 7:43

Бүгінде еліміздегі урология мәселелері бойынша емдік шараларжасайтын, зерттейтін бірден бір ғылыми орталық Профилактикалықмедицина академиясының академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Бинеш Жарбосыновтың есімімен аталады. Отандықмедицинадағы урология мен андрология саласының қалыптасып, дамуына зор үлес қосып, Қазақстан ғылымында өзіндік қолтаңбақалдырған Бинеш Оразұлы (1932-1996) көзі тірі болса 12 мамырдасексеннің сеңгіріне шығар еді.

Жұма, 11 мамыр 2012 7:43

Бүгінде еліміздегі урология мәселелері бойынша емдік шараларжасайтын, зерттейтін бірден бір ғылыми орталық Профилактикалықмедицина академиясының академигі, медицина ғылымының докторы, профессор Бинеш Жарбосыновтың есімімен аталады. Отандықмедицинадағы урология мен андрология саласының қалыптасып, дамуына зор үлес қосып, Қазақстан ғылымында өзіндік қолтаңбақалдырған Бинеш Оразұлы (1932-1996) көзі тірі болса 12 мамырдасексеннің сеңгіріне шығар еді. Еліміздегі Денсаулық сақтау министрлігінеқарасты Урология ғылыми орталығының негізін қалап, оның тұңғышдиректоры болған көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, айтулы азамат БинешОразұлы жайлы ғалымның сүйікті шәкірттерінің бірі, Урология ғылымиорталығының директоры, Дүниежүзілік және Еуропалық урологтарқауымдастығының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицинағылымдарының докторы, профессор Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВТЫәңгімеге тартқан едік.

– Мырзакәрім Кәрімұлы, БейнешОразұлы – білім де, тәжірибе дежинақтап, нағыз кемеліне келгеншағы – 64 жасында дүниеденозыпты. Биыл қайтыс болғанынаон алты жыл толмақ. «Адам өлгенкүні емес, ұмытылған күні өледі»деген. Бір байқағанымыз, ол кісіартында өзі бастаған ісінжалғастыратын лайық­ты шәкірттерқалдырған екен. Со­лар­дың біріөзіңізсіз. Ендеше,оқыр­ман­дарымызға ұстазыңыздыжақы­нырақ таныстыраотырсаңыз…

– Дұрыс айтасыз, «Ұстазы мық­ты­ның – ұстанымы мықты», деген ғой. Мен айтар едім, Бинеш Оразұлын ұс­таз­дан да жақынырақ әке ретінде жақсы көріп, қамқорлығына, мейіріміне сусындаған адаммын.

Бинеш Жарбосынов қазіргі Атырау қаласында дүниеге келеді. 1955 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген жас маман еңбек жолын Атырау қаласында мұнайшылар ауру­ханасында уролог-дәрігер қызметі­нен бастап, 1959 жылы Ақтөбе медицина институтында жалпы және факуль­тет­тік хирургия кафедрасының ассис­тенті, 1962 жылдан қазіргі С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде аспирант, урология ка­федрасының ассистенті, доценті, мең­ге­ру­шісі болады. 1990 жылы Бинеш Жарбосынов Алматы қаласындағы урология және шұғыл нефрология базасы аясында Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Урология ғылыми-зерттеу институтының негізін қалап, тұңғыш директоры болып тағайындалды. Одан кейінгі уақытта білімі мен барлық күш-жігерін институттың қалыптасуы мен дамуына жұмсап, өмірінің соңына дейін осы мекемеге басшылық жасады.

Бинеш Оразұлы – еңбекқорлы­ғы­ның, кәсіби шеберлігінің арқасында, ой­ларын жүзеге асырудың нәтижесінде үлкен өмір өткелінен өткен тұлға. Ол ғылым мен қоғамдық қызметті бірге алып жүрді.

1996 жылы Профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті болып сайланады. Еуропа урологтары қауымдастығының мү­шесі, Бүкілодақтық урологтар ғылы­ми қоғамының басқарма мүшесі, Қазақ­стан урологтары қауымдастығының бас­қарма төрағасы, ҚР-ның Бас уро­ло­гы, «Урология және нефрология», «Ден­саулық», «Здравоохранение Казахстана» журналдары редакция алқасының мүшесі бола жүріп, аталмыш саланың бірқатар өзекті мәселелерін шешуге қол жеткізді. Сондай-ақ кезінде оның бас­тамасы және ұйымдастыруымен екі рет Қазақстан урологтарының конгресі, төрт мәрте Урология ғылыми-зерттеу инс­титуты базасында халықаралық сим­позиум өтті.

Бинеш Оразұлы – артында көптеген еңбек қалдырған ғалым. 250-ден астам ғылыми еңбектің 15-сі монография болса, 18-і авторлық куәлікке ие. Ол кісінің редакциялауымен урологтардың 5 ғы­лы­ми еңбектер жинағы жарық көрді. Әсі­ресе, республика тұрғындарына уро­ло­гиялық көмек көрсетуді жүзеге асы­руда орасан еңбек сіңірді. Міне, сол қажырлы да, белсенді еңбегі бағаланып, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» бел­гісімен, «Парасат» орденімен, «Ең­бек ардагері» медалімен марапатталып, «ҚР-ның еңбек сіңірген ғылым қайрат­кері» атағы берілді. Бірнеше мәрте ҚР Жо­ғар­ғы Кеңесінің Құрмет грамоталарына ие болды. 1996 жылы Үкімет қаулы­сы­мен Денсаулық сақтау министрлігінің ҒЗИ оның негізін салушы академик Б.О.Жарбосыновтың атымен Урология ғы­лыми орталығы болып қайта құрылды.

– Бинеш Оразұлынан кейін ғы­лыми орталықтың тізгінін ұстаға­ны­ңызғада он алты жылға аяқ басыпты. Меніңше, осы уақыттан бастаппро­фессор Жарбосынов бастаулары­ның екінші кезеңі басталғансияқты…

– Урология ғылыми орталығының негізгі мақсаты – республикада урология қызметін қалыптастыру және үй­лес­тіру. Ол үшін тұр­ғын­дарға медициналық көмек көр­сетудің барлық кезеңдердегі диагностикасы және әрбір урологиялық ауруды емдеудің стандарттары құрылған. Ал негізгі міндеттері, біріншіден, аталмыш салада тұрғындарға жоғары маман­дан­ды­рылған көмек көрсету, екіншіден, уро­логия және андрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, үшін­ші­ден, Қазақстанда уроло­гия­лық қыз­метті үйлестіру. Бүгінде ай­тар­лықтай ғы­лы­ми және клини­ка­лық әлеует шо­ғыр­ланған Орталықта 6 медицина ғы­лымдарының докторы мен 22 ғы­лым кандидаты, 1 Мем­лекеттік сый­лық­тың лауреаты, 2 «Алтын қан­дауыр» жеңімпазы, 1 ҚР Президенті Н.Назарбаев атындағы, 11 Жарбосынов атындағы атаулы стипендия иегерлері еңбек етеді. 70 дәрігердің 20-сы, 108 мейірбикенің 22-сі жо­ға­ры біліктілік санатта. Ор­та­лық қыз­меткерлері 86 өнерта­быс­қа алдын ала патент пен инновация­лық патент алса, 25 монография, 68 әдіс­темелік нұсқаулық және 19 ғылыми еңбектер жинағы жарық көріп, жиырма жылда 36 ғылыми фо­рум өткізіппіз. Оның ішінде Қа­зақ­стан урологтарының I-V кон­гресі (съезд), Еуропалық урология мектебінің курстары, ТМД елдері жас ғалым-дәрігерлерінің I-XI конференциялары табысты өтті. Сондай-ақ урология мамандығы бойынша диссер­та­циялық кеңес жұмыс істеді. Мәселен, 1993-2008 жылдары 92 кан­ди­даттық, 25 докторлық диссертация қорғалды.

Орталықтың клиникалық базасында нау­қастарға стационарлық көмек көр­се­ту мақ­сатында 180 төсек-орын қарасты­рылған.

– Қазақстандағы ер адамдардың ре­продуктивті денсаулығыныңқана­ғат­танарлық жағдайда еместігіне алаң­­­даушылық білдірген ғылымиорталық осы күрделі мәселелерді шешу мақсатында жан-жақтықам­тыл­ған 2008-2011 жылдарға арналған «Ер­лер және репродуктивтіденсаулық» бағдарламасын әзірлеген едіңіздер, соның орындалу барысықалай?

– Орталықтың ғылыми-зерттеу қыз­метінің негізгі бағыттарын айқындап, үш жылдық «Ерлер және репродуктивті денсаулық» бағдарламасын әзірлеген болатын. Бұл бағдарлама 2007 жылы ҚР Президенті жанындағы Гендерлік саясат және отбасы ісі жөніндегі ұлт­тық комиссияның IV отырысында тың­далып, мақұлданды. Осы бағдарлама шеңберінде УҒО елімізде тұңғыш рет үш жыл қатарынан (2009-2011) «Ерлер денсаулығы күндері» акциясын өткізді. Аталмыш бағдарламаны орындау елі­міз­дің барлық 14 облысында және ірі қа­лаларымыз Астана мен Алматыда ө­т­кі­зілді. 2011 жылы «Ерлер денсаулығы» аймақтық орталықтары ашылды. 28 мыңнан астам ерлер қаралып, уроан­дро­логиялық патология деңгейі және құрылымы анықталды. Уролог-андролог мамандардың кеңесімен ерлерді то­лыққанды кешенді тексеру мақсатымен ішкі секреция мен жүрек-қан жүйесін тексеру бағытындағы мамандардың эн­до­криндік және кардиологиялық ден­саулық көрсеткіштеріне баға берілді. Сондай-ақ, уроандрологиялық аурумен бірге ерлер арасындағы жүрек-қан тамырлары және эндокринді патология­ның таралу деңгейі анықталды. Қазақстанның барлық аумақ­тарын­да ерлер арасында эрек­тильді дис­функция, аденома, простатит, бүйрек тастары ауру­лары көп таралған. Сонымен қатар, табиғи заңдылықтар мен ауа райына байланысты оңтүстік және батыс ай­мақ­тарда өмір сүретін ерлер арасында бүйрек пен зәр жол­да­рының тастары секілді ауру түрлері көп таралса, солтүстік пен шығыс аймақ­тардағы салқын ауа райының әсерінен оларда қабыну аурулары жиі кездеседі.

Өкінішке қарай, ерлер орташа есеппен әйел­дер­ге қарағанда 12 жыл­ға қысқа өмір сүретін көрінеді. Бұл көбі­не­се сыр­қат ер адамдардың медицина көмегіне өте кеш жүгіне­тінінің салдары екенін айтқан жөн. Ендеше, медици­налық көмек мәселесінде, еліміздегі еркектер пси­хологиясын түбегейлі өзгер­туіміз керек. Мемлекетімізде ана мен бала денсаулығын қолдауға ба­ғыт­тал­ған көптеген мемлекеттік бағ­­дарла­малар бар да, ал ерлер ден­саулығына байланысты бұған дейін бірде-бір бағ­дар­лама қа­был­данбаған. Біз бүгінде осы ғылыми бағдарламаны ұсынып, үмітімізді үкілеп отырмыз.

– Мырзакәрім Кәрімұлы, ғы­лыми орталық болған соң оның әлеуетінкөтеретін мамандардың білім дәрежесі қаншалықты дең­гей­де? Олардыңдәрежесін, білі­мін көтеру мәселесі сіздерде қалай шешілген?

– Бір айта кетерлігі, бүгінде ғылыми орталығымыз білім беру қызметімен де айналысады. Онда бекітілген бағдарла­ма­ларға сай уроандрология, уролог-дә­рі­герлерге арналған тақырыптық жетіл­ді­ру және олардың кәсіби деңгейін көтеру бағыттары бойынша жүргізі­ле­ді. Барлық бағдарламалар қосым­ша білім беру мемлекеттік стандартына сай енгізілген. Орталығымыз екі ме­ди­циналық жоо – С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ-дің урология және нефрология курсы кафедрасы мен Қа­зақстан-Ресей медици­налық универ­си­тетінің урология кафедрасының клини­калық базасы болып табылады. Жылына 1600-ге жуық студент урология пәні бойынша дәріс алады. Бұдан басқа жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі, үз­дік­сіз оқу саласы резидентура бөл­імі (бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Аман­жол Сұраншиев) арқылы ден­саулық сақтауда тә­жі­рибелі кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Жыл сайын уроан­дрологияның өзекті мә­се­лелері бойынша Ресей, Украина, Бе­ларусь, Өзбекстан және Қыр­ғыз­стан­­ның жетекші уролог-дәрігер­лері­нің қа­ты­суымен Қазақстанның урология ғы­лыми қоғамының пленумы өт­кізіледі. Пленумда аймақтардағы уро­логиялық қызметтің есебі тың­далып, алдағы уа­қыт­та республика бойынша бұл қызметті дамыту мен оны жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Шығарылған қорытындылар негізінде шешім қа­был­данып, келешекте республика аясында атқарылатын жұмыс­тар­дың бағыттары айқындалады.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ұстазымыз Бинеш Оразұлының ту­ған күні қарсаңында 16 жылдан бері жыл сайын мамыр айында еліміздің жас ға­лым-дәрігерлері ТМД елдерін­дегі әріп­тес­терімен тәжірибе бөліссін деген мақ­сатта ғылыми-практикалық кон­ференция өткізуді дәстүрге айналдырып отырмыз. Өйткені, медицина ғылымының алға басып, дамуы жас ғалымдардың ғылыми әлеуетінсіз мүм­кін емес. Олар еліміздің медицина са­ла­сындағы кадрлық резервтер болып табылады. Онда жас ғалым-дәрігерлер урология және андрология саласы бойынша әртүрлі ауруларды емдеу­дің диагнос­тикасының алдын алу шаралары мен өзекті мәселелерін талқы­лай­ды. Биылғы ТМД елдері жас ғалым-дәрі­гер­лерінің XII халықаралық конференциясы – академик Бинеш Жарбосынов­тың 80 жылдығына арналып отыр. Онда ТМД елдерінің жетекші урологтары баяндама жасайды. Сонымен бірге, конференция жұмысы шеңберінде жас мамандар бай­қауы өтпек. Әрбір байқауға қатысушы құнды тәжірибелері мен жаңа ғылыми жетістіктерін тал­қы­лауға мүмкіндік алып, жетекші мамандар ұсы­ныстарын ортаға салады. Б.­О.­Жар­­бо­сы­нов­тың қа­тар­ластары және шә­кірт­тері бүгінде алыс-жақын шетел мемле­кет­терінде, рес­пуб­ликаның бар­лық ай­мақ­тарында қыз­мет атқарады. Олар ірі ор­талықтар, емханаларды басқарып, оның бастамаларын дамытып жалғастыруда.

Қазақстанның урологтары жаңа ғылыми жетістіктерге, біздің ортақ ісіміз – отандық урология саласын да­мы­туға қол жеткізді. Сондықтан да Б.О.Жарбосынов қазақ халқының тұң­ғыш профессор-урологы, урология ғы­лы­мының негізін салушы, әрі ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры, аса құрметті дәрігер, ғалым, се­нім­ді дос, сүйікті әке ретінде біздің жү­регімізде мәңгі қалады. Ұстаз өмірі қашанда шәкірттер жүрегінде маздайды демекпін.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

 Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан.

____________________

 

Ұстаз тәлімі – шәкірттер өмірінде

КӨҢІЛІ ДАРҚАН, АҚ ЖҮРЕК АДАМ

Малих Мохамад Ареф,

Эндоурология және литотрипсия бөлімінің меңгерушісі, Дүниежүзілік және Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Бинеш Оразұлымен туысқандық қатынаста болған соң ғана емес, ұлы ұстазым ретінде жақсы көріп, туған әкемдей сыйлап өттім. Олай дейті­нім, ол кісінің өзі де мені күйеу баласындай емес, туған ұлындай жақсы көрді. Жұбайым Ботакөзге: «Балам, сен Арефке көп тиісе берме. Ол мұн­да жалғыз», – деп қалжыңға сүйеп айтып отыратын. Бинеш Оразұлының бұл сөзінен өзім­ді шын жүрегімен жақсы көретінін байқайтынмын. Бұл жалғыз менің ғана сөзім емес, ең алдымен адам ре­тінде, үлкен азамат тұрғысында, ұс­таз ретінде бүкіл шә­кірт­тері, көзін көрген әріптестері оның өте мейі­рім­ді, кімге болсын жақ­сылық жасауға, көмегін беруге дайын тұратын сенім­ді адам болға­нын бүгінде жыр ғып айтып отырады.

Тағы бір айтарым, Бинеш Омар­ұлы өзінің тұрғыластарын, әріптес­терін мойындатқан мықты маман еді. Ол кезде бүгінгідей диагнозды анық­тайтын компьютердің жоқ кезі. Тек қолмен сипап, жүрекпен сезіп диаг­ноз қоятын. Бөлімшеге келіп, таңер­теңгілік науқастарды қарағанда әр қайсысына жеке-жеке көңіл бөліп, олармен қалжыңдасып, қайдан келге­нін, ер азамат болса үйленгенін, әйел заты болса тұрмысқа шыққан, шық­пағанын сұрап, науқастың ішкі жан дүниесіне кіріп, ауырған жерлерін ұмыттырып жіберетін. Яғни, алдымен жаны ауырып келген науқасты сөзбен, сөздің құдіретімен емдейтін. «Жаны саудың – дені сау» демей ме қазақ, ал хирург ретінде қолы жеңіл, әртүрлі күрделі операция жасағанда, еш асқынусыз тез жазылып кететін. Нағыз тәңірі жаратқан дәрігер еді.

Мен Алматы мемлекеттік медицина институтын бітіре саласымен, осы ғылыми институтқа жұмысқа келдім. Содан бері осында қызмет атқара­мын. Бейнеш Оразұлының үш қызы­ның кенжесі, Ботакөзбен бір топта оқып, кейіннен екеуміз қосылдық. Ботакөз қазір С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ-дің психиатрия кафедрасында анасы медицина ғылымдары­ның докторы, профессор Ғалия Құ­диярова­мен бірге қызмет істейді. Ол кісі ұзақ жылдар еліміздің бас психиатры, кафедра меңгерушісі қызме­тінде болды.

Мен өмірімде ата-анама қарыздар болсам, одан кейінгі қарыздар адамым, ұстазым, әрі әкемдей болған Бинеш Оразұлы. Осы уақытқа дейін ол кісінің бастап берген ісіне адал болуға, ұстаздың атына кір келтірмеуге тырысып келемін.

 

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰШТАР ЕДІ

Суният ҚҰСЫМЖАНОВ,

Реконструктивтік және пластикалық урология бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

 

Шынымды айтсам, мені урология саласына алып келген ұстазым Бинеш Оразұлы. Бастапқыда хирург болуды қалағанмен, Бинеш аға медицинаның осы саласын таңдауыма ықпал етті. Оған бүгінде еш өкінбеймін. Өйт­кені, ол кісі өмірде де, ғылымда да маған көп нәрсе берді, көп нәрсеге үйретті. Оның үстіне әкеммен бірге оқыған курстасы, әрі екеуі дос еді. Әрі кеңестік жүйе кезінде Мәскеудегі урология ғылыми-зерттеу институтында ең алғашқы кандидаттық диссертация қорғаған шәкірті болдым.

Көңілі дарқан, айтулы тұлға отан­дық урология саласын жоғары дең­гей­ге көтерді. Кеңес одағында Ресей мен Украинадан кейінгі өзі негізін салған үшінші ғылыми орталықтың бүгінгідей деңгейге жетуіне көп ең­бек сіңірді. Әрі отандық урология саласының қалыптасып, дамуына ба­ғыт-бағдар сілтеп отырды.

Докторлық диссертациясы еркек­тер­дің белсіздігі тақырыбы болған­дық­тан, ерлердің денсаулығымен түбегейлі айналысты. Содан кейін-ақ елімізде еркектер кабинеттері, андрология бөлімдері ашыла бастады. Ең бір айта кетерлігі, жаңалыққа жаны құштар адам еді. Осы ретте урология саласында эндоскопиялық бағытта емдеуге алғаш идея беріп, оны өзі­мізде енгізіп, қолдануға күш салды.

Бинеш Оразұлы қашанда бола­шақ­қа үлкен сеніммен қарайтын. Қа­зір ла­по­роскопиялық операциялар дүние жү­зінде ашық ота жасауды алмастырып отыр. Соның есебінен ашық операциялар саны азаяды, науқастарға ың­ғайлы ғой. Міне, сол кісінің салып кеткен жолымен институтта қазір бұл әдіс жақсы жолға қойылған. Тек бұл емес, ол кісі өзінің абырой-беделімен мемлекеттен қар­жы бөлдіріп, кезінде институтты кереметтей соңғы заманауи құрыл­ғы­лар­мен жарақтандыруға бар күшін салды. Ал ол кезде ондай техно­ло­­гия­ға қол жеткізу оңай болмайтын.