• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2012

Дәстүр мен қазіргі заман тоғысында

520 рет
көрсетілді

Дәстүр мен қазіргі заман тоғысында

Жұма, 8 маусым 2012 7:40

лордада Әзербайжан Республикасы мәдениеті күндерінің ресми ашылуы барысында «Әзербайжан: дәстүр мен қазіргі заманның то­ғы­суы» атты   көрме өтті.

Әзербайжан – жерінің кеңдігі мен халқының саны жағынан Кавказ елдері арасында жетекші орындағы мемлекет, Яғни, жер аумағы 86,6 мың шаршы шақырымды алып жатса, тұрғындары 8 миллионның үс­тінде. Кешегі көрмеде мемлекеттің астанасы Баку қаласының қазіргі сән-салтанаты бейнеленген суреттер айшықты көрінеді.  Көрме барысында біз Әзер­байжан Республикасы Мемле­кет­тік картиналар галереясы­ның директоры Эльнур Гусейновты әңгі­меге тартқан болатынбыз.

 

Жұма, 8 маусым 2012 7:40

лордада Әзербайжан Республикасы мәдениеті күндерінің ресми ашылуы барысында «Әзербайжан: дәстүр мен қазіргі заманның то­ғы­суы» атты   көрме өтті.

Әзербайжан – жерінің кеңдігі мен халқының саны жағынан Кавказ елдері арасында жетекші орындағы мемлекет, Яғни, жер аумағы 86,6 мың шаршы шақырымды алып жатса, тұрғындары 8 миллионның үс­тінде. Кешегі көрмеде мемлекеттің астанасы Баку қаласының қазіргі сән-салтанаты бейнеленген суреттер айшықты көрінеді.  Көрме барысында біз Әзер­байжан Республикасы Мемле­кет­тік картиналар галереясы­ның директоры Эльнур Гусейновты әңгі­меге тартқан болатынбыз.

«Әдетте Әзербайжан атауы естілсе, ТМД-дағы басқа халықтар көз алдына ауа райы қолайсыз, ыстық жерді елестетеді. Бірақ, біздің елдің табиғаты бір мезгілде жүз күйдірердей ыстықтығымен әрі мәңгі қар басып жататын тауларымен ерекше. Оңтүстік және солтүс­тік аудандардың жылдың бір мез­гі­лінде түрлі бейнеде құбылуы, қазіргі өскен, өркендеген Бакудің келбеті, ескі архитектуралық ескерткіштері­міз, қызыл кітапқа енген сирек ағаштар, шаңғы кешені  – міне, біз­дің сіздерге көрсететін картиналарымыз. Осында келердің алдында су­реттерді іріктеуден өткіздік. Со­ның ішінде Е.Халилов, Л.Ахунзаде, Ф.Хайруллин сынды фотографтар­дың суреттері таңдап алынды. Бар-жоғы 43 картина. Соның өзі-ақ Әзербайжан туралы көп мәлімет бе­реді деген ойдамыз», – деді Эльнур Гусейнов.

Әзербайжан   Республикасы – 64 аудан мен Таулы Қарабах аталатын бір облысты, сондай-ақ, Нахичевань автономиялық республикасын бірік­тіріп отырған мемлекет. Қазіргі таң­да бұл елдің туризмді дамытуға күш салып жатқаны байқалады. Көр­ме­дегі фотосуреттерге қоса қо­йыл­ған кітаптар мен буклеттер осы сөзі­міз­ге дәлел сынды. Неге де­сеңіз мұнда негізінен туризмге қо­лайлы жерлер, демалыс орындары, мейрамханалар мен ондағы ас мә­зірлері, экзотика үшін ескі шаһарлар, мұражайлар, кесенелер туралы әзербайжан және ағылшын тіл­де­рін­де  жазылған ақ­параттар қойылған.

«Жақсыны көрмек үшін» дегендей, біз де біраз тамашалап, сондағы түйгеніміз мынау: Елде 130-дан аса мұражайлар мен олардың филиалдары жұмыс істейді. Ең басты мұра­жайлардың қатарында Әзербайжан тарихы мұражайы аталса, одан кейінгі орында Әзербайжан кі­лем­дері мен қолданбалы өнер мұра­жайы келуші­лер­ді қызықтыратын көрінеді.  Момуне Хатун, Юсиф ке­се­нелері, Апшерон жарты аралын­дағы мұнаралар – елдің қазынасы іспетті. Бейк таш, Гобустан, Кичик таш, Джингирдаг тауларында әзербайжан халқының тас заманынан бергі тарихынан сыр шертетін тас­та­ғы жазулар, ежелгі адамдардың  тұ­рақ­тары,   қабірлері, тас қамалдар осы уақытқа дейін сақталған. Тек Баку қаласының өзінде Ичеришехер қама­лы, Гыз каласы мұнарасы, Шир­ван­шах әулетінің сарайы, Сынык кала минареті, Сейд Яхья кесе­не­сі сынды  алды 7-ші ғасырда, соңы 15-ші ға­сыр­ларда салынған ес­керткіштер бар екен. Әрине бұның бәрі туризмнің дамуына себеп болады десек, онда барған адамдарды қандай жағдай кү­тіп тұрғаны бөлек мәселе. Бұл жағын да ескерген әзербайжандар көрмеде өздерінің мейрамханалары мен ас мәзірін жарнамалауды да ұмытпапты. Батыс пен Шығыстың ас мәзірі, жұл­дызды қонақүйлер, демалыс орын­дары есептелетін санаторийлер мен курорттар қазіргі замандағы Әзер­бай­жанның  бет-бейнесін айшықтап тұр­ғандай.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».