Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:44
Жер жәннаты Жетісудың табиғаты әсем аймақтары қатарындағы Қарасай ауданының тарихы тым әріден басталады. Осы жерден алаш жұрты асқар тұтқан небір дарабоз тұлғалар шыққаны да белгілі. Одан бергі тарихқа жүгінсек, бұл мекенде Тәуелсіздіктің туын тіккен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кіндік қаны тамып, алаулаған жастығы өткенін және мақтан тұтамыз. Сондықтан да болар, бүгінде аудан халқына үлкен міндеттер жүктелген, оны мүмкіндігінше тиянағын келтіре жүзеге асыру басты парызымыз саналады.
Бейсенбі, 2 тамыз 2012 7:44
Жер жәннаты Жетісудың табиғаты әсем аймақтары қатарындағы Қарасай ауданының тарихы тым әріден басталады. Осы жерден алаш жұрты асқар тұтқан небір дарабоз тұлғалар шыққаны да белгілі. Одан бергі тарихқа жүгінсек, бұл мекенде Тәуелсіздіктің туын тіккен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кіндік қаны тамып, алаулаған жастығы өткенін және мақтан тұтамыз. Сондықтан да болар, бүгінде аудан халқына үлкен міндеттер жүктелген, оны мүмкіндігінше тиянағын келтіре жүзеге асыру басты парызымыз саналады.
Аудан халқының саны да жыл сайын еселеп арта түсуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы есепке жүгінсек, аймақта 270 мыңға жуық халық мекендейді. Осыншама халықты еңбекпен қамту, әлеуметтік жағдайын оң шешу үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Жақында ғана Елбасы баршаны ел игілігі жолындағы еңбекке шақырып, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына бағытталған 20 қадамды белгіледі. Бұл бастамаға қарасайлықтар да белсенді түрде үлес қосатын болады. Өйткені, Елбасы еңбектің жоғары қасиетін айта келіп, нәтижесінде адамның рухани өсуі мен кемелденуіне қатысты мәселелерді алға тартты.Еңбек – адамды ер атандырады, өмірге деген көзқарасын берік қалыптастырады. Демек, әр адам өз күш-қайратын елінің ертеңі үшін тиімді пайдаланса, өзі де, өзге де игілікке бөленеді. Мәселен, жастарға білім берудің тиімді жүйесін жетілдіру арқылы ертеңгі болашағымызға сәтті қадамдар жасалатынын дәлелдеудің қажеті жоқ. Міне, аудан жұртшылығы осы түйінді мәселелерге назар аударып, Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы тапсырмасын қызу қолдады. Қазір оны мейлінше тиянақты орындаудың сан-салалы жолдары қарастырылуда.Ауданның жетекші саласы аграрлы өндіріске арқа сүйейтіндіктен, жыл сайын гектар берекесін арттырып, бау-бақша мен мал шаруашылығын қатар дамыту үшін бес бірдей ғылыми-зерттеу институты кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Сонымен бірге өнеркәсіптік бағыттағы кәсіпорындар қатары да жедел дамып, аудан экономикасына тың серпін әкелді. Жыл сайын осы саладан өндірілген өнім көлемі еселеп артып отыр. Орта және шағын бизнестен түсетін пайда да халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге едәуір ықпал етуде.Бүгінгі таңда 26 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істеп, оның тең жартысы халықаралық сапа белгісіне ие өнім шығаруда. Осылайша, бұл саладағы өндірілген өнім көлемі өткен жылы 109 млрд. теңгені құрады. Инновациялық технологияны пайдаланатын кәсіпорындардың саны да арта түсті. Мәселен, «Апорт», «Жер-Ана», «Иылдыз», «Бамбарбия Кергуду», «Шығыс таңы» кәсіпорындары тұтынушыға мінсіз қызмет көрсетумен бірге жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге өзіндік үлестерін қосты.Агроөнеркәсіп саласын дамыту кешенді жалғасын тапты. Бұл салада 5507 шаруа қожалығы өз кәсіптерінен нәсіптерін тауып отыр. Төрт түлік мал басы да еселеп өсу үстінде. Егістік аумағы 88,4 мың гектарды құрайды. Алматы қаласы маңында азық-түлік белдеуін құру мақсатымен 73 жылыжай салынып, шаһар тұрғындары қолжетімді көкөніспен қамтылуда.Өндірістің өркенді дамуы нәтижесінде түрлі өнім шығару шешімін тапты. Ауданда картонды қаптама шығару, мал терісінен былғары дайындау түбегейлі жолға қойылып, сыра, шарап, құрылысқа қажетті бұйымдар өндіретін кәсіпорындар қатары арта түсті.Елбасының Жолдауында қай саланы болсын іргерілету үшін инвестиция тартуға баса назар аудару қажеттігі тапсырылған. Аймақтың дамуы сырттан тартылған көлемді инвестицияға тәуелді десек, өткен жылы 84,5 млрд. теңге құйылыпты. Нәтижесінде, 430,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, жүздеген отбасы жаңа шаңыраққа қоныс аударды. Алматы-Қаскелең- Үшқоңыр бағытындағы жол жөнделді. Көлік кептелісін жеңілдету мақсатында 208,7 млн. теңге игеріліп, жаңа көпір ел игілігіне ұсынылды. Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі де шешімін табуда. Республикалық бюджеттен Қарағайлыға, облыстық бюджеттен Шалқар елді мекеніне қаражат бөлініп, Қаскелең қаласының «Құрылысшы», «Южный» шағын аудандарындағы су құбырлары жөнделді.Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көрсетілген он бағыттың сегізі адам капиталы мен оның әлеуметтік әлеуетін жақсартуға бағытталғаны белгілі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне сұраныспен келген 944 адамның 920-сы жұмыспен қамтылды. 646 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша жұмыссыздықтың алдын алу бағытындағы кешенді шаралар өз нәтижесін беріп отыр.Орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар саны 2061-ге жетіп, өнім көлемі 25207,5 мың теңгеге артты. Жеке қожалықтар 19894-ке жетсе, 21209 адам жеке кәсіптерін ашқан. Осы саладан ғана аудан бюджетіне 2928,7 мың теңге қаржы түсті. «Хамле Компани ЛТД», «АзияАгроФруд», «Кока-кола Алматы Боттлерс», «Бетонстройсервис» тағы басқа іргелі зауыттар экономикасының нығаюы нәтижесінде жұмыссыздықтың алдын алуға қол жеткізілді.Халықтың денсаулығын нығайту мәселесіне де ерекше назар аударылған. Ауданда бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіліп, тұрғындардың саламатты өмір салтын қалыптастыруына жете мән берілді. Қазіргі кезде ауданда 225 төсектік орталық аурухана, тәулігіне 700 адам қабылдайтын емхана, 90 орындық 3 ауылдық аурухана, түрлі бағыттағы 56 дәрігерлік қосындар бар. Биыл Қарағайлы елді мекенінде амбулатория пайдалануға берілді. Қаскелең қаласында перзентхананың құрылысы басталды.Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қанатты сөз бар. Сондықтан, спортпен шұғылдану арқылы денсаулықты түзеудің қаншалықты маңызды екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Қарасайлықтар осыны мықтап қолға алған. Мәселен, аудандағы 39 стадион, 95 футбол, волейбол, баскетбол алаңдарында үлкен мен жастың бас қосып саламатты өмір салтын берік ұстанғанын айтуға болады. Сондай-ақ халыққа 53 спорт алаңы, 2 ипподром, 3 жабық бассейн қызмет көрсетеді. Осының нәтижесі деген дұрыс шығар, қазір дүниежүзілік халықаралық жарыстарда аудан спортшылары ел намысын қорғап, биік белестен көрініп жүр.Жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті білім алуы маңызды міндеттер қатарында. Аудандағы білім шаңырақтарында 39785 оқушы тәлімді тәрбие алып, білім шыңына қанат қағуда. Әр сынып пән кабинеттерімен, заманауи оқу құрал-заттарымен қамтылған. Компьютер сыныптары интернет желісіне қосылған. Мектептерде интерактивті тақта орнатылып, мультимедиялық кабинеттер жұмыс істейді. Осының бәрі болашақ қоғамның иесі – жастарға жасалған қамқорлық екені даусыз.Жақсы істердің жалғасын табатыны – өмір заңдылығы. Әрине, бұл бағытта жоба да, жоспар да жеткілікті. Ол үшін қаржы қажеттігі айтпаса да түсінікті. Биыл қаржы көзін қарастыру нәтижесінде 85,5 млрд.теңгені өндіріске тарту көзделді. Бұл капиталдың 59,7 млрд.теңгесі мекемелер мен кәсіпорындар тарапынан болса, басқа да инвестиция көздері табылды. Осы қаржыға Қаскелең қаласында 1200, Тамабай ауылында 120 орынды жаңа мектеп салынатын болды. Сондай-ақ, Қаскелеңде 320 орындық балабақша, Қырғауылды ауылында 150 адамды қабылдайтын емхана құрылысын бастау көзделген. Жоспарда 373,6 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй құрылысы да бар.Бүгінгі таңда қай саланы болсын индустриялық-инновациялдық даму бағытынсыз көзге елестету мүмкін емес. Еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 6,9 млрд. теңгені құрайтын сегіз жоба ұсынылды. Оның ішінде 2,3 млрд. теңгелік 4 жоба мақұлданып, бұл бағыттағы жұмыстар жедел жалғасын тауып келеді. Осылайша іскер азаматтар аталған бағдарлама бойынша іргелі ізденіс танытып, тұтынушы талғамынан шығатын өнім өндіруді қолға алды. Оның нәтижесін қазірдің өзінде көпшілік көріп отыр.Қашан да мақсат айқын, міндет зор болғанда ғана халықтың талап-тілегін орындауға қол жеткізіледі. Аудан активі халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың талап-тілектерін зерттеу арқылы кешенді іс-шара жоспарын жасады. Енді осы міндеттердің тиянағын келтіру үшін қолда бар мүмкіндіктер жұмылдырылып отыр. Демек, білек біріктіргенде берекелі істер атқарылады. Қарасайлықтар ел бірлігіне өзіндік үлесін қосу үшін әр күндерін табыспен, ырыс-ынтымақпен жалғастыруда.
Амангелді ДӘУРЕНБАЕВ,Қарасай ауданының әкімі.
Құштарлық эстафетасы
Өмірге деген құштарлық адамға ғана тән. Осыдан болар, әлемде тың бастамалар қанат жайып, оған нәсіліне қарамастан белсене қатысатын талапкерлер мыңдап саналады. Солар небір бастаманы мейлінше құптап, жарыстың өрісін кеңейтіп жатады. Жақында Әлемдік үйлесімділік эстафетасына қатысқандар ең ұзақ жолды артқа тастап, Қарасай ауданына табан тіреді.Алматы-Бішкек сайрағының бойындағы баһадүр батыр Шапырашты Наурызбай ескерткішіне аялдаған олар адамзатты үйлесімді және бақытты өмірге бастайтын алауды символ ретінде бір-біріне ұсынды. Желаяқтар тіршіліктің тізгіні әр жанның өз белсенділігіне қатысты екенін тағы бір рет дәлелдеді.Қандай істің де бастаушысы болады ғой. Бұл эстафетаның негізін 1987 жылы белгілі гуманист, әрі философ Шри Чинмой салыпты. Содан бері желаяқтар алауды қолдан қолға ерекше ынтызарлықпен тапсырып, жарысқа деген құштарлықтарын бәсеңдетпепті. Ағымдағы жылы алты бағыттағы эстафета ТМД аумағында Санкт-Петербургте, Беларусь шекарасының Смоленск облысында, Новороссийскіде, Владивостокта, Моңғолиямен шекаралас Тыва Республикасында, Хандагайты кентінде және Бішкекте, Қырғызстанда ұйымдастырылды.Ресей аумағы арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға келген желаяқтар 21500 шақырымды артқа тастаған. Эстафетаның ерекшелігі – кез-келген адам спорттық дайындығы мен жасына қарамастан оның қатарын толықтыра алатындығында. Ол үшін алауды алып желаяқтармен бірге жүгіруі шарт. Қазіргі кезде миллиондаған елді мекен тұрғындары осы оқиғаға куә болып, мәдени қарым-қатынастарын бекіте түсуде. Осылайша ел мен елдің, құрлықтардың арасында бірлік пен ынтымаққа негіз қалануда. Тіпті бүлдіршіндер де оған аса қызығушылық танытып, арнайы достық бағдарламасын бастап кетті. Оның девизі – «Үйлесімділік менен басталады».Желаяқтарды қарасайлықтар қонақжайлықпен қарсы алып, Алматыға шығарып салды. Бұдан кейін олар Талдықорғанға, Өскемен мен Семейге сапар шегеді. Желаяқтар Үйлесім жарысының алауын еліміздің бас қаласы Астанаға жеткізбекші. Команда жетекшісі Асхат Ахмеров өздерін халық ілтипатпен қарсы алып, достықтың туын биік көтергендерін зор ілтипатпен айтты. Эстафеташылар қатарын орыс, украин, неміс, моңғол, қырғыз бен қазақ және басқа ұлт өкілдері толықтырған. Спорт – Әлем елшісі деген осы.
Әсемнің айтулы жетістігі
Тәуелсіз еліміздің келешегі жастардың тәлімді тәрбиесімен, білікті білімімен өлшенеді. Елбасының жыл сайынғы Жолдауында жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім беру қажеттігі тапсырылса, білім шаңырақтарында осы бағыттағы бар мүмкіндік қолға алынып отыр.Дана халқымыз «Жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей» деп тегін айтпаған. Оған Жетісу өңірін жеңісімен жігерлендірген мына мысалды келтіруге болады. Бір кездері Мемлекет басшысы білім алып, қияға қанат қаққан Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының оқушысы Әсем Айдарова Ұлттық бірыңғай тестілеуде өзінің тиянақты білімін дәлелдеп, 125 балл алған. Ол – еліміздегі үздік үш түлектің бірі.Қарақат көзі нұр шашқан жас қыздың Ұлттық тестілеуге қатыспауға да мүмкіндігі болыпты. Өйткені, Әсем 10 сыныпта Грекияның Халкидики, 11 сыныпта осы елдің Крит аралындағы Халықаралық ғылыми жобаға қатысып, жүлделі бірінші орынға қол жеткізген екен. Сондай-ақ алтын, күміс медальдарды иеленген. Осыған қарамастан, өз білімі мен қажыр-қайратын тағы бір сынауға бел буған. Нәтижесі – жоғарыдағыдай.Бала – ата-ананың бақыты, қуанышы. Айдаровтар отбасы да бақытқа кенеліп, Әсемнің жеңісімен мерейленген. Өзінің табысы жайлы сөз қозғалғанда балғын бойжеткен «Бұл – ұстаздарымның еңбегі. Елбасы отырған құтты партаның киесі десем де болады. Әрине, анамның да, әжемнің де өзіндік үлесі зор», дейді. Өйткені, олар ұлағатты ұстаз ретінде отбасындағы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, білімнің биігіне құлшындыра білген.Иә, Әсемнің алдында өмірдің сан тарау жолы тұр. Сол сапардың алғашқы нәтижесі сәтті басталды. «Әрдайым бағытың оң болып, қадамыңа нұр жаусын, Әсем!» – дейміз біз де мыңдаған оқырмандар атынан. Әсемнің айтулы жетістігі, міне, осындай.Суретте: «Алтын белгі» иегері Әсем Айдарова.
Жастардың жалынды шеруі
Үшқоңыр ауылының тау баурайында «Астана – жас қала, болашақ жастарда» атты тақырыпты ту еткен облыстық жастар эстафетасы жалау көтерді. «Құлансаз» фольклорлық ән-би ансамблінің концертімен басталған жиын жастар шеруіне ұласты. Жастар алдында Қарасай ауданының әкімі Амангелді Дәуренбаев мерекемен құттықтады. Ол жүзден астам ұлт өкілін ынтымақ пен бірлікке үндеген аудан жастарының жетістіктерін мақтанышпен ортаға салды.Жиында «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Құралай Жазыбаева және басқалары бүгінгі тәуелсіз еліміздің болашағы сенімді қолда екенін ортаға салып, құрбы-құрдастарын құттықтап сөз сөйледі. Эстафета балғын жүректің ел мен жерге, туған Отанына деген кіршіксіз махаббатымен өріліп, салтанаттың мерейін асқақтатып әкетті. Патриоттық әндер шырқалып, жиын бағдарламасы мың бұралған бимен өрнектелді. Әр салада үздік жетістіктерімен танылған бір топ жастарға облыстық ішкі саясат басқармасы мен аудан әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.Облыстық жастар күні мерекесі «Талдықорған әуендері» ансамблінің кең көлемді концертімен қорытындыланды. Ұлттық ат спорты жарысын ұтымды ұйымдастырушы топ шерумен бір мезетте көкпаршылар додасына ден қойған жұртшылықты тамашаға кенелтті.
Алматы облысы,Қарасай ауданы.