• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2012

Қорғансызға қамқоршы шаңырақ

360 рет
көрсетілді

Қорғансызға қамқоршы шаңырақ

Жұма, 24 тамыз 2012 7:30

Астана қаласында мектеп оқушылары арасында сурет салудан “Өмiрiмдi өнерге бейiмдеймiн” деген тақырыпта өткен республикалық байқауда бiр топ оңтүстiкқазақстандық талапкерлердiң жүлдегер атанғанын естiп қуандық. Туындылары ел көлемiндегi сынақта жақсы бағаланған бес жерлесiмiздiң бәрi де Арыс қаласындағы балалар үйiнiң тәрбиешiлерi екенi көңiлдi тағы бiр өсiрдi.

 

Жұма, 24 тамыз 2012 7:30

Астана қаласында мектеп оқушылары арасында сурет салудан “Өмiрiмдi өнерге бейiмдеймiн” деген тақырыпта өткен республикалық байқауда бiр топ оңтүстiкқазақстандық талапкерлердiң жүлдегер атанғанын естiп қуандық. Туындылары ел көлемiндегi сынақта жақсы бағаланған бес жерлесiмiздiң бәрi де Арыс қаласындағы балалар үйiнiң тәрбиешiлерi екенi көңiлдi тағы бiр өсiрдi.

Балалар үйi – өзi құрылғалы асыраушысыз қалған қаршадай жас жандарға пана болып, олардың бал­ғын шағын бақытты етуге қолдан келгеннiң бәрiн үйлестiрiп  келе жатқан шапағатты шаңырақ. Ата-анасыз балғындар баспана­сының 90 жылға жетеқабыл тарихы бар. Облыс­та бiрiншi санмен белгiленедi. Кеңес Үкiметiнiң бастапқы кезiн­дегi аумалы-төкпелi аласапыранында iшерге тамағы, киерге киiмi жоқ жанашырсыз кө­көрiмдер үшiн ашыл­ған Арыс балалар үйi КСРО-ға кеңiнен танымал болды. Ұлан-ғайыр ұлы дер­жаваның түкпiр-түкпiрiнен жет­кiзiлген жетiмектердi саясында аялады. Алып елдiң әр қиырынан осында келiп тәрбиелен­гендер арасында кейiн атағы дүркi­ре­­ген талай тұлғаларды айтпағанда, Арыс балалар үйi түлектерiнiң қатары­нан Бейсен Оңтаев, Берген Исаханов, Сыдық Смайылов, Нағи Ильясов, Иван Журба сияқты бес бiрдей Кеңес Одағының Батыры шықты. Қазақтың тұңғыш дипломанты, Мәскеу билеген дәуiрдiң алғашқы жылдарында көп тiл бiлетiндiгiмен бiлiмдi, парасатты, зиялы, ғұлама ұлт екенiмiздi әлемге және бiр паш еткен Төлеген Тә­жiбаев та осы ұяда қанаттанды. Балалар баспанасына кейiн халқының бiртуар азаматының аты да берiлдi. Сати­раның саңлақ сарбазы Садық­бек Адамбеков те осы балалар үйiнiң түлегi.Кеңес өкiметiнiң басындағы қи­ын-қыстау жылдарында, Ұлы Отан соғысы кезеңiнде, басқа да жүрек сыздатар әртүрлi жағдай­ларда Арыс балалар үйiне мемлекет қамқорлы­ғын аса қажетсiнген өндiрлер көптеп қабылданғаны рас. Жан ауырса да айтуға мәж­бүрміз,  қазiр де бұл мекемеде Қа­зақстанның әр шалғайы­нан етжа­қындарынан ажыраған 61 бала тәрбиеленiп жатыр. Келеше­гiнен үмiт күткен өркендердiң 20 пайызы тұл жетiм. Қалғаны ата-аналық құқынан айырылғандардың, тағ­дырдың түрлi талқысына ұшыра­ғандардың ұрпағы. Мектеп жасынан жеткеннен соң сә­билер үйiнен әке­лiнгендерi де бар. Негiзi қазақ, орыс, осетин, өзбек, тә­жiк, татар ұлтта­рының туған-туыс­тарынан көз жазып қалған балалары оқиды. Бәрi де Арыстағы қазақ мек­тебiне барады. Сабаққа қатынауын, одан қайтуын балалар үйiнiң тәрбие­ленушiлерi жiтi қадағалайды.Мекеме көгенкөздердiң суы­ғына тоңып, ыстығына күйiп, көк қауыр­сын­­дарының қатайып, түзу ұшуына барлық қажеттi мүмкiн­дiктi жасап отыр. Өнегелi тiрлiктiң өрiсi қашанда кең болатынына Арыстағы балалар үйiнiң бұрынғы түлектерiнiң де, қа­зiргi балаусала­рының да арасында талай дарын­дылардың танылғандығы дә­лел. Осында бойы қатып, буыны бекiп шыққан Ерлан Бапанов “Ақ кө­гершiн” республикалық байқауы­ның бас жүлдесiн иеленді, Нұрлан Сырлыбаев, Жандос Әлмағанбетов, Ыбырай Бақыт, Қуантай Сарыбаев, Мұх­тар Әлiбаев және басқалары өнердiң әр саласында талантымен жұртты тәнтi етiп жүр. Мұнда оң мен солын таны­ған көптеген кө­к­өрiм бұл күнде елi­мiздiң әр қала­сында жоғары және арнаулы оқу орындарының студентi саналады. Ат жалын мiнiп, өмiрден өз ор­нын тапқандарынан әлi ешқайсысы да қанатымен ұшқан, құйрығымен қон­ған ортасының атына бөгде сөз жуытпапты.Мекеменiң бүгiнгi тәрбиелену­шiлерi арасында iлiм-бiлiмге құш­тарлардың, өнердiң алуан түрiне епсектiлердiң барлығы да дәтке қуат. “Қыл қалам” үйiрмесiне мүше 12 бала әртүрлi деңгейдегi көрме­лерге тұ­­­­­рақты түрде қатысады. Бұл топ елордада Астананың 12 жыл­дығына орай өткiзiлген бәйгеде теледидар жеңiп алып, өздерiнiң сүйiктi де құтты мекенiне тарту еттi. Жас суретшiлер Байқоңырда ұйымдастырылған ха­лықаралық байқаудың бiрiншi жүл­десiн, ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылды­ғына ар­налған конкурстың бас жүл­десiн әкелдi. Әке-шешесi бiрдей қай­ыс болып, бауырында өскен әжесi де дүниеден озғаннан кейiн балалар үйiне 7 және 5 жастарында келген ағалы-iнiлi Дәурен мен Ербол Кәрi­баевтардың графика мен гравюралары дәрежелi көрмелерде жақсы ба­ғаланды. Кiшiсi өлең де жазады. Талапкер суырыпсалма жас ақын­дармен бағын да сынайды. Арыс­тағы қатар­ластарымен та­ғдыр то­ғыс­тырған Алматы облы­сының Iле ауда­нының тумасы Самат Беке­баевтың кескiн­демелерi де үлкен конкурстарда көзге iлiнiп, өзiнiң ыстық меке­нiнiң мәр­тебесiн асырды.Жарым көңiл жеткiншектердi қиындықта қолтығынан демеп, сая­сына алған үйдiң “Ел iшi – өнер кенiшi” үйiрмесiнде 20 қыз құрақ көрпе, кiлем, сырмақ, ұлттық басқа да бұйымдарды тоқумен шұғыл­данады. Кәде-сыйлар жасаушылар тобына тартылған қолы ептiлердiң дүниелерiне де қызығушылар же­те­­дi. Баспасөзге үйiрсектерi қала­дағы баспахана арқылы “Балдәу­рен” газетiн де шығарады.– Бү­гiнде бiздегi балалар жаңа үрдiспен тәрбиеленедi. Бұл соңғы кезде елiмiзде қабылданған “Қазақ­стан балалары” бағдарламасы бойынша балғындар мен жасөспiрiм­дер отбасылық тәлiм беруге негiз­деледi. Әр отбасыға 7-10 бала бi­рiк­­­­тiрiледi. Оларға балалар үйi­нiң қызметкерле­рi есебiнен әпке бекi­тiледi. Балалар осы отбасыда анасымен үйде бiрге тұрғандай өздерiне тамақ әзiрлейдi, сабаққа дайындалады. Сол үшiн әрбiр отбасылық топқа тиiстi жеке ас бөлмесi, жатын, оқу бөлмелерi, жеке дәретханасы бар тұтас блок бөлiн­ген. Ұландарымызды отбасы­лық ғұрыппен, құлықпен баулудың олар­дың бойында өзара бауырмал­дық, жақындық, бiр-бiрiн сыйлау сезiм­дерiн қалыптастыруға ықпа­лы мол, – дейдi мекеме директоры Гүлжан Тасқынбаева. – Балалар үйiнiң тәр­бие­ленушiлерi мемлекет­тiң толық қамқорлығында. Түлеп ұшқандар­дың бiзден кейiнгi тағ­дыры да елеусiз қалмайды. Мем­лекеттiк грант­­қа iлiкпегендер жо­ғары оқу орындарына облыс әкi­мiнiң грантымен түседі. Бұдан соң облыстық бiлiм басқармасы өзiне қарасты колледж­дерге, техлицейлерге жолдамалар бе­редi. Жұмыс iстегiсi келе­тiндер әлеу­меттiк қам­сыздандыру арқылы ма­мандық алуына қысқа мерзiмдiк курстарға жiберiледi. Үш ай жазда балаларымыз лагерьлерге барып, каникулда жаңа құрбылары­мен достасып қайтты. “Жетiм көр­сең жебей жүр” деп халқымыз айт­қандай, Халық­тар Достығы уни­верситетiнiң пре­зидентi Әбдiмұса Қуатбеков, “Oil Securities” күзет бөлiмшесiнiң төр­ағасы Файзулла Абдуллаев сияқты көптеген қа­й­ырым­ды азаматтар­дың тұрақты де­меу­шiлiгi де бiзден қанат қағып шық­қандардың өмiр­ден өз орындарын табуына септiгiн тигiзiп жатады. Тұң­ғыш сатиралық романның авторы Са­дықбек ата­мыздың елордада тұратын қызы­ның, “Астана-моторс” корпора­ция­­сының салалық директоры Мар­жан­ның бiзге көмегiне ризамыз.Иә, қаршадайынан тағдыр тал­қы­сына ұшыраса да, мемлекет қам­қорлығына алынған бұл балалар бiздiң болашағымыз. Бiз жетiмiн жылатпаған халықпыз, қорғансыз­ға пана болған елмiз. Олар – туған отанымен тағдыры тамырлас ұрпақ.Жеңiс БАҺАДҮР,журналист.Оңтүстік Қазақстан облысы.