• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2012

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың басымдықтары

333 рет
көрсетілді

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың басымдықтары

Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:41

Мемлекет басшысы, Ұлт Көш­бас­шы­сы Н.Ә.На­­зарбаевтың «Қазақ­стан­ның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақа­ла­сында әлеу­меттік саясаттың басты міндетте­рі­нің бірі экономикалық табыстар арасындағы тиімді тепе-теңдікті және қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Осыған байланысты жаңа әлеу­меттік саясат ең алдымен «Жұмыспен қамту-2020» мемле­кеттік бағдарла­масы мен 2010-2014 жылдарға­ арналған үде­мелі индустрия­лық-инновациялық да­му бағдарла­масы шеңберінде экономика­лық белсенді халықты жұмыспен қам­туды қамтама­сыз етуге бағытталған.

 

Сәрсенбі, 29 тамыз 2012 7:41

Мемлекет басшысы, Ұлт Көш­бас­шы­сы Н.Ә.На­­зарбаевтың «Қазақ­стан­ның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жал­пыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақа­ла­сында әлеу­меттік саясаттың басты міндетте­рі­нің бірі экономикалық табыстар арасындағы тиімді тепе-теңдікті және қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Осыған байланысты жаңа әлеу­меттік саясат ең алдымен «Жұмыспен қамту-2020» мемле­кеттік бағдарла­масы мен 2010-2014 жылдарға­ арналған үде­мелі индустрия­лық-инновациялық да­му бағдарла­масы шеңберінде экономика­лық белсенді халықты жұмыспен қам­туды қамтама­сыз етуге бағытталған.

Халықтың әлеуметтік тұрақтылығы, оның әлеуметтік қорғалуы кез келген мемлекеттің экономикасының өркен­деу­­і мен қазіргі заманғы демокра­тия­лық қоғам дамуының ажырамас бө­лігі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қа­зақстанда мемлекет, бизнес және азаматтар ара­сындағы әлеуметтік қам­сыз­дандыруға жа­уа­п­­кершілікті бөлуді қа­растыратын халықты әлеу­меттік қор­ғау­дың көп деңгейлі жүйесі құрылды.

2005 жылдан бастап Қазақстан Рес­публикасында жұмыс істейтін халық­ты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтанды­ру қоры» АҚ (бұдан әрі Қор) арқылы мемлекет мынадай әлеуметтік тәуекел­дерді сақтандыруды өз мойнына алды:

P еңбек ету қабілетінен айрылу;

P асыраушысынан айрылу;

P жұмысынан айрылу;

P жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу;

P бір жасқа толғанға дейінгі бала кү­тіміне байланысты табысынан айрылуы.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жү­йесін (бұдан әрі МӘСЖ) ұйым­дасты­ру­дың негізіне МӘСЖ қатысудың мін­дет­тілігі, Қордан төле­не­тін әлеуметтік тө­лем­дерді қамтамасыз ету үшін қолданы­латын міндетті әлеуметтік са­қ­тан­дыру туралы Қазақстан Республи­касының заң­на­ма­сын, мемлекеттің кепілдендірілген шараларын сақтау мен орындаудың, жал­пыға бірдей қағи­даттары негізге алынған.

Қордың миссиясы әлеуметтік қатер­лер туған жағдайда әлеуметтік қамсыз­дандырылуға аза­мат­­тардың жауапкер­ші­лігін ынталандыру, МӘСҚ активте­рінің тұрақтылығы мен халық­тың қана­ғаттандырылуын қамтамасыз ету мақ­сатында оны толыққанды басқару болып табылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жү­йесінің басымдығы сонда, егер эконо­микалық белсенді халық өзінің еңбек қызметін жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек шарттары негі­зінде неғұрлым көбірек жүзеге асыратын болса, соғұрлым олар міндетті әлеу­меттік сақтандыру жүйесімен көбірек қамты­ла­тын болады. Төлем төлеушінің (жұмыс беруші және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға) өзінің жалдамалы қыз­меткерлері үшін ай са­йынғы әлеуметтік аударымдарды Қорға уақытында және толық төлеу жөніндегі жауапкершілігі заң­да қарас­ты­рылған. МӘСЖ қатысу­дың ынтымақты қағидаты ескеріле оты­­рып, тек әлеуметтік тәуекел жағдайы ту­ған қыз­меткерлер ғана Қордан әлеу­мет­тік төлем алушылар болып табылады.

Экономикалық белсенді халық са­нының өсу динамикасынан 2011 жылы бұл көрсеткіш 2005 жылмен салыс­тыр­ғанда 11,4%-ға артқанын көре­міз. Осы кезеңде МӘСЖ қатысушылар санының өсуі 53 % құрады (1-кесте). Осылайша жалдамалы қызметкерлер – 100% және жеке кәсіпкер ретінде са­лық органдарында ресми тіркелген өзін-өзі жұмыс­пен қамтығандардың 9%-ы міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтылды.

Әлеуметтік сақтандырудың халық­аралық тәжірибелерінен міндетті сақ­тан­дыру жарналары төленетін табыстар мөлшеріне нақты шектеулер заңнама­мен белгіленетінін атап өткен жөн. Бұл сақ­тандырылған табыстан жоғары табысты халықтың өзінің болашақтағы әлеу­меттік тәуекелдерін жеке өмірді сақтан­дыру компанияларында ерікті сақтанды­ру мүмкіндіктерінің болатын­ды­ғымен және сақтандыру жағдайы туған қыз­меткердің сақтандырылған та­быс шегін­дегі төлеммен қамтамасыз етілетінді­гімен байланысты белгі­лен­ген.

Сонымен бірге, Қазақстанда тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы ҚР Заңымен белгіленген тө­мен­гі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) он еселенгенмөлшері деңгейінде ай са­йын­ғы әлеуметтік аударымдар жүргізі­летін та­быстың ең жоғарғы мөлшері Заңмен айқындалған. 2012 жылдың 1 қаңта­ры­нан бастап 10 ЕТЖ = 174 390 теңге.

Ресей Федерациясында Әлеуметтік сақтан­дыру қорына міндетті сақтан­дыру жарналары төленетін жылдық табыстың мөлшері жыл сайын заңмен белгіленіп отырады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл көрсеткіш жылына 512 000 рубль деңгейінде немесе айына 42 664 рубль мөлшерінде (199 652 теңге мөл­ше­рінде) белгіленген (2-кесте).

Жұмыспен қамтылған халықтың құ­рылы­мы­нан Қазақстандағы жұмыс іс­тей­тін халықтың 98,4 %-ы үшін жұмыс берушілер 10 ЕТЖ ше­гін­дегі табыстан ай сайынғы әлеуметтік аударымдар тө­лейтінін атап өткен жөн (1-диаграмма).

2005 жылдан бастап 2012 жылдың 30 маусымы аралығында Қордан төлен­ген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 240,5 млрд.теңгені құрады (2-диаграмма). Әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі 93 %-ын немесе 222,7 млрд.теңгені ана мен баланы қолдау құрайды. Қордан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айрылуы жағдайына төле­нетін әлеу­мет­тік төлемдер тек жүктілігі және босануы бойынша уа­қытша еңбекке жарам­сыз­дық парағы негізінде жұмыс орнынан демалыс бе­рілген жұмыс істейтін әйел­дерге таға­йын­да­лады.

Елімізде бала туудың оң динамикасы байқа­ла­ды. Сонымен бірге 2008 жылдан бастап бала туу қарқыны төмендеуде, ал Қордан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айрылуы жағдайы­на әлеуметтік төлем алушылар саны керісінше, артуда (3-диаграмма).

Әлемдік қаржылық дағдарыс жағда­йында көп­теген елдерде әлеуметтік қам­сыздандыруға шығындар қысқарып жат­қанда, Қазақстанда зей­нетақылар мен жәрдемақылар және Қордан әлеу­меттік төлемдер уақытында төленіп отырды.

Сонымен қатар сатып алу қабілет­тілігін сақтау үшін ҚР Үкіметінің ше­ші­мімен жыл сайын еңбек ету қабіле­тінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты ұзақ мер­зімді әлеуметтік төлемдердің мөлшер­ле­рі арттырылып отырады. Мысалы, 2012 жыл­дың 1 қаңтарына ұзақ мерзім­ді әлеу­меттік төлемдер 7 %-ға арттырылды.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінде әрбір экономи­ка­лық және әлеуметтік қатынастар субъ­ек­тісі өз мүдделерін жүзеге асырады:

1. қызметкерлер (және олардың от­ба­сы мү­ше­лері) табыстарын жоғалтқан жағдайда ынтымақты сақтандыруға үміт арта алады (ауру, жазатайым оқи­ғалар, жұмыссыздық, босануына және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне);

2. жұмыс берушілер жалдамалы қыз­­мет­керлері үшін ай сайын әлеу­меттік аударымдар төлей отырып, әлеуметтік те­пе-теңдікті қалып­тас­тыруға жауапты болады және осындай тә­уекелдерді қайта­ру­ға жұмсалатын шығындарды азайтады;

3. мемлекет сәйкесінше заңнамалық актілерді қабылдай отырып, міндетті әлеуметтік сақтандырудың параметр­лерін жетілдіреді және сол арқылы әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына септігін тигізеді.

Қор қызметінің стратегиялық ба­ғыт­тары міндетті әлеуметтік сақтанды­ру­дың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік мақсаттарға жету үшін және әлеуметтік сақтандыру мен әлеу­меттік ынтымақтастықтың жалпыға белгілі әлемдік базалық қағидаттарын қолдана отырып, теңдестірілген шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

Бүгінде, әсіресе әлемдегі экономи­калық өсім мен адамдардың материал­дық әл-ауқатына қауіп төндіретін жаһандық қаржылық дағдарыс кезінде, әлеуметтік қамсыздандырудың адамзат дамуындағы рөліне ешкім де күмән келтіре алмайды.

Мемлекет басшысының жыл са­йын­ғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауы аясында қабылданатын әлеу­мет­тік-экономикалық бағдарламалар ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсар­туға, масылдықты болдырмайтын, әлеу­меттік тұрақтылықты нығайтуға, халық­ты атаулы және тиімділікке негіз­делген елдегі әлеуметтік қорғау жүйе­сін жетілдіруге бағытталған.

Алмас ҚҰРМАНОВ,

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры»

АҚ президенті.