• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2012

Дүбірге толы дүние

350 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Жұма, 6 қаңтар 2012 7:21

ДІННІҢ ХАЛЫҚТЫ БӨЛГЕНІ ЖАМАН

Жаңа жылды Ирак халқы лаңкестік жарылыстармен, жазықсыз жандардың жапа шегуімен қарсы алды. Оны жасап жатқандар кім дегенде, бір жақты кінәлау қиын: исламның екі тармағы – шииттер мен сүнниттердің арасындағы қақтығыс.

 

Жұма, 6 қаңтар 2012 7:21

ДІННІҢ ХАЛЫҚТЫ БӨЛГЕНІ ЖАМАН

Жаңа жылды Ирак халқы лаңкестік жарылыстармен, жазықсыз жандардың жапа шегуімен қарсы алды. Оны жасап жатқандар кім дегенде, бір жақты кінәлау қиын: исламның екі тармағы – шииттер мен сүнниттердің арасындағы қақтығыс.

Мұны атамзаманнан келе жат­­қан тартыс де­се болғандай. Көпшілік шиит­тердің (60 пайыз) билікте аз­шылық сүн­нит­терге (37 пайыз) есесі ке­тіп жүр­гені бел­гілі. Күні кеше елге АҚШ күштері басып кіріп, Саддам Хусейнді тақтан тайдыр­ғаннан кейін шииттер есесін қайтармақ оймен белсенді әре­кетке көшкенде, бұл кәдімгі елдің екіге бөлінуіне айналды. Шииттер мен сүнниттер кезек-кезек бір-бірлеріне лаң­кестік әрекеттер ұйымдастырды.

Бұл ретте жұрттың есінде айрықша қалғаны 2006 жылғы шииттердің қасиетті мешіті әл-Асхардағы жарылыс болды. Бұл екі діни тармақтың арасындағы жағдайды барынша шиеленіс­тірді. Оны бетімен жібермей, америкалықтар жағдайды бақы­лауда ұстады.

Міне, енді америкалықтар, президент Барак Обаманың сайлау алды уәдесіне сай, Ирактан кеткен кезде жағдай күрт өзгер­ді. Әсіресе шииттер жағдайды өз ыңғайына бұруға күш салып жатыр. Мұның бір мысалы – сүн­ниттік вице-президент Тарик әл-Хашимидің қудалануы. Ол билік­тен қашып, елдің Күрдстан аумағын паналады. Елдегі екін­ші адам қудаланып, бас сау­ғаласа, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін аңғаруға болады. Оған лаңкестік әрекеттер ұйым­дас­тырды деген айып тағылып отыр.

Премьер-министр Нұр әл-Малики өзінің сүннит орынбасары Салық әл-Мутлахты босату жөнінде шешімдер қабыл­дапты. Ал белгілі шиит көсемі, кезінде «Магди әскері» дейтін құрылымға ықпалы жүрген Мух­тада ас-Садыр парламентті таратып, жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр. Ондағы ой: қа­зір қалыптасып отырған жағ­дай­да шииттер өз­дерінің пар­ла­менттегі орнын көбейте алады. Ас-Садыр сүн­ниттермен ашық соғысқа шығуды да насихаттап кел­ген. Оның пі­кі­рінше, бұл аме­рикалықтар елден толық кеткен соң жүзеге аспақ.

Мұндай жағ­дайда ел бөл­шек­тенеді. Үлкен кү­рес мұнай­лы ай­мақ үшін болмақ. Шиит­тердің жобасы бойынша елдің оңтүстік мұнайлы аймағында Араб Шиас­таны дейтін тәуелсіз мемлекет құрылмақ. Астанасы – Басра қаласы. Шын мәнінде бұл жүзеге асса, сүнниттер үлкен мұнайдан шеттетіледі, сонда олардың рөлі де төмендейді.

Елдегі конфессияаралық шие­­­­леніс осылайша байлық үшін күреске ұштасады. Бұл – шииттер мен сүнниттердің ара­ қатынасы бұрынғыдан да шие­­ленісе түседі деген сөз. Бұл алдағы уақытта жаңа қақты­ғыстарға соқтырады.

Бұл шиеленіске сыртқы күш­тердің қатысуын сарапшылар заң­ды санайды. Ең алдымен, ол мұнайға қатысты. Оны тұтына­тындар көп, өңкей алпауыт елдер. Олар сол мұнайды дау-дамайсыз алғысы келеді. Сондық­тан да бұл елдегі шие­леністі реттеуге араласады. Екін­шіден, бұл елді бүл­діріп отырған діни қақтығыстарды одан әрі өрші­туге мүдделілер де сыртта жетер­лік. Әсіресе, Иран­ның бұл елдегі шииттерге қолдау көр­сетуі сонау Саддам Хусейн кезі­нен бері елдегі жағдайды ушықтыруға қатты ықпал етті. Сонымен бірге, АҚШ пен Иран арасындағы қайшылық та бұл мәселеге өз ықпалын тигізеді.

 

БҰЛ ЕЛ ҚАРУЛАНУҒА КӨП КӨҢІЛ БӨЛЕДІ

Жаңа жылдың алдында Ресей ақпарат құралдары Дмитрий Рогозиннің вице-премьерлікке тағайындалғанын, оның президент Медведев пен премьер-министр Путиннің қабылдауында болғанын жарыса жазды. Мұның жай ғана тағайындау емес, айтарлықтай саясат та екенін аңғаруға болғандай.

Рогозиннің үкі­метке кел­ге­ні, оның әскери-өнер­кәсіптік кешен (ӘӨК) мә­селелерімен айналысатыны жө­ніндегі ақ­па­ратқа айрықша мән бе­ріліп отыр. Оны басқалар білуге тиіс. Шет ел­дегілер де, елдің ішін­дегілер де. Шет елдегілер, алдымен әскери оппоненттер саналатын АҚШ пен НАТО елдері, Ресейдің қару-жа­рағын күшей­тіп жатқанын, онымен ойнауға болмайтынын білуге тиіс. Ал ел ішіндегілердің де Ресейдің әс­кери күш-қуаты артып, бұрынғы кездердегі даңқы қайта оралады дегенді жек көрмейтіні даусыз. Бұл алдағы сайлау үшін де қажет-ақ.

Әйтпесе, кім вице-премьер бол­май жатыр, тіпті Ресейдің бірінші вице-премьері кім еке­нін біреу білсе, біреу білмейді. Ал енді бұдан былай Ресейде Дмитрий Рогозиннің вице-премьер екенін және ол әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытатынын білетін болады. Бұл кеңінен жарнамаланды. Әскери-өнер­кә­сіп­тік кешен де, онымен айналысатын адам да бұл ел үшін енді айрықша мәнге ие.

Неге Рогозин? Ол – барлық жағынан осы орынға лайық адам. Біраз жылдан бері Ре­сей­дегі саяси күштер күресінде ол ұлтшыл-патриоттық күштер­ге же­текшілік етті. Ресейдің әскери тұрғыда күшті болуын, елде орыстардың орны ерекше болуын бағдарлама етті. Сол ұранмен Мемлекеттік думаға өтіп, оның басшы құрылым­да­рына сайланды. Басқа елдермен келіссөз­дер­ді, жалпы сыртқы саясатты күш көрсету тұрғы­сынан жүргізуді жақтады. Сол үшін де ол Ре­сейдің НАТО-дағы тұрақты өкілі болып та тағайындалды.

Ресей осы адамды жі­бе­руі­нен-ақ НАТО-мен біраз мә­се­леде келісімге құ­лқы жоқ­ты­ғын аңғартқан. Рогозин – ың­ғай­ға жығыл­май­тын, мәмі­ле­ге бармайтын адам. Ол Медведев пен Путиннің әр кездердегі айтылған қатқылдау пікірле­рі­нен айныған жоқ. Сондықтан да НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тоңы жібімеді.

Мәскеу батыспен күш талас­тыруды қалады. Өткен жылғы қарашаның ортасында Д.Рогозин «Известия» газетінде мақа­ла жариялап, ӘӨК-тің мәселе­лерін қозғады. Біраз реформа­лық бастамалар ұсынды. Соның әсері болса да, жаңа жылдан тура бір апта бұрын ол вице-премьерлікке тағайындалды. Ел­­дің қазіргі президенті де, болашақ президенті де елдің әскери-өнеркәсіптік кешенін дамытуда оған үлкен еркіндік беретіндіктерін мәлімдеді.

Осы саланы басқарған бұ­рынғы вице-премьер (С.Иванов президент әкімшілігінің жетек­шісі болып өсіп кетті) ӘӨК-мен қатар, көлік, байланыс, космос­тық бағдарламаны алып жүрсе, енді азаматтық салалар басқа вице-премьерлерге таратылып, Рогозин тек әскери-өнеркәсіптік кешенмен тікелей айналысатын болады. Енді мемлекеттік қор­ғаныс тапсырысы бірінші кезекке шығады. Ол бүкіл эконо­миканың флагманына айналуға тиіс. Жалпы қарулану жүйесін қайта құ­руға 3 триллион рубль қаржы белгіленіп отыр. Орасан қаржы.

Оны Ресей экономикасы кө­тере ме? Оңай болмасы анық. Қаншама байлығы бар дегенмен, Ресей экономикасы әлем­нің жетекші елде­рінен айтарлықтай төмен.

Мамадияр ЖАҚЫП.