• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2019

Рудныйда бокстан Ғазиз Байтасов пен Владимир Кривцовты еске алуға арналған турнир өтуде

703 рет
көрсетілді

Әр түрлі салмақ категориясындағы 100-ден аса жасөспірім қатысқан бокс турнирі халық батыры Ғазиз Байтасов пен Рудный қаласындағы бокс спортының іргетасын қалаған Владимир Кривцовты еске алуға арналды. Рудный қалалық полиция басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың өзі осы турнирдің өтуіне бастамашы болыпты.

«Елбасы Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып аталды. Полицейлердің басым көпшілігі жастар. Сондықтан саламатты өмір салты тіртіп сақшыларының күнделікті тіршілігіне айналуы керек. Ерлікпен қаза тапқан әріптестер әрдайым полицейлердің де, елдің де жүрегінде сақталады» деді Әлім Бажықбаев.

Үш күндік турнирге 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер 15 салмақ категориясы бойынша қатысып жатыр. Турнирдің ашылу салтанатында спортшыларды «Динамо» бірлестігі төрағасының орынбасары Виктор Чернявский, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтуршысы Владимир Шайрер, Владимир Кривцовтың қызы Лилия Кривцова құттықтады.

Жарыс аяқталған соң жеңімпаздар «Үздік техникасы үшін», «Жеңіске құлшынысы үшін», «Турнирдің үздік боксшысы» атты үш аталым бойынша марапатталады. Турнирдің алғашқы күні-ақ Дархан Даңғылов, Александр Василенко, Болат Тұрсынбаев, Ринат Қабдыуәли, николай Сливин, Шыңғыс Әбеновтердің қимылы көрермендердің де, қазылардың да назарын аударып үлгерді.  

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай