• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Наурыз, 2019

Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

1150 рет
көрсетілді

Хакерлік шабуылдан Астана әуежайының сайты уақытша қолжетімсіз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 3 наурызында сағат 00:37 минутта Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт уақытша қолжетімсіз болды. Шабуылдың жасалғаны Талдау және кибершабуылды зерттеу орталығының WebTotem мониторингтік жүйесі арқылы анықталды», -делінген хабарламада.

Комитеттің мәліметінше, әуежай сайты таңғы 10 сағат 20 минутта қайта қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істеді. Шабуылдың әсерінен сайттың тек онлайн-тақтайшасы ғана қолжетімсіз болды, келеңсіздік әуежайдың жұмысына кедергі келтірмеді.