• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2019

Әли Бектаев: Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту маңызды

1205 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев съезде әлеуметтік саланы дамытуға, көп балалы аналарды қолдауға, ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға арналған ауқымды бағдарламалық доктринамен таныстырды.

Жалпы бағдарламаға байланысты айтар болсақ, ауылды дамыту деген үлкен мәселе екені анық. Сондықтан «Ауыл» партиясының төрағасы ретін­де «Нұр Отан» партиясы­ның съезін­дегі қабылдан­ған бастамалардың бәрі біздің де ойымыздан шық­қанын айт­қым келеді. Себебі оның бәрі халықтың тұрмыс-тір­ші­лі­гіне тікелей қатысты, ел­дің әл-ауқатын арттыруға, әлеу­меттік жағдайын жақсартуға ар­налған мәселелер.  

Біз үшін ең бастысы  – ауыл­дар­ды сақтап қалу. Қазіргі уақыт­та 7 мыңнан астам ауылды бөліп алып, соларға инфра­құ­ры­лымдық жағдай жасай отырып, ауылдағы азаматтарды тұрақтандыру өте маңызды екені даусыз. Халықтың барлығы қалаға көше бермей, ауылда тұрақтанса – нұр үстіне нұр. 

Елбасы жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін баса айтты. Әрине, бүгінгі таңда ол үшін жаңа кәсіпорындар ашылуы керек. Ауылды біз эконо­ми­ка­ның негізгі драйверіне ай­на­­лады деп отырмыз. Себе­бі ауыл шаруашылығы өнім­дері­нің 29 пайызы ғана бүгінгі таң­да қайта өңделеді. Сол ауыл шаруа­шылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын құруға қыруар уақыт, қомақты қаражат, ауқымды жұмыс жасалуы қажет. Егер сол кәсіпорындар жұмысқа кірісетін болса, көптеген жұмыс орындары ашылады. 

Одан бөлек, ауыл мектеп­тері­нің, денсаулық сақтау меке­мелерінің жағдайын жақсарту да зор ма­ңызға ие болып отыр. Осы мәселелерге баса назар аударылып, жұмыс нақты жасалатын болса, ауылдан ел көшпейді. 

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты