Ақтауда «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара мақсаты - жол жүру ережелерін және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу және анықтау.
2 наурыз күні іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 53-тен астам қоғамдық тәртіпті бұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Есірткі және психотропты затты тарату дерегі анықталды, бұл дерек Жаңаөзен қаласы ПБ СДТБТ-не тіркелді. ЖПШ кезінде жол полиция ротасының қызметкерлерімен 25 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 20 автокөлік айыптұраққа жабылды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жылдамдықты сақтау, қауіпсіздік белдікті қолдану және жолға назар аударуына шақырды. Құрылыс нысандарын тексеру барысында Жаңаөзен қаласында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 Өзбекстан республикасының азаматтары анықталып, ұсталды. 127-ден астам қару иелері тексеріліп, иелерімен ҚР заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторларымен қолайсыз отбасылар мен есепте тұрған балалардың ата-аналары тексерілді. Есептегі тұлғалар жағынан құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жандандыру, қайталанатын қылмыстықтың алдын алу, ІІО-ның есебінде тұрған тұлғаларды мекенжайы бойынша тексеру, сондай-ақ анықтау және есепке қою жұмыстары жүргізілді.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Egemen Qazagstan»
Маңғыстау облысы