• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Наурыз, 2019

Отандық сән әлеміне жаңа есімдер қосылады

1142 рет
көрсетілді

Отандық дизайнерлерге арналған «ALTYN OIMAQ» байқауы арқылы киім өндірушілер мен дизайнерлер арасында кәсіби диалог алаңы құрылмақ.

«Зияткерлік, спорттық және шығармашылық болсын, кез келген саладағы байқаулар, біріншіден, ең үздікті анықтау үшін, екіншіден, байқаудың ең жас әрі ісін енді бастап жатқан қатысушылары үшін кәсіби мамандардың арасына түсуі үшін өткізіледі. Дизайнерлер үшін бұл байқау өз брендін ілгері жылжыту және бизнесінің ауқымын кеңейту үшін әлеуетті серіктестерді іздестіру үшін жақсы мүмкіндік» деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

«ALTYN OIMAQ» байқауының мақсаты - ұлттық брендтегі киім-кешектер мен әшекейлерді қалыптастыру және оларды кеңінен таныту, жаңа есімдер мен брендтерді таныстыру және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту және сұранысты ынталандыру.