8-10 наурыз аралығында Мароккода дзюдодан кезекті Гран-при бәсекесі аяқталып, әлемдік рейтинг жаңартылды деп хабарлайды Olympic.kz.
Марракеш татамиінде жүлдеге іліккен қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартты. Атап айтар болса, 66 келіде қола жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов 11-ші орыннан 8-ші сатыға, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 51-ші орыннан 27-ші орынға көтерілді.
Әлемдік дзюдо федерациясының ережесі бойынша, Гран-при жеңімпазына 700, күміс жүлдегерге 490, қола медаль иегеріне 350 ұпай беріледі.
Ерлер арасындағы әлемдік рейтинг:
60 келі
Елдос Сметов – 6 (4180)
Ғұсман Қырғызбаев – 10 (3229)
66 келі
Ерлан Серікжанов – 8 (3490)
Елдос Жұмақанов – 12 (3090)
73 келі
Жансай Смағұлов – 12 (3024)
81 келі
Дидар Хамза – 15 (2653)
90 келі
Ислам Бозбаев – 10 (3392)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев – 27 (1392)