• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Наурыз, 2019

Сенаторлар Қостанай ауданында ауыл шаруашылығы мамандарымен кездесті

868 рет
көрсетілді

Сенаторлар Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Қостанай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті. Кездесу аясында сенаторлар «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасының негізгі тапсырмаларын түсіндірді. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Диқандар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені бағдарламаларына өзгерту енгізу және субсидиялау мәселелері бойынша ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі, диқандардың көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы мәселелері талқыланды.

Депутаттар өңірдегі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығын атап өтті.