• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Үкімет 12 Наурыз, 2019

А. Мамин еліміздегі Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі А.Бородавкинді қабылдады

952 рет
көрсетілді

Кездесу барысында ҚР мен РФ-тің екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

А. Мамин мен А. Бородавкин Астанада биыл мамыр айында ЕАЭО мерейтойлық саммитін, күзде Омбыда Қазақстан мен Ресейдің XVI аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу жоспарларын қарады. Бұдан өзге, «Байқоңыр» кешені бойынша өзара іс-қимылдың бірлескен әдіс-тәсілдері, соның ішінде Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту, «Бәйтерек» жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның Ресеймен ынтымақтастығы еліміздің сыртқы сауда қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Инвестициялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі сақталған, белгіленген міндеттерді табысты іске асырудың қажетті әлеуеті бар.