• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Наурыз, 2019

Адам капиталы дамитын болады

1296 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы съезіндегі билік ұсыныстары әлеуметтік саладағы басты сұрақтарға жауап берді. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, соңғы 1-2 жыл ішінде эконо­микалық ахуалдың нашарлауына байланысты халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендеген болатын. 

Сауалнама барысында тұ­тыну тауарлары баға­сының артуын қазақстан­дықтар жиірек алға тартатын болды. Бұл мәсе­лені ресми статистика да көр­сетіп отыр. Елімізде орташа есеп­­пен алғанда, әр отбасы табы­­сы­ның жартысына жуығын азық-тү­лікке жұмсайды. Ал Еуро­па елдерінде бұл көрсеткіш 20-30 пайыздан аспайды. Нәти­же­сін­де қоғамда әлеуметтік саясат­ты өзгерту бойынша талап күшейді. 

Осы орайда мемлекет тарапынан әлеу­меттік аз қорғал­ған топтарға қа­тыс­ты көмек­ті арт­­тыру туралы шешім қ­а­был­­­данды. Бұл – көп бала­лы отба­­­сы­ларға берілетін жәр­демақының көле­мін көбей­ту және пайыздық жар­насы төмен арнайы ипоте­ка­лық бағ­дар­ламаларды қолға алу. Сонымен қатар шағын қала­лар мен ауылдардағы әлеу­мет­тік ин­фрақұрылымды салу жұ­мыс­та­ры жалғасатын болады. Бұл ай­­мақтар арасындағы дисбаланс­ты төмен­детуге ықпал етуі тиіс. 

Жалпы алғанда Қазақ­стан­­ның әлеу­меттік сая­саты­ның өз­геруі мем­ле­кеттің адами ка­­питалды дамы­тудағы рөлі­­­нің арт­уын біл­ді­ре­ді. Бүкіл­әлем­дік банк сарап­шы­­ларының айтуынша, да­мыған елдердегі ең басты байлық – бұл білімді, дарынды және кәсіби дағды­лары жетілген адамдар. Бұған қол жеткізудің бірден-бір жолы – білім, денсаулық және жас мамандарды қолдауға инвестиция салу. Дәл осы бағыттар бойынша билік тарапынан алда­ғы уақытта жұмыс қарқыны күшеюі тиіс.

Серік Бейсембаев,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы