Жұма, 10 тамыз 2012 19:43
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) Сирия шиеленісін реттеу жөніндегі арнайы өкілі Кофи Аннанның 2012 жылғы 31 тамыздан кейін мерзімді уақыты біткен соң, қызметінен кететіні туралы мәлімдемесі түрлі тұрғыдағы әңгімелерге арқау болып отыр.БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун оған қатты өкініш білдірді. Біреулер оның миссиясының күні бұрын сәтсіздікке ұшырайтыны белгілі еді деп табалағандай пікір айтып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, біреулер өкінсе, біреулер қуанғандай. Кофи Аннанның миссиясы, ол ұсынған бітімгершілік жоспары, бар тараптан қолдау тапқанда, шиеленісті бітімгершілікпен шешуге мүмкіндік бар еді, бірақ бұл мүмкіндік пайдаланылмады. Оған көп кедергі жасалды.

Арнайы өкіл ретінде Кофи Аннан биылғы ақпан айынан жұмысқа кіріскен. Қарсы жақтар тіл табыса алмай жатқанда, арағайындыққа белгілі әлемдік қайраткер, заманымыздың ұлы дипломаты деп сипаттаса да болғандай Кофи Аннанның таңдалуы үміт отын жаққандай еді. Ең алдымен оның халықаралық беделі айрықша рөл атқаруға тиіс еді.Бірақ көңілдегі ой жүзеге аспады. Әңгіме ол ұсынған жоспардың кемшілігінен де емес, кейбіреулердің парасатты қадамға қарсы болатындығында еді. Кофи Аннан, оның командасы шиеленісті реттеу жоспарын жасағанда, өзіне өкілдік беріп отырған БҰҰ мен АМЛ ұстанған бағытты басшылыққа алуы да заңды. Ал бұл бағытқа қарсылар бұрынғы райынан қайтпай, өздерінің аумақтық мүдделерін қорғап, әлемдік парасатты мүддеге қарсы тұрды. Бұл Аннан жоспарын жүзеге асырмады.Өзінің кету себебін айтқанда, Кофи Аннан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері арасындағы бірін-бірі қаралау, кінәлаудың орын алып отырғанына тоқталды. «Біздің миссиямызға қажетті жан-жақты қолдауды мен көре алмадым» деп налыды.Халықаралық қауымдастықтағы ауызбіршіліктің жоқтығы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері арасындағы алауыздық дегенде, сол Кеңес тұрақты мүшелерінің кейбіреулерінің қарсы болуы салдарынан осынау Сирия шиеленісін реттеуге байланысты БҰҰ-ның қарарын қабылдау мүмкін болмағаны жұртқа белгілі.БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы жағдайды реттеуге байланысты пәрменді шаралар белгілеген қарарларын өткізе алмағаннан кейін ондағы парасатты ойларды жүзеге асыруды осы Кофи Аннанның миссиясына жүктемек болған. Бірақ оған да кедергі жасалды. Өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында Кофи Аннан Мәскеуге екі рет барды. Тіпті РФ президенті Владимир Путинмен де кездесті.Кофи Аннан өз беделі төмендегеннен, таңдаған жолы жаңсақтықтан кеткен жоқ. Парасатты жолға қарсылардың әрекеттерін айыптап кетті. Бұл да қоғамға ой салудың жолы. «Әлемде мен сияқты әпенделер аз емес, содан БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун менен жақсырақ жұмыс істейтін тағы бір адам табар. Сирия дағдарысын шешетін басқа да жол бар шығар», деді ол өз шешімін түсіндіре отырып.Жұрт Аннаннан беделді, одан іскер қайраткер адамның табылатынына күдікпен қарайды. Әңгіме адамның табылуында емес, басқалардың ұсынған парасатты жолға құлақ асуында болып отыр. Кереғарлар, кім келсе де олардың айтқаны өз мүддесіне үйлеспесе, оған қарсы шығады. Содан да Кофи Аннан ісінің жалғасын табуы қиын.
Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».