Үкімет отырысында Министр Б.Сапарбаев ұжымдық еңбек дауларының профилактикасы және алдын алу бойынша жүйелік шаралар қабылдау туралы айтты.
«Еңбек саласындағы қазіргі жағдайды Министрлік Еңбек тәуекелдері картасы бойынша бағалайды, оның шеңберінде мониторингпен тәуекел аймағында орналасқан 100 мыңнан астам жұмыскерлері бар 200-ден астам кәсіпорын қамтылады. Карта нәтижелері жағдайды ай сайын дамытудың мүмкін шараларын ескере отырып, ден қою шараларын қабылдаумен талдау жүргізіледі», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев.
Министр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде соңғы жылдары еңбек жанжалдарының 5 есе төмендегенін айтып өтті.
Аталған бағыттағы жұмысты күшейту үшін Министрлік Еңбек жанжалдарын шешу және алдын алу жөніндегі іс-шараларының жаңа жоспарын әзірледі. Жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың және әлеуметтік әріптестердің еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.Барлық әлеуметтік әріптестердің күшімен жұмыс берушілер мен жұмыскерлерді келіссөздер жүргізу машықтарына және консенсусқа қол жеткізуге оқыту жүргізіледі», деді ол.
Сонымен қатар Министр жұмыс берушілер бірлестіктерінің еңбек дауларының алдын алу бойынша жұмысы барынша белсендендіріліп, жұмыс берушілердің республикалық, салалық бірлестіктері жанында «еңбек омбудсмені» институты құрылатынын атап өтті.
«Жергілікті атқарушы органдар, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер үшін нысаналы индикаторларды анықтау мақсатында еңбек жанжалдарын болдырмау бойынша Сіздің тапсырмаңыз бойынша, Асқар Ұзақбайұлы, 2018 жылы өңірлерде, оның ішінде Сіздің қатысуыңызбен Қарағанды қаласында Форумдар өткізілді», деді Б. Сапарбаев.