• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2012

Обама сайлаушылардың самарқаулығынан қорқады

241 рет
көрсетілді

Обама сайлаушылардың самарқаулығынан қорқады

Жұма, 24 тамыз 2012 7:26

АҚШ-та президент сайлауы жақындаған сайын оған жұрт көбірек назар аудара бастайтыны заңдылық. Әлемдегі ең үлкен елдің басшысына көп нәрсе байланысты. Ол – әлемдік саясатқа ықпал ететін тұлға. Барак Обама қала ма, кете ме, бұл жай жұртты толғандырады.

 

Жұма, 24 тамыз 2012 7:26

АҚШ-та президент сайлауы жақындаған сайын оған жұрт көбірек назар аудара бастайтыны заңдылық. Әлемдегі ең үлкен елдің басшысына көп нәрсе байланысты. Ол – әлемдік саясатқа ықпал ететін тұлға. Барак Обама қала ма, кете ме, бұл жай жұртты толғандырады.

Бұл елде халық ертең көре жатармыз демейді, жұрттың пі­кірі сұралып, үміткерлердің мүм­кін­діктері таразыланып жатады. Сол сауалдаманың нәтижесіне қарай, үміткерлер сайлау алдын­дағы насихат жұмыстарына тү­зету енгізе­ді. Осы айдың басын­дағы Саффолк университеті жүр­гізген зерттеулерге қарағанда, сайлаушылардың 52 пайызы өз дауыстарын Обамаға бер­мек көрінеді, ал оның қарсы­ласы республикашыл Митт Ро­м­нидің үлесіне 45 пайыз тимек. Осыдан бір ай бұрын бұл көрсет­кіштер тиісінше 49 және 46 пайыз еді. Айырмашылық үш пайыздан 7 пайызға көтерілген.Әрине, бұл қазіргі прези­дент­тің жақтастарын қуантатыны анық. Керісінше, республикашы­лардың біраз үнжырғасын тү­сір­гені даусыз. Сөйтсе де, енді Барак Обама­ның ұйқысы тыныш болады деуге әсте де келмейді. Сарапшылар алдағы сайлаудың барысына ықпал ететін біраз факторларға назар аударып отыр. Қатардағы америка­лық­тардың сай­лау кезіндегі көңіл-күйі жағ­дайды күрт өзгертуі әбден мүм­кін. Бұл өзі қазір әлемдік үр­діске айналған жай.Саясатшылар, сарапшылар би­ылғы жылы Сербияда өткен пре­зиденттік сайлаудың нәтиже­лерін ұмыта қойған жоқ. Сайлау алдында қызметтегі президент Борис Тадич­тің рейтингі әлдеқайда жоғары болды. Көп адам оның жеңісіне күмәнсіз еді. Сайлауда оппозиция өкілі Николич жеңіп кетті. Тадичті жақтайтын біраз сайлаушылардың дауыс беруге қатыспауы жағдайды күрт өзгертті. Ал Румыниядағы референдумда сайлаушылардың бел­сен­ділігінің төмен болуы президент Траян Бэсескуді орнында қал­дырды. Дауыс бергендердің 80 па­йызы оған қарсы болғанына қара­май, сайлаушылардың қаты­суы 50 пайызға жетпегендіктен, референдум нәтижесі есепке алынбады.АҚШ-та да осындай жағдай қалыптасуы әбден мүмкін. Рей­тингі жоғары болғанмен, Барак Обама сайлаушыларының бел­сен­­ділігі тө­мен болса, яғни дауыс беруге бел­сенді қатыспаса, жеңіс қар­сыласына қарай ойысуы ық­тимал. Сарапшылар солай дейді. Зерттеуге қара­ғанда, америка­лық­­тардың 40 пайызы сай­лауға қат­ыспайды. Ал сол қатыспай­тын­дардың 43 пайызы Обаманы жақ­тайтындар екен де, 20 пайызы Ро­мниді қолдайтындар екен. Демек, Обама үшін басты қауіп – сай­лаушылардың самарқау­лығы, саяси белсенділігінің төмен болуы.Бұл елде үміткерлердің бе­делін айқындайтын тағы бір көрсеткіш бар. Сауалдамада әдет­­те кімге дауыс бере­тіні сұ­ралса, сонымен бірге, үміт­кердің қайсысын ел басшысы ретінде көргісі келмейтіні де сұралады. Сұ­­рал­ған­дардың 42 пайызы Обаманы ұнат­паймын десе, 48 пайызы Ромниді президент ретінде көргісі келмейді екен.Ендігі бір фактор – прези­денттің серігі кім болатыны. Митт Ромни жақында ғана вице-прези­денттікке конгрессмен Пол Райанды қоса­ты­нын мәлімдеді. Ол – экономист, белгілі саясаткер, бірақ сарапшылар оның Ромниге бедел қоса қоятынына күмәнді. Обама­ның серігі Байден туралы да осыны айтуға болар. Сон­дықтан да екі үміткер тек өздеріне ғана сен­гендері жөн екен. Жұрттың пікі­рін­ше, әзірге Барак Обаманың сенімі күштірек сияқты.Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».