Қазақстан Республикасы бойынша церебралды сал ауруына шалдыққан 26 мыңнан астам бала бар. Балаларды еліміздегі оңалтудан өтуі үшін, ұзын сонар кезекті күтуі керек, ол кезек арасына айлар мен жылдарды салып жылжиды. Кейбір жағдайы бар ата-аналар балаларын шетелге жіберіп жатады. Ал отбасы аз қамтылған, жалғызбасты аналар, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға көмек қолын ұсынатын «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Бұл қордың негізгі күн көріс есебі мемлекеттік бюджет емес, еліміздегі қайырымды жандардың арқасында жүзеге асады.
Қоғамдық қордың қарауында Астана және Шымкент қалаларында 3 оңалту орталықтары жұмыс істейді. Астана қаласында «Қасиетті жол» (2-15жас) және «Балапан» (3 ай- 2 жас) оңалту орталықтары болса, статистика бойынша церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың жоғарғы көрсеткішін көрсетіп отырған еліміздің оңтүстік аймағында Шымкент қаласында «Kzhol Шымкент» (1-15 жас) оңалту орталығы бар.
Орталықтарымызда қала бойынша жақсылық жасауға жаны құмар өз ісінің үздік мамандары жұмыс істейді. Балалармен дефектолог, логопед, трудотерапевт, психологпен қатар бассейн, физиокабинеттері қызмет көрсетеді.
Астанадағы 2014 жылы алғашқы болып ашылған «Қасиетті жол» оңалту орталығы. Биыл орталыққа бес жыл толып отыр. Бес жыл ішінде орталықта оңалтудан 3144 бала өтті. Орталық директоры Айнұр Нұрхожаева: «қаншама бала басын ұстап, төртаяқтап еңбектеп, өздігінен жүре бастаған жетістігін көргенімді, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес» дейді. Балалар мен ата-аналарының ертеңгі күнге деген үмітін оятып, көздеріндегі нұрын жағу жұмысымыздың жемісі.
Орталықта балаларға арналған түрлі мерекелер өткізіліп тұрады, бұл да емдеу шараларының бір түрі дейді мамандар. Ән айтып, би билеу арқылы Бір-бірімен, өз денесімен қарым-қатынас жасап тілін табу болса, баланың қозғалуға шамасы жетпесе басқаларға қарау арқылы көздерімен жұмыс істейді.
Логопед мамандар балаларға тек сөйлеуді емес, дұрыс тамақтанып, оны дұрыс жұтуды да үйретеді. Егер тамақты дұрыс жемей, дұрыс жұтпаса ол асқазан мен тыныс алу мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғады.
Сонымен қатар орталықта инструкторлар әртүрлі ем құралдары арқылы дұрыс және өнімді жұмыс жасап, таэквандо, дзюдо сияқты спорт үйірмелері арқылы балаларды салауатты өмір салтына машықтайды. Балақай спортшылар Жыл сайынғы спартакиадаларға да қатысады. #ҚазақстанЖақсылықЖасайды жобасы аясында еліміздің көптеген қайырымды жандары көмек көрсетуде. Оған мысал ретінде, 8 жасар Акбар Нурлан балаларға арналған «Кубический лабиринт» кітабынан түскен пайданы, біздің қорға аударды. Акбар спортпен, оның ішінде каратэмен шұғылданады. Спорт үйірмесінде, онымен қатар сал ауруына шалдыққан балалар да қатысады. Сол кезде 8 жасар баланың бұндай диагнозбен ауратын балаларды алғаш көруі еді. Кітаптың сатылымынан түскен қаражатты «Қасиетті жол» қайырымдылық қорына аударуының да себебі осы болатын.
«Қасиетті жол» оңалту орталығының тарихының бірінші парағын ашқан Мұса есімді жігіт. Ол орталыққа өте ауыр жағдаймен, гемипарез диагнозымен келді. Оның миына қан құйылып, екі рет ота жасалған. Бірінші отасы 40-нан шықпаған нәресте кезінде жасалған. Бүгінгі күні Мұсаның жағдайы қуантарлықтай, келесі жылы ол мектепке барады. Оңалту жұмыстары кезіндегі Өзінің және анасының күш-жігері мен қажырлы еңбегі арқылы денсаулығы бойынша үлкен жетістіктерге жетті.
Қорыдың бұдан бөлек Астана қаласында «Балапан» ( 3ай – 2 жас) және Шымкент қаласында «Kzhol Shymkent» оңалту орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар бюджет есебінен емес, жақсылық жасауға жаны құмар жандардың көмегінің арқасында жұмыс істейді отыр.