19-20 наурыз күндері Сеулде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Корей үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бастап барды.
Делегация құрамында мүдделі мемлекеттік орталық органдардың, «Қазгеология» АҚ, Қазақстан сыртқы сауда палатасының, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Қазақстан индустриялық даму институты» АҚ, «KazakhInvest» ҰК-ның және бизнестің өкілдері бар.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өз сөзінде Корея Республикасы Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.
«Инвестициялық саладағы ынтымақтастық тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Корея Республикасы Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 13 жылда Кореядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда корейлік капиталдық қатысуымен 516-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналым көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Тауар айналым 2,2 есеге өсіп, 3,9 млрд. АҚШ долларын құрады (2017 ж. – 1,7 млрд. АҚШ долл). 2018 жылы Қазақстан Кореяға экспорт 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Ол 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе жоғары (941,1 мың АҚШ долл.)», - деді Р.Скляр.
Екі ел арасында жалпы сомасы 4,6 млрд. АҚШ доллары болатын 41 Қазақстан-Оңтүстік Корея инвестициялық жобасы бар.
Анықтама: 1,9 миллиард долларлық 19 ірі жоба жүзеге асырылды. (логистика, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, электроника, мұнай-газ өнеркәсібі, ТМК). Жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларына жуық (инженерлік, аспап жасау, электроника, тау-кен және металлургия, инфрақұрылым) 6 бірлескен жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге медицина және фармацевтика, көлік және логистика, прибор жасау, химия өнеркәсібі, геология, металлургия және ақпараттық коммуникациялық технология салаларын қамтитын жалпы құны шамамен 1 млрд. АҚШ доллары болатын 16 перспективалық бірлескен жобаларда өзара мүдделілік пен ынтымақтастық болашағы байқалады.
Сондай-ақ министр қазіргі уақытта корей бизнесі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Бұл еліміздің тартымды инвестициялық климаты (инвестициялық жобаларды іске асыру үшін арнайы преференциялар мен жеңілдктер қарастырылған), Корей азаматтары үшін Қазақстанда визасыз режим және тікелей әуе қатынасы орнаған. Бұл шаралар іскерлік байланыстарды нығайтуға және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстарды дамытуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, құзыреттілік беру саласында DaewooBusGlobalCorporation, Hyundai, Kia, SsangYong, LG компанияларымен ынтымақтастықтың жарқын дәлелі бар.
Оңтүстік Корея президенті Мунның Қазақстанға жасайтын сапары аясында Алматыда жаңа автомобиль зауытының құрылысы басталады.
Жер қойнауын пайдалану саласында ынтымақтасудың перспективасы зор. Министр үкіметаралық комиссия қатысушыларына австралиялық модельге балама жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетуді «Бірінші келеді, бірінші алды» принципі бойынша лицензиялау рәсімін енгізу арқылы қамтамасыз ететін жер қойнауы туралы жаңа Кодекс жайында айтып берді. Ол қатты пайдалы қазбаларға, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және оны цифрландыру, резервтерді бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу, кеніштерді жабылған кезде елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кен орындарын жою туралы ережені нығайту, жер қойнауын пайдалануда қолданыстағы келісім-шарттар тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты маңызды қадамдарды қамтиды.
«Біз табиғи қазбаларды өндіру мен өңдеу, металлургия, мұнай және газ сияқты дәстүрлі салаларда, сондай-ақ, мұнай химия, газ химия, атом өнеркәсібі, жаңартылған энергия көздері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, машина жасау, қаржы, медицина, құрылыс және басқа да жаңа салалар бойынша өзара іс-қимылдың зор перспективасын көріп отырмыз», - деді министр.
Үкіметаралық отырыс аясында тараптар сауда және инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың Жол картасын жаңартуға келісті. Бұл Жол картасына 2016 жылдың қараша айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Кореяға мемлекеттік сапары кезінде Сауда, өнеркәсіп және энергетика, Инвестиция және даму министрліктері (қаз.уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) арасында қол қойылған болатын.
Сондай-ақ Қазақстан тарапы келесі бес жыл ішінде ынтымақтастықтың барлық перспективалы бағыттарын қамтитын «САМАЛ ЖЕЛ» Қазақстан-Оңтүстік Корея жаңа экономикалық ынтымақтастықтың кеңейтілген бағдарлама жобасын ұсынды.
Анықтама: бұл жобаға сауда, энергетика, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инновация және т.б. салалар кіреді.
Кездесу барысында тараптар осы құжаттың негізгі ережелерін келісті. Бағдарламаға президент Мунның Қазақстанға сапары кезінде қол қойылады, деп күтілуде.