• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Қазан, 2012

Қазақстан-Түркия: Стратегиялық серіктес елдер

2698 рет
көрсетілді

Қазақстан-Түркия: Стратегиялық серіктес елдер

Сейсенбі, 9 қазан 2012 7:13

Биыл Қазақстан Республикасы көп­те­ген елдермен дипломатия­лық қаты­на­сы­ның 20 жыл­ды­ғын атап өтуде. Қа­зақстан тәуелсіз­ді­гін жа­рия­лаған сәтте әлемде елі­міздің еге­мендігін бі­рін­ші та­ны­ған және ал­ғашқылардың бірі болып Алматыда елшілігін ашқан Түр­кия­мен дип­ломатиялық қаты­нас­тары­мыз­дың 20 жылдық мерейтойы да атап өтілуде. 

Сейсенбі, 9 қазан 2012 7:13

Биыл Қазақстан Республикасы көп­те­ген елдермен дипломатия­лық қаты­на­сы­ның 20 жыл­ды­ғын атап өтуде. Қа­зақстан тәуелсіз­ді­гін жа­рия­лаған сәтте әлемде елі­міздің еге­мендігін бі­рін­ші та­ны­ған және ал­ғашқылардың бірі болып Алматыда елшілігін ашқан Түр­кия­мен дип­ломатиялық қаты­нас­тары­мыз­дың 20 жылдық мерейтойы да атап өтілуде. 

Осы орайда үстіміздегі жылдың 10-12 қаза­ны күндері өтетін Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың Түр­кияға ресми сапары қарсаңында екі бауырлас ел ара­сындағы байла­ныстардың қазіргі жағдайы туралы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Түрік Респуб­ли­ка­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВҚА бір­неше сауал қойған едік.

– Елші мырза, Қазақстан мен Түр­кия арасындағы 20 жылдық кезеңдегі байла­ныс­тың қазіргі жағдайы туралы не айтар едіңіз?

– Қазақстан мен Түркияның ғасырлар бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы екені баршамызға белгілі.

Түрік Республикасы 1923 жылдан, ал Қазақстан Респуб­ли­касы 1991 жылдан бері тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік сахнада бой көтерді. Алайда, Түркия – ХІІІ ғасырдан бастап Анатолы топырағында орналасқан Осман империясының, ал Қазақстан ХV ғасырда Орталық Азияда қа­лыптасқан Қазақ хандығының заңды мұрагері болып табылады.

Туыс халықтарымыз ара­сын­дағы бай­ланыстар Қазақстанның тәуелсіз ел бо­лып жария­лануы­мен қайтадан жаңа қар­қынмен жаңғырды. 1992 жылғы 2 нау­рыз­да орнатылған Қазақстан мен Түркия арасындағы дипло­ма­тиялық қатынастар осы жылдар ішінде екі бауырлас ел ара­сын­дағы достық пен бірлікке негізделген байланыстардан арна тартып, тұрақ­тылық сипатын­да­ғы стратегиялық әріп­тестік дең­гейіне көтерілді. Қазақстанның егемен ел болып қалыптасып, әлемдік қоғамдастыққа кірігуіне тамыры тереңде жатқан туысқан түрік бауырларымыздың қолдауы мен тілеулестігі де оң ықпал етті.

Осы 20 жылдық мерзім ішінде екі ел арасындағы бауыр­лас­тық және достық қатынастарға қаяу түсірмей, ынтымақ­тас­тық­ты мейлінше жоғары деңгейде дамы­туға күш салынды.

Тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде елдеріміз арасындағы қаты­настар өзара сенімнің биік дәрежесіне көте­ріл­ді. Жемісті ынтымақтастық­тың ай­қын нә­ти­жесі ретінде Қа­зақстан мен Түр­кия ара­сындағы стратегиялық әріп­тестік қаты­настар достық, бауырластық және сын­дар­лы үнқатысу бағы­тында дамуда. Мұ­ның жарқын дәлелі ретінде Қазақстан Респуб­ликасы Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев­тың Түркияға 2009 жылғы қа­зандағы ресми сапары барысында қол қойылған Қа­зақ­стан Республикасы мен Түрік Респуб­ли­касы арасындағы Стра­те­гиялық әріптестік туралы шарт­ты айта аламыз. Бүгінгі күні Қазақстан мен Түр­кияның стратегиялық әріптестігін әлем­дік қоғамдастық та мойындайды.

– Қазақстан мен Түркия­ның көп­жақты ынтымақтас­тығының деңгейін қалай ба­ғалар едіңіз?

– Қазақстанмен тарихи бай­ланысы тереңде жатқан Түркия – бүгінде елі­міз­дің Еуразия құрлығындағы маңызды әрі сенімді әріптесі. Екі ел арасын­дағы екі­жақты қатынастардың қарқынды дамуы, Қазақ­стан мен Түркия ұстанымдарының ұқсас­ты­ғы көпжақты ынтымақтастық мә­селе­ле­рі­нің кең ауқымы бо­йын­ша өз­ара түсі­ніс­тікті қамта­масыз етуге негіз болуда. Бұл ынтымақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақ­тас­тық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мы, Түркі кеңесі, ТҮРКСОЙ және басқа бірлестіктер шеңбе­рінде ойдағыдай дамып келеді. Атап айтқанда, 1992 жылы Қазақ­стан Президенті АӨСШК-ні құру жөнінде бастама жасаған сәттен бері Түркия осы үдерістің белсенді стратегиялық қатысу­шы­сы болып отыр. Оның АӨСШК-ге төрағалығы – екі бауырлас мемлекеттің ын­ты­мағы мен жарастығының жар­қын көрінісі.

Түркия басшылығы Қазақ­станның Түркі кеңесін құру идея­сын іске асы­ру­дағы ма­ңызды рөлін, сондай-ақ Нұрсұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың бастама­сы­мен Түр­кітілдес мемлекеттер ынтымақ­тас­тық кеңесі, Парламенттік Ассамблея, Ақса­қал­­дар алқасы, Астанада Түркі ака­демиясы құрылғанын жоғары бағалайды. Бұл ретте Анкара түркітілдес мемлекеттермен ор­тақ тіл, дін, тарихи және мәдени құнды­лықтарға негізделген қа­ты­настарды одан әрі тереңдетуді және жалпытүркілік интеграция үдерісін нығайтуды құп­тайды.

Қазақстан мен Түркияның өңірлік және халықаралық дең­гейдегі ынты­мақ­тасты­ғының жылдан жылға артуының көр­сет­кіш­тері ретінде Түркияның 2010 жылы ЕҚЫҰ шеңберінде және 2011 жылы Қазақстанның ИЫҰ-ға төр­аға­лы­ғына пәр­менді қолдау көрсетуін атап өту қажет. БҰҰ шеңберінде де сындарлы ын­ты­мақтастық өз жалғасын табуда. Бұдан басқа, Түркия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары уақытша мүшелікке Қазақстанның кандидатурасын қолдай­тын­дығын мәлімдеді. Қа­зақстан да БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесіне 2015-2016 жылдары уа­қытша мүшелікке Түркияның кан­ди­датурасын қолдайтынды­ғын білдірді. Бұл да түбі бір түрік ағайындарымыздың ізгі ықыласының айқын көрінісі.

– Қазақстан мен Түркия арасын­дағы сауда-эконо­ми­ка­лық, инвести­ция­лық қарым-қатынастар туралы ойыңыз­бен де бөлісе кетсеңіз.

– Сауда-экономикалық бай­ла­ныстар екі­жақты ынтымақ­тас­тықтың маңызды аспектісі бо­лып табылады. Халықаралық сараптау-талдау қоғамдастығы бү­гінгі Түрік мемлекетін барынша қарқынды даму үстін­дегі және жаһандық дағдарысты табысты еңсеріп қана қоймай, экономи­када белгілі бір табыстарға қол жеткізген, Еуропадағы экономи­калық ахуалды жан­дандырған қоз­ғаушы күш ретінде сипат­тайды.

Соңғы жылдары табысты жүргізген экономикалық саяса­ты­ның нәтижесінде түрік эко­но­микасы әлемде 16-шы орынға және Еуропада 6-шы орынға көтерілді. Қазіргі таңдағы Түр­кия үкіметінің стра­тегиялық мақ­саты әлемдегі мейлінше бә­секеге қабілетті алғашқы 10 ел­дің қатарына ену болып та­былады.

Түркия – Қазақстанның ай­мақтағы сенімді сауда-эконо­ми­калық әріптесі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2,9 млрд. АҚШ долларын құраса, 2011 жылдың қорытындылары бойынша бұл цифр 3,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айындағы көлем 2,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл тұрғыдан қарағанда 2012 жылғы мамырда өткен Түркия Премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға ресми сапарының маңызы зор болды. Р.Т.Ердоған V Астана экономи­калық фо­румы­на, сондай-ақ Қа­зақ-түрік іскерлер форумына қатысты. Сапар барысында Жо­ғары деңгейдегі стратегиялық ынты­мақтастық кеңесін құруға уағда жасалып, «Жаңа синергия» бірлескен экономи­калық бағдарламасына қол қойылды. Бағ­дарламаны жүзеге асыру үшін тиісті салалар белгіленіп, осы бағытта жұмыстар жүр­гізілуде және оның оңды нә­ти­жесін жа­қын келешекте көреміз деп үміт­тенеміз.

Елдеріміз арасындағы өзара сауданың көлемін ұлғайтуға және сауда-эконо­ми­ка­лық қаты­нас­тарды дамытуға тікелей ық­па­лын тигізетін мейлінше ма­ңызды ба­ғыт­тардың бірі – көлік саласы. Сауда-эко­номикалық ынтымақтастықты дамытуды тежеуші өзекті фактор – жүктердің автомобильдік тасымалдау ар­қы­лы жеткізілуі.

Бұл орайда Қазақстан мен Түркия арасындағы темір жол магистралінің жү­зеге асырылуы – екі ел үшін де аса ма­ңызды. «Түркия – Иран», «Иран – Түр­кіменстан – Қазақстан» және «Карс – Ахалкалаки – Тбилиси – Баку» темір жол­дары магис­трал­дарын салып бітіру Қа­зақ­стан мен Түркия арасындағы сауда айна­лы­мын және Қазақстанның энергия ре­с­урс­тарын әлемдік ры­ноктарға тасы­мал­дауды ед­әуір ұлғайтуға, сондай-ақ та­сы­мал­дау көлемін арттыруға және тарифтерді азайтуға, Каспий аймағы мен Еуропа ара­сындағы тікелей көлік қатынасын қам­та­масыз етуге орасан мүмкіндік берер еді.

Жаңа әуе қатынастарының ашылуы да бауырлас елдердің арасын жақындата түсетін туыс­тық пен достық көпірлері іспеттес ынтымақтастықты нығай­туға, экономикалық ықпалдас­тықты күшейтуге қызмет етері анық. Қазіргі таңда Қазақ­стан тарапы Қазақстан мен Түркия ара­сында 14 рейсті, ал түрік тарапы 12 рейсті орын­дай­ды. 2011 жылғы қыркүйектен бастап «СКАТ» авиакомпаниясы Шым­кент–Ыс­там­бұл–Шымкент бағы­ты бо­й­ын­­ша, сон­дай-ақ түркия­лық «Pegasus Airlines» авиа­ком­паниясы Ыстамбұл – Алматы – Ыстам­бұл бағыты бойынша рейс­терді орындауда.

Экономикалық саладағы әлеуетімізді кеңінен қолдану және тереңдету керек деген пікірдемін. Түрік өнеркәсібінің және, тұтасымен алғанда, эко­номикасын дамы­ту­дың локомотиві болып отырған өнер­кә­сіптік аймақ­тар құруда Түркия орасан зор оң тәжі­рибе жинақтаған. Қазіргі таңда мұндағы 300-ге жуық өнеркәсіптік аймақта 60 мыңдай ірі фабрика, зауыттар орналас­қан. Ал 50 адамға дейін жұмыс істейтін орта кәсіп­орындар саны 300 мыңға жетеді.

Екіжақты қатынастардың одан әрі дамуы түрік бизнесін Қазақстанның ин­дустриялық даму үдерісіне тартуға, түрік тә­жі­рибесін еліміздің өңірлерінде Қа­зақ­стан – Түркия индус­трия­лық аймақтарын құру арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл аймақтарды құру жөніндегі жобаларды іске асыру Қазақ­станның жеделдетілген индус­трия­лық даму бағдар­ламасын іске асыруға едәуір үлес қоспақ.

Қазіргі таңда аймақтарды құру туралы үкіметаралық меморандум мен бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Бұл саладағы басты мәселе – Қа­зақ­стан–Түр­кия индустриялық ай­мақтарын құру жө­нін­дегі тиісті нормативті-құқықтық база­ны жетілдіруді жеделдету. Бұл ай­мақ тү­рік бизнесінің қазақ­стан­дық рынокқа жүйелі түрде кіруіне мүмкіндік береді және біздің еліміздің қолайлы инвести­ция­лық ахуалын жақсартуға қызмет ететін болады.

– Биылғы екі ел арасын­дағы 20 жыл­дық мерейтой шеңберінде ұйым­дас­тырылған сапарлар және үстіміздегі жылы 10-12 қазанда өтетін Ел­басы­мыз­дың сапары туралы да айта отырсаңыз.

– Өзіңіз айтып кеткендей, жаңғырған байланыстарымыз­дың 20 жылдығын тойлау үстін­деміз. Мерейтой шеңберінде бауыр­лас екі ел арасындағы дос­тық пен ынтымақтастықтың ұдайы дамып, нығаюына үлкен септігін тигізген жоғары дең­гейдегі өзара сапарлар ұйым­дастыру жалғасын табуда. Атап айтқанда, жоға­рыда атап өтілген Түркия Премьер-ми­нис­трі Режеп Тайып Ердоғанның мамыр айында өткен Қазақстанға ресми сапары­ның маңызы зор болды. Бұл ресми сапар қазақ-түрік әріптестігінің тереңдеуіне, екі­жақты ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайтуға және қол жеткізілген уағдалас­тық­тарды тиімді жүзеге асыруға жаңа сер­пін берді. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Түркия Ұлы Ұлт­тық Мәжілісінің Төр­аға­сы Жемил Чи­чектің қыркүйек айында өткен Қазақ­стан­ға сапа­ры да өзінің лайықты үлесін қосты.

Ал 10-12 қазанда өтуі жос­парланған Қазақстан Республи­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрік Респуб­ли­касына ресми сапары бауырлас екі ел арасындағы дипломатия­лық қатынас­тар­дың 20 жылдығы шеңберінде ұйымдасты­рылатын жоғарғы деңгейлі сапарлардың қорытындылаушысы болады. Сапар 20 жылдық ынтымақтас­тықтың бүгіні мен келешегін са­ралауға, ынтымақтастыққа жаңа сындарлы серпін беруге, тиімді эко­номикалық қатынас­тарды жан­дандыруға бағытта­лады.

Елбасының сапары барысын­да Стра­тегиялық әріптестік шар­тын жүзеге асы­рудың негізгі тетігі болып саналатын Қа­зақ­стан Республикасы мен Түрік Респуб­ликасы арасындағы жоғары деңгейлі Стратегиялық ынты­мақ­тастық жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өткізілмек. Бұл – өз кезегінде тараптардың екі­жақты және көпжақты пішіндегі ынтымақ­тас­ты­ғының негізгі ба­ғыттарын айқындайтын маңыз­ды шара. Яғни, бұл – ел басшы­лары­ның қатысуымен екіжақты қарым-қатынас­тардың өзекті мәселелері толық талқы­ланады және тиісті шаралар қабыл­данады деген сөз.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия ара­сындағы сыртқы сауда көлемін 10 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту және өзара іс-қимылдың экономика­лық құрау­шысын одан әрі ке­ңей­ту маңызды.

Қазақстанның оң имиджіне ықпал ететін шара ретінде Елба­сымыздың аталған сапары бары­сында Ыстамбұлда Қазақ­стан­ның өнеркәсіптік-индустриялық са­ла­сындағы жетістіктерін көр­се­туге мүм­кіндік беретін көрме ашу жоспарлануда. Бұл көрмеге еліміздің жетекші кәсіп­орын­дары қатысса, ол түрік жұртшы­лы­ғына Қазақстанның экономи­ка­лық жетістіктерін танысты­ру­ға мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанға ірі түрік бизнесін тартуға ықпал етеді деп үміт­тенеміз.

Сонымен қатар, 20 жыл ішіндегі ын­ты­мақтастыққа іскер адам­дарының қос­қан және қоса­тын үлестерін талқылауға мүм­кіндік беретін құрылыс саласы мен құрылыс материалдарының өндірісі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, орман шаруашылығы, тоқыма және дайын киім өндірісі, кеме жасау, мұнай химиясы салала­рында жұмыс істейтін екі елдің 300-ден астам компа­ния­сының қатысуымен бизнес-форум өтеді. Бизнес-форум барысында қазақ-түрік фирмалары арасында жалпы көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларына жететін келісімдерге қол қойылады. Бұл да экономика саласының дамуына, екіжақты инвес­тицияға оң әсер ететін болады.

Саяси және экономикалық қатынас­тар­мен қатар, мәдени-гу­манитарлық сала­да­ғы ынты­мақ­тастыққа да баса назар аудары­ла­ды. Екі бауырлас елдің рухани әрі достық қазығына айналған мә­дени-гуманитарлық саладағы ынты­мақтастық жо­ға­ры қарқын­ды­лығымен сипаттал­ғаны­мен, Түр­кияда көптен бері Қазақ­стан­ның мәдениеті күндері өткі­зіл­меді. Сондықтан да бұл іс-шараны да Елбасы сапарының қарсаңында Ыстамбұл қала­сында өткізуді жөн көрдік. Оның аясында «Алтын адам» экспози­ция­сы, қазақ фильмінің классика­сы саналатын «Тақиялы періште», «Қыз Жібек» секілді фильмдер түрік тіліне дубляж жасалып, көрермендердің наза­рына ұсы­нылады, сондай-ақ Қа­зақстан өнер ше­берлерінің гала-концерті ұйымдасты­рылады.

Елбасы сапары қарсаңын­дағы айтулы шаралар есебінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың таң­дамалы туын­дыларының түрік тілінде шыға­рыл­ған тұңғыш бес томды­ғының, түрік тіліндегі «Балалық шағымның аспаны» фильмі­нің тұсаукесерлерін атап өтер едік.  Аталған шаралар түрік жұртшы­лы­ғына Қазақстан Президентінің қазіргі за­манғы өңірлік және әлемдік үдерістердің мәнін тү­сін­дірудегі үлесін насихаттауға, оны әлемдік деңгейдегі сая­сатшы, түркі әлемі­нің көшбас­шысы ретінде терең тануға мүм­кіндік береді.  Яғни, екі ел байла­ныс­тарының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында жігерлі жұмыстар жа­салуда. Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назар­баев­тың Түрік Рес­пуб­ликасына ресми сапары Қазақстан–Түр­кия қатынас­та­рын жаңа сапалы дең­гейге көтеруге және Қазақ­стан­ның өңірдегі саяси және эконо­микалық мүдделерін одан әрі ілгерілетуге ықпал ететіні анық.

– Елші мырза, Қазақстан мен Түркия арасындағы дос­тық пен ын­ты­мақтастыққа не­гізделген байланыстар ту­ра­лы әңгімеңізге рахмет айта оты­рып, алдағы жұмы­сы­ңыз­ға сәттілік және үлкен табыс­тар тілейміз.

Самат МҰСА,

«Егемен Қазақстан».