• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2012

Дүбірге толы дүние

252 рет
көрсетілді

Дүбірге толы дүние

Жұма, 12 қазан 2012 6:57

Басшылықтың  байсалдылығы – береке басы

Қытайда басшылық өзгереді. Қарашаның басында елдің билеуші партиясы – Қытай Компартиясының ХVІІІ съезі өтіп, онда жаңа Бас хатшы мен партия Орталық Комитетінің саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшелері сайланады. Билік тізгіні солардың қолында болады.

 

Жұма, 12 қазан 2012 6:57

Басшылықтың  байсалдылығы – береке басы

Қытайда басшылық өзгереді. Қарашаның басында елдің билеуші партиясы – Қытай Компартиясының ХVІІІ съезі өтіп, онда жаңа Бас хатшы мен партия Орталық Комитетінің саяси бюросы тұрақты комитетінің мүшелері сайланады. Билік тізгіні солардың қолында болады.

Сайланады дегенмен, олардың кімдер болатыны қазірдің өзінде белгілі. Жұртқа жарияланбаған­мен, шешіліп қойған. Ал ең басты екі қызметтің иелері анық – ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып 59 жастағы Си Цзиньпин, ал үкімет басшысы болып 57 жастағы Ли Цэцян сайланады. Қазіргі басшылық солай шешкен. Партия басшылығының мұндай ұйғарымына ешкім қарсы тұра алмайды. Партияның сөзі – сөз.Мұны демократияға қайшы деп біреулердің даурығуына болар. Бірақ оны бұл елде елейтін ешкім жоқ. Тіпті саяси күштер, яғни саяси партиялар күреске түссін дегенде де, мұндағы Компартияның шаңына ілесетін де ешкім табылмайды. Қатарында 82 миллион мүшесі бар жойқын партиямен тайталасуға ешкімнің шамасы келмейді.Бұл елде барлық мәселе сол партияның мүддесіне сай, соның дегеніне орай шешіледі. Сондық­тан да билік мәселесіне байланыс­ты дау туа қоймайды. Бұл елде Дэн Сяопин орнықтырып кеткен билікті жүйелі түрде бірінен бі­ріне өткізу дәстүрі бар. Уақыты жеткен соң бірінші басшы билік тізгінін өзінен кейінгі мұрагерге ұсынады. Ол адам ұзақ уақыт партия басшылығының назарында жүреді. Оның қарым-қабілеті жан-жақты зерттеледі. Басшылық сол адамға тоқтағаннан кейін барлығы да оны қолдауға міндетті.Бұл дәстүр біраздан бері қатаң сақталып келеді. Міне, енді осылайша биліктің бесінші буыны тізгін ұстамақ. Бұған дейін ҚХР Төрағасы – Бас хатшы Ху Цзиньтао мен премьер Вэнь Цзябао би­лікке осылай келген. Олар эстафетаны Цзянь Цземиньнен алған еді. Сарапшылардың біразы бұл жолы ішкі партиялық күрес айтар­лық­тай қызу болғанын айтады. Мұ­ның өзі біраз шетел ақпарат құ­рал­дарына мағлұм болып отыр.Билік деген кесапат, сірә, мүд­делестердің де, жақынның да арасын ашатын болса керек. Қытай билігінің бесінші буынын анық­тауда күрес үшінші буын мен төр­тінші буынның арасында өткенге ұқсайды. Биліктен кеткеніне он жылдай болса да, Цзянь Цземинь жақтастарының партия басшылы­ғында айтарлықтай ықпалы бар екен, олар жаңа билікте өз адам­дарының болғанына күш салған. Дәл солай қазіргі биліктегі Ху Цзиньтао да өз адамдарының тіз­гін ұстағанын қалады. Бұл күрес соңғы кезге дейін жалғасып, біраз қайраткерлердің аренадан кетуіне де соқтырған. Айталық, мұра­гер­ліктен үміткер болған Чунцин, парткомның хатшысы Бо Силай ақыры партиядан қуылды.Қай бағыт жеңсе де, Қытайдың байсалды саясатқа жүгінетіні анық. Бір кезде әлемді шошытқан «үлкен секіріс», «мәдени революция» дейтіндердің келмеске кет­кен­дері де даусыз. Байсалды даму жолына түсіп, оның жемісін жеп отырған ел бұл бағытын өзгерт­пей­тіні де күмәнсіз. Мұндай бағыт ұстаған алып елмен көрші болу бізге де тиімді. Жақсыдан жаман­дық күтпеген жөн.

 

Ақымақ болу да құптайтын іс емес

Қырғыз ағайындарда тағы бір көңілге қона қоймайтын іс басталып, оның аяғы күлкі тудырғандай жағдайға ұласты. Елдегі жетекші партияның бірі – «Атажұрт» партиясының көсемдері билікке қарсы әрекеттері үшін қамауға алынды.

Күлкілі жағдайды олардың жақ­тастары тудырып отыр. Құқық қо­р­ғау орындары «Атажұрттың» кө­сем­деріне билікке күшпен жеткісі келді деп айып тақса, бұл пар­тия­ның парламенттегі фракциясының хатшылығы депутат Жұлдызхан Жолдошованың сөзін таратты. Депутат ханым өз әріптестерінің әре­кеттерін қолдай қоймайтынын айтып, бірақ бұл әрекеттердің мақ­саты билікті басып алу емес, «тек қана ақымақтау қадам» екенін мәлімдеді. Бұлардың өздері ақы­мақ деп отырса, келіспеуге ама­лың жоқ. Бірақ ақымақ болуды да құптай қою қиын-ау.Сол ақымақ әрекет қалай бас­талған еді? Осыдан он күн бұрын Бішкектің орталық алаңында «Ата­­жұрт» партиясының бір кө­семі Садыр Жапаров митинг өткізіп, онда «Құмтөр» алтын кенішін мемлекет иелігіне алу жөнінде мәселе көтерді. Сонда ғана оның игілігін халық көретінін дәлелдеп бақты. Бұл жиын бір сағаттан кейін айқай-шумен біткелі тұрғанда, қасына біраз мықты жігіттерді ертіп алған партияның бірінші көсемі Қамшыбек Ташиев келген соң, жағдай күрт өзгерді.Өзгергенде, депутат Жолдошо­ваның сипаттамасына сай әрекет­тер басталды. Ташиев мінберге кө­теріліп, билікті алу оншалықты қиын еместігін, бұл үшін мың­да­ған адам емес, шамалы ғана мық­ты жігіттер керектігін айтты. Ол Шыңғыс ханның билікке жетуі үшін 18 ғана жүректі жігіттің жет­кілікті болғанын еске салды. Сөйт­ті де парламентке кіріп, би­лік­ті «Құмтөр» мәселесін шешуге көндірейік, көнбесе өзіміз шеше­­міз, деп қолбасшылық әрекет көр­сетіп, алға ұмтылған. Парламент үйін қоршаған дуалдан бірінші өзі және оның оққағарлары секірген.Бірақ олар ойлағандай үкіметті басып алу оңай болмады. Оған милиция қызметкерлері мен халық жасақшылары жол берген жоқ. Біраз адам ұсталып, милиция бө­лім­шелеріне жеткізілген. Прокуратура қылмыс кодексі бойынша «Билікті күшпен басып алу әре­кеті» бабымен іс қозғады. «Ата­жұрттың» көсемдері бас сауғалап, енді басқаша сайрайды. Өздерінің бейбіт митинг өткізбек болғанын, оған милиция жол бермегенін айтып, шағынып отыр. Халық парламент спикерімен жолығып, «Құм­төрге» байланысты пікірлерін біл­дірмек болған екен. Оған да мүм­кіндік бермеген. Сонан соң дуалдан секіруге мәжбүрлік туған. Тіп­ті өзі депутат болса да, ішке кіре алмаған. Ташиевтің бұл сөз­деріне тағы да Жолдошованың сипаттамасы керек. Біз оны жалған сөз десек, көңілдеріне келуі мүмкін.Қырғызстандағы бұл оқиға біраз тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Жетекші партия саналатын «Атажұрт» партиясының бұл әре­кеттері бұл елде саяси күштердің деңгейі тым төмен екенін, «ба­ла­лық ауруынан» әлі арыла қойма­ғанын аңғартады.Кейбір сарапшылар бұл оқиға­ның артында сыртқы күштердің тұрғанын, оларды Қырғызстанның Ресеймен жақындасуына қарсы­лар қолдайтынын алға тосады. Жетекші саяси партияның қолжау­лық болуына сенгің келмесе де, Жолдошованың сипаттамасына сай адамдардан бәрін күтуге болатындай. Тек осындай саяси күш­тер билікке жетер болса, ел тағ­ды­ры қандай болады деген ой қажайды.Енді бір көңілге қонатын нәрсе – ел үкіметінің орын алған жағ­дайдан абдырап қалмай, байыпты әрекетке көшіп, жағдайды бақы­лауда ұстай алуы дер едік. Премьер-министр Жантөре Сатыбал­диевтің ел тыныштығын бұзатын кез келген әрекеттерге тойтарыс берілетіні жөніндегі мәлімдемесі халықтың еңсесін көтергендей. Тіп­ті осындай сын сағатта ха­лық­тың жасақшылар қатарына қосы­лып, мүмкін болған тосын әре­кет­­терге қарсы күш біріктіруі – жақ­сы­лыққа үміттендіретін жағдай.Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».