• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2019

Ана мен балаға кең ауқымды қызмет көрсетеді

1027 рет
көрсетілді

Еліміздегі әрбір бесінші азамат дүниеге келетін, яғни туу көрсеткішінің деңгейі жоғары Түркістан облысында ана мен баланың денсаулығын қорғау маңызды мәселе. Бұл орайда облыстағы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуы басты назарда. Түркістанда жыл сайын шамамен 1000 медицина қызметкерінің білімі мен тәжірибесін жетілдіретін, жаңа әмбебап озық үлгіге сай оқытатын орталықтың ашылуы сөзімізге дәлел.
Облыстық денсаулық сақтау басқар­масының және БҰҰ Бала­лар қорының (ЮНИСЕФ) ұйым­дас­тыруымен ашылған оқу орта­лы­ғы медициналық қызмет­тің сапасын да бақылап отырады. Орталықтың ашылуы шеңберінде облыс әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі арасында меморандум түзілді. Халықаралық ұйым өкілі Юрий Оксамитныймен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ресурстық орталықтың ашылуы өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. «Балалардың денсаулығын жақсар­ту бас­ты назарда болуы қажет. Бұл бағытта біз қолдан келген көмегімізді аямаймыз. Жақын арада орталық­тың жұмысы өңір­де­гі аяғы ауыр әйелдер мен кішкен­тай бүл­дір­­шіндері бар отбасы­лар­дың денсаулығын, әл-ауқатын жақсарту­ға оң септігін тигізетініне сенім­дімін», деді Ө.Шөкеев. Ал ЮНИСЕФ-тің өкілі екіжақты келісімге ризашылығын білді­ріп, орта­­лықта алдағы уақытта білікті маман­­дар даярланатынын жеткіз­ді. «Бала өмірінің алғашқы жылдары оның физикалық және психикалық денсау­лы­ғының әрі қарай дамуын айқындайды. Баланың миы шамамен 80%-ға үш жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан ЮНИСЕФ аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай бала­­лары бар отбасыларға патро­­наж қызметін көрсететін бағдар­ла­­маларды қолдайды, өйткені кіш­кен­тай балалардың дамуына жәрдемдесу – балалар құқығын жүзе­ге асырудың ең тиімді страте­­гия­­ларының бірі», деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитный.  Білім беру ресурстық орта­лы­ғы аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай бала­лары бар отбасылар үшін озық үлгі­де­гі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді даярлайтын болады. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл ауылдық және қалалық отбасыларға көрсе­­­­тілетін қызметтердің сапа­сы мен халықтың оларға деген қана­ғаттанушылық деңгейін жақ­сар­­­тады. Орталықта меди­ци­на­лық және әлеуметтік қызмет­кер­лер ЮНИСЕФ және ДДСҰ-ның ұсынымдарына сай ерте жастағы балалардың дамуы, дұрыс тамақтануы және оларға қалай қауіпсіз орта қамтамасыз ету керектігі жөнінде заманауи білімдерін жетілдіре алады. Оған қоса, мамандар өз білімдерін тәжірибеде іске асырады, баланың даму бөлмесінде – қандай ойындар оның толық дамуына жағдай жасайтынын зерттейді, асханада – кішкентайларға алуан түрлі және пайдалы тағамдарды қалай дайындау керектігін меңгереді. Сондай-ақ ата-аналармен қалай қарым-қатынас орнатуды және оларға дұрыс тәрбие беру жөніндегі ақпаратты бөлісуді үйренеді. Сапалы білім беретін мекеме­лерді құру, денсаулық сақ­тау жүйе­сі­не қажет­ті ана мен бала­ның денсау­лы­ғын қор­ғай­тын медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің сапасын жақсар­ту­­ды қамтамасыз ету негізгі мақ­­саты саналатын орталық қа­жет­ті құралдармен толық жаб­дық­­талған. ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау және тамақтану бағдарламасының үйлес­­ті­рушісі Қанат Сұханбердиевтің айтуынша, оқу орталығының мамандары халықаралық озық тәжірибелерге сай білім алған. Бұл үлгі 2016-2017 жылдары Қызылорда қаласындағы екі емханада және Жаңақорған ауылында Денсаулық сақтау министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің және облыс әкім­ші­лігінің бірлескен күшімен сәтті жүзеге асырылған екен. Осы тәжірибені ескере отырып, өткен жылдан бастап бұл модель ел бойынша енгізілер аумағын ұлғай­та түскен. Түркістан облысы