• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2012

Президент қарсылығын еңсере алмады

228 рет
көрсетілді

Президент қарсылығын еңсере алмады

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:49

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Конститу­циялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының хаты бойынша қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңа­өзен қаласында бесінші сайланатын және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдағаны белгілі. Онда Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәсе­лелер бойынша жолдаған сұрақтарына сай түсіндірме берді.

Бейсенбі, 12 қаңтар 2012 7:49

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Конститу­циялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының хаты бойынша қолданылып отырған төтенше жағдай кезінде Маңғыстау облысының Жаңа­өзен қаласында бесінші сайланатын және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мүмкіндігіне қатысты өзінің 2004 жылғы 9 сәуірдегі №5 қаулысын түсіндіру туралы қосымша қаулы қабылдағаны белгілі. Онда Конституциялық Кеңес Орталық сайлау комиссиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында республиканың өкілді органдарына сайлау өткізуге байланысты мәсе­лелер бойынша жолдаған сұрақтарына сай түсіндірме берді.

Өйткені, Конституциялық Кеңес сайлау ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне, сондай-ақ сайлау комиссияларының қызметіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдағаны белгілі. Мә­селен, солардың бірі 2004 жылы сәуір айында Мемлекет басшысының өтініші бойынша қа­ралып, бұл өтініште Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы­ның Ата Заңға сәйкестігі туралы мәселе қойыл­ған болатын. Сөйтіп, Конституциялық Кеңестің қаулысымен бұл Конституциялық заң Негізгі Заңға сәйкес деп танылды.Міне, енді, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында енгізілген төтенше жағдай режімімен тұспа-тұс келген бесінші сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын және мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауын дайындау үдерісі Конституциялық Кеңестің аталған осы қаулысын қолданар кезде Орталық сайлау комиссиясында кейбір құқық­тық бағыттарды нақтылау туралы мәселе туындады. Сондықтан Орталық сайлау комиссиясы аталған қаулыға түсінік беру туралы Конс­титуциялық Кеңеске хат жолдап, Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Маңғыстау облы­сының Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай енгізу және оның қолданысын ұзарту туралы Жарлықтарының негізінде Орталық сайлау комиссиясы еліміздің өкілді органдарына депутаттар сайлауын Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында өткізуге құқылы ма деген бірқатар сұрақтар қойған еді.Бұған Конституциялық Кеңес мемлекеттің азаматтардың сайлау құқығы жүзеге асыры­луының тәртібі мен шарттарын айқындап қана қоймай, бұл құқығын өзге де конституциялық құқықтары және бостандықтарымен бірге толық көлемінде өздерінің жеке қауіпсіздігі, сондай-ақ сайлаудың жариялылығы мен бәсекелестігі жағдайында іске асыруын да қамтамасыз етуге тиіс деді. Алайда, төтенше жағдай режімі кезінде жеке және заңды тұлғалардың бірқатар құқықтары мен бостандықтарына уақытша шектеу қолданылатын жағдайда мұндай мақсаттарға қол жеткізу өте қиын. Демек, төтенше жағдай қолданылып отырған кезде ел азаматтарының өз қалауын еркін білдіруін, конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты, Төтенше жағдай туралы заңда тіке­лей тыйым салынғандықтан, төтенше жағдай режімі қолданылып отырған жерлерде сайлау өткізілмейді және осыған сай Орталық сайлау комиссиясы өз құзыреті шегінде Конституция­ның және республика заңнамасының талаптарын жүзеге асыруға қажетті шараларды қабыл­дайды, деп шешімін түйіндеген болатын.Дегенмен, Конституцияның 73-бабының 4-тар­мағында Конституциялық Кеңестің шеші­міне Республика Президенті қарсылық білдіре алатындығы жазылған. Бұл қарсылық Консти­туциялық Кеңес мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсеріле алады. Президент қарсылығы еңсерілмеген жағдайда Консти­туциялық Кеңестің шешімі қабылданбады деп есептеледі. Міне, осыған орай Президент үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында Конститу­циялық Кеңестің аталған қосымша қаулысына қарсылық енгізді, яғни вето қойды. Өйткені, Мемлекет басшысы қабылдаған шешімнің бас­ты мақсаты – Жаңаөзен тұрғындары үшін мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайланудағы өздерінің конституциялық құқықтарын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.Сөйтіп, кеше Мемлекет басшысының аталған қарсылығын Конституциялық Кеңес мүшелері дауысқа салды. Осыған орай Конс­титуциялық Кеңес мүшесі І.Бақтыбаев Консти­туциялық Кеңес Конституцияның 73-бабының 4-тармағын және «Қазақстан Республикасының Консти­ту­циялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы Конститу­циялық заңының 38-бабының 3-тар­мағын басшылыққа алып, Конституциялық Кеңестің 6 қаңтардағы №1 қосымша қаулысы қабылдан­бады деп есептейді және Орталық сайлау комис­сиясының Қазақстан Республи­касын­дағы сайлау туралы «Қазақстан Республика­сының Консти­туциялық заңына өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы» заңын Конститу­цияға сәйкестігі жөніндегі тексеру туралы Консти­туциялық Кеңестің 2004 жылғы 9 сәуір­дегі №5 қаулысына түсіндірме беру жөніндегі өтініші бойынша Конституциялық іс жүргізу қысқар­тылсын деп қаулы етеді, деді. Осылайша Конс­титуциялық Кеңес мүшелері дауыс бергенде Мемлекет басшысының қарсылығы еңсерілмеді.Александр ТАСБОЛАТОВ.