• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Сәуір, 2019

Академиктің 100 долларлық жүлдесі

608 рет
көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» газеті 13 жыл бұрын ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаевтың студенттерді құлшындыру мақсатында байқау жариялағаны туралы хабар әзірлеген еді. Жастар арасындағы бұл жарыстың мәні қаражат көлемінде емес, маңдай термен келген академиктің қолынан алатын жүлдеде болатын.
– Бұл идея менің 50 жыл­дық мерейтойымнан басталды. Содан бері еліміздің түк­пір-түкпіріндегі кәсіпкерлер бұл бастаманы қолдап, де­меушілік білдіруге ниет та­нытты. Жасырған есе­бімді кім шығарса, 100 доллар алады, бір жылда шықпаса, келесі жылы сыйақы құны 200 долларға өседі. Жылдан-жылға сыйақы арта береді. Әзірше, менің жасырған үш жылдық есебімді шығарған бір шәкіртім бар, ол 300 долларға ие болды. Ал 100 дол­лар ұтқан балалар соң­ғы он үш жылдың ішінде өте көп. Бірақ он үш жыл қата­рынан жасырып келе жатқан есебімнің биыл сыйақысы 1300 доллар болды. Қазірше ешкім оны шығарған жоқ. Әр жыл сайын есепке 100 доллардан қосылып отырады. Бұл мен ұсынған өзін­дік ноу-хау, – дейді А.Жұ­маділдаев. 

Ал бұл жолы ҰҒА ака­де­мигі кезекті есебінің ше­шімін тапқан Сүлеймен Де­мирел атындағы универ­ситеттің 1 курс студенті Жә­­ния Кеңесоваға 100 АҚШ долларын ұсынды. Акаде­миктің жасырған есебі – азайту амалының тепе-теңдік дәрежесін есептеу болса, Жәния сол есептің бесінші дәрежелі тепе-теңдігіне шешім тапты. Азай­ту амалының келесі заң­дылығын табуға академик 500 АҚШ долларын тігіп отыр. 

– Мен жастарға тапсырған есептің бірде-біреуінің ше­шімін білмеймін. Сон­дықтан оны жастарға жасырамын. Жалпы, есептің шешімін табуға әрқалай уақыт кете­ді. Жәния Кеңесова бұл есеп­тің шешімін бір апта­ның ішінде тапты. Бірақ жеңілдеу болсын деп тап­сырманы аса қатты қиын­датпадым. Мақсатым – ба­лалардың ізденіске деген құштарлығын арттыру, бұл азайту амалының заңдары ғой. Барлығы қосу амалдарын көбірек біледі, азайту амалын ешкім зерттемеген. Соны балаларға әдейі бердім, көрсін деп, үй­ренсін деген ниетпен. Есепті шешуге он шақты ба­ла бақ сынап көрді, ал осы қызымыздың ұсынған ше­шімі жаңа заң­дылық болды, бесінші дә­ре­желі тепе-теңдіктің шешімін тапты, – дейді академик. 

Ол соңғы жылдары жас­тардың математика ғы­лымына қызығушылығы тө­мендегеніне ғалым ре­тінде қынжылатынын айтады. Сондықтан жастарды құлшындыра түсу үшін осындай байқау ұйым­дас­тырып, өз есебінен ынта­лы, талантты студенттер­ге арнайы сыйлық таға­йындауды жалғастырып келеді.

Бүгінде ғалым өз шәкірт­терін мақтан тұтады. Оның тәрбиелеген жастары әлем­нің Массачусетс, Гарвард сынды беделді оқу орындарында қызмет атқарып жүр. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ