• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Руханият 08 Сәуір, 2019

Қызылордадағы көшпелі көрме маусым айына дейін жалғасады

942 рет
көрсетілді

Қызылордада Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының ашылу салтанаты өтті.
Жиналған қауым алдында сөз алған Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рақымжанов ойын былай тұжырды.

- Сыр өңірі - қазақ халқы үшін маңызы зор аймақтың бірі. Қасиетті Қорқыт бабамыздың ізі бар, бір ғасырдай бұрын еліміздің астанасы болған Қызылордада Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының ашылу салтанатына жиналып отырғанымызға қуаныштымыз. Аталмыш көрме тәуелсіздігіміздің талбесігі атанған Алматыда басталып, былтыр жыл бойы еліміздің бірқатар өңірлерінде табысты өткен болатын. Көшпелі көрменің Қызылорда облысына келуін қазақ хандығының бас шаһары - Сығанақ пен өткен ғасырдың екінші онжылдығында еліміздің астанасы болған Қызылордаға тәуелсіз Қазақстанның елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының тартуы деп бағалауға толық негіз бар. Сыр жұртшылығының Елбасының өмір жолы мен саяси қызметін баяндайтын жәдігерлерден ұмытылмас әсер алатынына кәміл сенеміз, - деді ол.

Негізі, көшпелі көрме Сыр өңірінде Шиелі және Қармақшы аудандарынан бастау алған болатын.

«Елбасы жолы», «Елбасы феномені», Әлем таныған «Елбасы» және «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» секілді төрт бөлімнен тұратын көшпелі көрме мазмұнымен Сыр жұртшылығының қошыметіне бөленді.