• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Мамыр, 2012

Кәсібилік таразыға түсер сәт

322 рет
көрсетілді

Кәсібилік таразыға түсер сәт

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:36

Егеменді еліміз тәуелсіздіктің артта қалған 20 жылы ішінде көптеген оң өзгерістер мен қайта құруларды бастан өткерді. Бұлардың барлығы да нарықтық қатынастарға көшкен мемлекетіміздің іргетасын, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай істі қолға алмасын алды-артын бағамдап, артық-кемін сал­мақ­тап барып, өмірге жолдама беретіні бұл жолы да байқалды. Президент өзінің «Әлеуметтік-эко­номикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында «Маңызды мә­селе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапа­лық кадрлық жаңарту» деген болатын.

Сейсенбі, 8 мамыр 2012 7:36

Егеменді еліміз тәуелсіздіктің артта қалған 20 жылы ішінде көптеген оң өзгерістер мен қайта құруларды бастан өткерді. Бұлардың барлығы да нарықтық қатынастарға көшкен мемлекетіміздің іргетасын, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай істі қолға алмасын алды-артын бағамдап, артық-кемін сал­мақ­тап барып, өмірге жолдама беретіні бұл жолы да байқалды. Президент өзінің «Әлеуметтік-эко­номикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы Жолдауында «Маңызды мә­селе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапа­лық кадрлық жаңарту» деген болатын. Соған орай «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Мемлекет басшысының Жар­лығы бұл тапсырманың қоғамдық өмірге қанша­лықты қажеттілігін тағы бір тиянақтай түсті.

Шыны керек, мемлекетіміздің қауіпсіздігі, ты­ныш­тығы мен тұрақтылығы, адамдардың бейбіт өмірі, құқықтарының бұзылмауы, өздерін еркін се­зінуі құқық қорғау органдарының қалтқысыз қыз­ме­тіне тікелей тәуелді. Елбасы бұл аттестаттаудан сүрінбей өткен кәсіби біліктілігі жоғары қызмет­керлерге материалдық жағдай жасаудың жолдарын да айқындап берді. Жолдауда «Одан кейін құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен қолдаудың әлеуметтік дестесін кеңей­ту, сондай-ақ, олардың техникалық жарақталуы мәселелері қаралуға тиіс» деп айрықша атап өтті. Яғни, қызметкерлердің білігіне сәйкес ынталандыру да болады. Міне, талап пен қолдаудың үлгісі осындай болса керек. Мұның өзі елімізде жүзеге асырылатын өзгерістердің дәйектілігін көрсетеді.

Елімізде алғаш рет өткізіліп отырған бұл шара аса маңызды да. Күнделікті өмірімізде байқалып жүргеніндей, бұл салада да қордаланып қалған мә­селелер жеткілікті. Әсіресе, бұл кадрлардың өз ісін жетік білуі, кәсіби біліктілігі мен дене тәрбиесіне, жауынгерлік даярлығына, қызметтік этиканы сақта­уына, адамдармен тіл табысуына қатысты. Шыны керек, түбіт мұрт жасөспірімдер «жең ұшынан жал­ға­сып» құқық қорғау органдарына орналасып жатады. Және анау-мынау емес, лауазымды орынтақ­тарға отырады. Өмірдің сынынан өтпеген олардың алдына барғандарға дөрекілік танытып, өзім білемге салынатыны, қылмысты жасы­руға тырысатыны, кінәсіз адамдарға қылмысты күштеп таңатыны да кездесіп қалып жүр. Тіпті халықтың арасында айтылып жүрген парақор МАИ қызметкері, ұрда-жық полицейлер туралы шын­дық­қа бергісіз әзілдердің астарында тап осы біліктілік пен кәсібиліктің, тәжіри­бенің жетіспеушілігі жатқа­ны сөзсіз. Тіпті, сыртқы дене тұрқынан дене тәр­биесі мен жауынгерлік дайындыққа мән бермейтіні көрініп тұратын поли­цейлерді көргенде, «қоянның түрін көріп, қалжа­сынан түңіл» деген ойға қала­сың. Шектен тыс семіріп кеткен полицей қылмыс­керді қайтіп құрық­тамақ. Сонда олар дене тәрбие­сі мен жауынгерлік дайындыққа мән бермейтіні ғой. Ондайларды ештеңе де қызықтырмайды десе де болады. Жа­қында бір осындай қызметкердің әң­гі­ме ауанынан бірде-бір қазақ басылымын оқымай­тынын аңғарып таң қалғаным бар. «Түймедейді түйедей» етіп, адамдарды әуре-сарсаңға салушы­­­­лық та бар. Тіпті қорғаның болатын полицейлердің өздері қылмысқа баратынын естігенде «Қасқырға қой бақтырғанның» кебін көз алдыңа елестетесің. Азаматтық ардан, қыз­меттік анттан аттап кететін­дер де солар. Қалай құ­қық қорғау органдарына жұмысқа тұрды, солай жемсауын байлыққа толтырып, даңғарадай үй салып, шетелдік машина мініп шыға келеді. Пара алмаса, мұндай «май шелпек» қайдан келді деген күдікті ойға берілуге тура келеді. Мысалды алыстан іздеп қажеті жоқ. Облыс орталығында шығатын «Диапазон» газетінің соңғы санынан үш адамның өліміне кінәлі «қара риэл­тор­лардың» қылмыстан жалтаруына жағдай туғызған «Зауыт» полиция бөлімінің екі қызметкерінің 5 және 4 жылға сотталғанын оқыған­да төбе шашымыз тік тұрды. Ал 1682 мекемесінің бұрынғы басшыларының да істі болғанын бүкіл ел біледі. Оны аз десеңіз, өткен жыл мен биылғы жылдың бірінші тоқсанында түрлі құқық қорғау органд­ары­ның 14 қызметкерінің әртүрлі жауапкер­шілікке тартылғаны белгілі болып отыр. Мұндай келең­сіз­діктерді тере берсең жетіп-артылады. Осының өзі-ақ құқық қорғау саласындағы күрмеуі қиын тү­й­індердің тым тереңдеп кеткенін байқатады. «Театр киім ілгіштен басталады» дегендей, полицей­лердің қашанда қаймана жұртқа қай жағынан да үлгі-өнеге болып жүргені қандай жарасымды. Себебі, олар мемлекеттік мүддені қорғаушылар болып табылады. Ал қарапайым азаматтар сол мемле­кетті құру­шы халық. Әрине, біз бұл арада құқық қорғау органдары қызметкерлерінің барлығын «бір сыпырт­қымен сыпырайын» деген ойдан аулақпыз. Алайда, қай басылымды ашып қалсаңыз да, қай телеарнаны басып қалсаңыз да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметіне сай емес қы­лық­тары көлденеңдеп шыға келеді. Білім мен біліктілік төмен жерде қашанда оспадарлық жүретіні белгілі. Мұндай кемшіліктер кеден және төтенше жағдай­лар саласы қызметінде де кездеседі. Сондықтан да бұл аттестаттаудан халықтың күтері көп. Мен айтар едім, құқық қорғау қызметкерлері ұдайы халықтың көз алдында жүретіндіктен олардың жауапкершілігі жоғары, кәсіби біліктілігі, адамгершілік қасиеті мықты болуы қажет, адами ұстанымы биік болуы тиіс. Кезектен тыс аттестаттаудың алға қойған міндеті осы болса керек.

Қай салада да бәрін кадр шешетіні дәлелдеуді қажет етпейді. Ал құқық қорғау органдары қыз­меткерлері мемлекеттігіміздің бет-бейнесі болға­н­дық­тан мұны басқалардан айрықша сезінуі тиіс. Шетелден келгендердің де бірден көзіне түсетін де солар. Олардың кәсіби біліктілігі қызметінен, жау­ынгерлік дайындығы жүріс-тұрысынан, ширақ­ты­ғы­нан, ал, әдебі адамдармен қарым-қатынасынан кө­­рініп тұрғаны өзінің ғана емес, елінің де беделін көтеретінін білуі керек. Бүгінгі құқық қорғау қыз­меткерлерінің бойында кәсіби біліктілікпен бірге өзін-өзі ұстай білу, өзгелермен санасу, төзім­ді­лік қа­сиеттері мол болғаны дұрыс. Бұл бағытта аттес­таттаудың қайтарымды боларына сенім мол. Осылай әлсін-әлсін олардың қатарларын өз мін­детіне адал емес қызметкерлерден тазартып алып отыр­сақ, бәлкім, қазір дендеп кеткен сыбайлас жемқор­лықтың да жолын кесуге болар. Бірақ, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалына түсетін шағым­дар­дан мұндай келеңсіз жәйттердің құқық қорғау саласында да болып тұратынын аңғаруға болады. «Өзің диуа­насың, кімге пір боласың» дегенді халық ос­ын­дайда айтса керек. Әрине, барлығын жоққа шы­ғаруға болмайды. Өз кәсібінің білгірлері де же­терлік. Сон­дықтан аттестаттауды сабырлы да сал­мақ­ты өткізу керек. Мұнда адам тағдыры, отбасы қамы тұрған­дықтан «жеті рет пішіп, бір кесу» қағидаты бас­шылыққа алынғаны жөн. Ол үшін аттестаттау комиссияларына үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Амангелді МЕКТЕПБАЕВ, «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалы партиялық бақылау комиссиясының инспекторы.

АҚТӨБЕ.