• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2012

Қоғам сенімі

306 рет
көрсетілді

Қоғам сенімі

Сенбі, 12 мамыр 2012 7:58

Елбасымыздың биылғы жыл­ғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеу­меттік-экономикалық жаң­ғыр­ту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жол­дауында алдағы уақытта көңіл аударылып, басты назар са­лы­натын мәселелердің қатарына басқару ісіне қойылатын талап­тар­дың жоғарылығы мен бас­қа­ру­шы тізгінін ұстаушылардың саяси тобын даярлау енді. Қазақ­стан­ның жаңа басқарушы эли­та­сының негізін құрайтын Президенттік кадр жасағын дайын­даумен қатар құқық қорғау және арнаулы ор­ган­дарды сапалық кадрлармен жаң­ғырту міндеті де қойылды. Бұл жаңартудың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылық фактілерінің жо­лын кесіп, оларға тойтарыс беру.

 

Сенбі, 12 мамыр 2012 7:58

Елбасымыздың биылғы жыл­ғы Қазақстан халқына арнаған «Әлеу­меттік-экономикалық жаң­ғыр­ту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Жол­дауында алдағы уақытта көңіл аударылып, басты назар са­лы­натын мәселелердің қатарына басқару ісіне қойылатын талап­тар­дың жоғарылығы мен бас­қа­ру­шы тізгінін ұстаушылардың саяси тобын даярлау енді. Қазақ­стан­ның жаңа басқарушы эли­та­сының негізін құрайтын Президенттік кадр жасағын дайын­даумен қатар құқық қорғау және арнаулы ор­ган­дарды сапалық кадрлармен жаң­ғырту міндеті де қойылды. Бұл жаңартудың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылық фактілерінің жо­лын кесіп, оларға тойтарыс беру.

Ашығын айту керек, бұл күн­дері құқық қорғау орган­дарын­дағы елеулі қызмет тізгінін ұстап отырған отандастарымыздың мем­­лекеттік қызмет атқаруда қо­ғам мен мемлекет сенімінен шыға алмай, негізді сынға ұшырап жат­қандығын жиі кездестіреміз және бұған өзіміз де, көзіміз де үйреніп кеткендігі тағы бар.

Тілге тиек болып отырған құқық қорғау органдары қызмет­керлерiн кезектен тыс аттестаттау тәртібі еліміздің 2011 жылғы 6 қаңтарда қабылданған «Құқық қорғау қызметi туралы» заңында «Құқық қорғау органдарының қыз­меткерлерi Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президентi айқын­дайтын тәртiппен және мерзiмде кезектен тыс аттестаттауға жа­та­ды» деп айқын көрсетілген.

Заңгер ретіндегі пікірім, өт­кізілгелі отырған кезектен тыс аттестаттау заңды, әрі тиімді нәти­желерге әкелуі тиіс. Өйткені, құ­қық қорғау органдарының қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттес­тат­таудың мақсаты – қызмет­кер­дің кәсіби біліктілігі мен білім­ділігінің қойылған талаптарға сәйкестігін, құқықтық мәдениеті мен азаматтармен жұмыс істеу қа­білетінің деңгейін анықтау, олар­дың адамгершілік тұр­ғы­сын­дағы моральдық-этикалық бейнесіне үңілу, өзі атқаратын лауа­зымына сәйкес келетінін немесе келмейтіндігін анықтап, қоғам мен мем­лекеттің құқық қорғау орган­дары­ның қызметіне кө­лең­ке түскен сенімдеріне үміт ұя­лату, олардың халық алдындағы беделін көтеру болып табылады.

Көпке топырақ шашудан аулақ­пыз, алайда, тұтастығы мен тұрақтылығы жарасқан елдің құқық қорғау органдарының қыз­меткерлері тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге тән қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет ету, Қазақстан Республикасы­ның ең қымбат қазынасы – адам­дардың құқықтарын, бостандық­тары мен заңды мүдделерін сақ­тау мен қор­ғауды қамтамасыз ету, олардың өтініштерін қарау кезінде сөз­бұй­даға салу көрі­ніс­теріне жол бермеу және мемлекет институ­т­тарына қоғамның сенімін сақтау және нығайту сияқ­ты әрекеттерді байқау бү­гін­гі таңда қиынға со­ға­ды. Қара­пайым көз көріп отырған мемлекеттік қызмет кадрларын олар­дың біліктілігі мен біліміне қарап емес, туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орна­ластыру жағдайларының орын алып жатқандығы ащы да болса шындық.

Кезектен тыс аттестаттаудың да негізгі өлшемі жаһандық өр­леуге қадам басқан Қазақстан­ның әділет жүйесіндегі құқық қорғау органдары қызметкерлері­нің өзіне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті мен олардың жұмыс­тарының нәтижелік көр­сет­кіш­тер­і, теориялық білімдері мен қыз­мет ету барысында жи­наған тәжірибесі мен моральдық-эти­ка­лық бейнесінің деңгейін бағалау. Президент Әкім­шілі­гінің Бас­шы­сы, Бас прокурор, Ұлттық қауіп­сіз­дік комитетінің төрағасы, Эко­номикалық қыл­мыс­қа және сы­байлас жемқор­лыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төр­ағасы, Ішкі істер, Төтенше жағ­дайлар, Қар­жы, Әділет министрі және Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі комиссиясы құрамы­нан тұратын кезектен тыс аттес­таттаудың бір сатысы ел заңнама­сын білуге және логикалық ойлау қабілетіне негізделген қарапайым компьютерлік тестілеуді, тиісті құқық қорғау органы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру, жауынгерлік және қызметтік даярлық бойынша белгіленген нормативтерді тап­сыру­ды, сондай-ақ, психология­лық орнықтылығына әңгімелесу­ден өтуді қамтиды.

Заңға сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне аттестаттау нәтижелерi бойынша басқа, оның iшiнде төмен тұрған лауазымдарда қызметiн жалғас­тыру ұсынылуы мүмкiн.

Құқық қорғау органдарының кезектен тыс аттестаттаудан өт­пе­ген және басқа, оның iшiнде тө­­мен тұрған лауазымдарда қыз­ме­тiн жалғастырудан бас тартқан қызметкерлерi Заңда белгiленген тәртiппен жұмыстан шығарылуға жатады.

Мұндай сындар қызметкер­лер­­дің қызмет ету барысында алған білімдерін шыңдап, міндеті ай­қын, алған бағыты дұрыс тәуелсіз Қазақстан үшін ары қарай адал да, әділетті жолмен еңбектерін жал­ғастыру үшін оң нәтиже беретініне сенімдімін.

Төлеш ҚАУДЫРОВ,

Қазақ гуманитарлық-заң университеті, азаматтық-құқықтық зерттеулерді ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор.