• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Құқықтық мемлекет өркендеуінің алғышарты

760 рет
көрсетілді

Құқықтық мемлекет өркендеуінің алғышарты

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19

Еліміз егемендігін алған 20 жылдың ішінде дүние жүзіне демократиялық, әлеуметтік, құ­қықтық мемлекет ретінде та­нылғаны, сонымен бірге, Қа­зақ­стан Бірікен Ұлттар Ұйы­­мы­нан бастап, көптеген бе­делді ха­лықаралық одақ­­тар­дың тең мү­шесі болып табылатыны бар­шаға аян. Қазақстан барлық мемлекеттермен тере­зесі тең ел бола отырып, көп­теген жұрт таныған халық­аралық шарттарды ратификациялады.

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:19

Еліміз егемендігін алған 20 жылдың ішінде дүние жүзіне демократиялық, әлеуметтік, құ­қықтық мемлекет ретінде та­нылғаны, сонымен бірге, Қа­зақ­стан Бірікен Ұлттар Ұйы­­мы­нан бастап, көптеген бе­делді ха­лықаралық одақ­­тар­дың тең мү­шесі болып табылатыны бар­шаға аян. Қазақстан барлық мемлекеттермен тере­зесі тең ел бола отырып, көп­теген жұрт таныған халық­аралық шарттарды ратификациялады. Осындай игі қадам­дарды жүзеге асыруда халық­аралық құқық нормаларын, олардың жалпы жұрт мо­йын­даған қағидаларын әділетті түрде жүзеге асыруда Парла­менттің, құқық қорғау орган­дарының, сот жүйесінің қыз­меті ерекше. Өйткені, Қазақ­стан Конс­титуциялық құры­лымы жөнінен құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің басты белгісі адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін істе­летін игілікті істердің барлығы дерлік құқық, заң нормаларымен реттелетін­дігінде. Біздегі жүзеге асырылатын, қабылда­натын, қолданы­латын құқық­тық актілер әді­леттілік қағи­дасына, мемлекет пен жеке адамның мүддесіне қызмет атқаруы тиіс. Мұндай күрделі міндеттерді жүзеге асыруда заң­герлер қауымдастығының маңызы ерекше екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Көптеген өркениетті елдерде заңгерлерді біріктіретін одақ, ұйым немесе ассоциациялар бар. Мұндай ұйымдар өз мем­лекетінің құқықтық жүйесін өркендетуге тиісінше үлестерін қосуда. Қазақстан Республикасы алғаш тәуелсіздік алған жылдары Республикалық Заң­герлер одағы болды, егемен­діктің өркендеуіне бұл одақ едәуір қызмет атқарды. Бірақ кейіннен одақтың қызметі бел­гісіз себептермен тоқтап қалды. Бұрын Заңгерлер одағы бірік­тіріп, бір бағытта қызмет іс­тейтін бөлімшелер жеке-жеке ұйымға бөлінді. Мысалы: адвокаттар одағы, нотариат палатасы және т.б. Соның нәти­жесінде Заңгерлер одағының жұмысы мүлдем көзге көрінбей қалды.

Қазіргі дүниежүзілік даму­дың алғышарты – заңгерлік қызметті жетілдіру екені бар­шаға аян. Кез келген мем­лекет­аралық қарым-қатынас құқық­тық халықаралық заңдылық шарт­тарға негізделген. Қазақ­стан мемлекеті құқықтық мемлекет ретінде Заңгерлер ода­ғының жұмысын қайта жандандырып, еліміздің өркен­де­уіне, өркениетті, әділетті, құ­қықтық нормалардың мемлекет, қоғам, адам мүддесі үшін қызмет етуін жүзеге асыру керек.

Заңгерлер одағының құры­луы – осы салада қызмет ететін ғалымдарды, мамандарды елі­міздің құқықтық тәрбиесін, сапасын өркендетуге, сондай-ақ заң шығарушы орган – парламент жұмысына да белсенді қатысып, сапалы заңдар жобасын әзірлеуге атсалысуға, еліміз бойынша білімді заңгер мамандарды даярлауға өз үлесін қосар еді.

Арықбай АҒЫБАЕВ

заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.