Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:30
Қазақстан Республикасының тәуелсізмемлекет ретіндегі 1993 жылғықабылданған тұңғышКонституциясының тарихи маңызызор болды. Қазақстандыдемократиялық, зиялы және біртұтасмемлекет деп жариялаған бұлКонституция демократиялық бағытұстанған жаңару кезеңініңКонституциясы болды. Алайда, бұлКонституцияда ҚазақстанныңРеспублика екені көрсетілмеген едіжәне республика қызметінің түбегейліпринциптері айқындалмағанболатын. Ол тұста Қазақстанда президенттік те, парламенттік те республиканың белгілері болды. Оған қоса нарық экономикасына байланысты күнделікті туындап отырған талаптарға, оны іске асыру мақсаттарына, мемлекет ұстануға тиіс жаңа ағымдағы стратегиялық бағыт-бағдарына толық жауап бере алмады.
Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:30
Қазақстан Республикасының тәуелсізмемлекет ретіндегі 1993 жылғықабылданған тұңғышКонституциясының тарихи маңызызор болды. Қазақстандыдемократиялық, зиялы және біртұтасмемлекет деп жариялаған бұлКонституция демократиялық бағытұстанған жаңару кезеңініңКонституциясы болды. Алайда, бұлКонституцияда ҚазақстанныңРеспублика екені көрсетілмеген едіжәне республика қызметінің түбегейліпринциптері айқындалмағанболатын. Ол тұста Қазақстанда президенттік те, парламенттік те республиканың белгілері болды. Оған қоса нарық экономикасына байланысты күнделікті туындап отырған талаптарға, оны іске асыру мақсаттарына, мемлекет ұстануға тиіс жаңа ағымдағы стратегиялық бағыт-бағдарына толық жауап бере алмады. Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қайшылықтарды реттеу тетіктері де нақтыланбаған болатын. Қысқасы, жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негіз болуға осалдық танытты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен осы бір кезек күттірмес күрделі мәселеге тез арада бел шешіп кірісу міндеті тұрды. Әбден сарапталып, сұрыпталған Конституция жобасы халық талқысына шығарылды. Конституция жобасын талқылауға бүкіл халық бар ынта-ықыласымен қызығушылық танытып, атсалысқаны есімізде. Өйткені, Негізгі Заң әрбір жекелеген азаматтың өмірдегі қарым-қатынасының, күнделікті іс-әрекетінің негізі, ол бүкіл еліміздің бітім-болмысы. Конституцияның 1-бабында «мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілген. Конституция жобасының бүкілхалықтық талқылаудан өтуінің өзі әрбір адамның жеке құқығына берілген еркіндік деп сезінген ел, жаңа Конституцияны қанағаттанғандық сезіммен қабылдады. Осыған орай жаңа Конституцияға Адам құқығы жөніндегі бүкіләлемдік декларацияға сәйкестендіріліп отыз баптан тұратын «Адам және азамат» атты жаңа бөлім қосылғанын риза сезіммен айта кеткіміз келеді.
Расында, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең үлкен жетістігіміз деп бағаласақ артық айтқандық емес. Өйткені, біріншіден, Конституцияның екінші бабы айқын белгілеп бергендей, Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет боп танылды. Қазақстан президенттік республика болып жарияланып, президенттік басқару жүйесі нақтыланды. Бұл дер кезінде қабылданған өте дұрыс шешім болды. Өйткені тап сол тұста қоғамды саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарыстан алып шығу үшін күшті әрі топтасқан билік жүйесі аса қажет еді.
Екіншіден, жаңа Конституция бойынша мемлекеттік біртұтас билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі боп үш тармаққа бөлінді. Ата Заңымызда осы үш билік тармағының өзара және мемлекет басшысының билік тармақтарымен ара қатынасы нақтыланды.
Үшіншіден, көп партиялық негіздегі саяси жүйе қалыптасты, парламентаризмнің негізі қаланып, қос палаталы Парламент дүниеге келді. Соның нәтижесінде бүгінде кәсіби шеберлігі шыңдалған Парламентте қоғам игілігіне қызмет етіп жатқан жүздеген жаңа заңдар қабылдануда.
Төртіншіден, Конституцияға жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінің енгізілуі де халықаралық үрдістерге сай келеді. Жергілікті өзін-өзі басқару институтының танылуы – әрбір азаматтың өз ой-жоспарларын жүзеге асыру, азаматтық бастамашылдығын көрсету мүмкіндігі болуын, жергілікті маңыздағы мәселелерді халықтың дербес шешуін қамтамасыз ету деген сөз. Бұл жаңа Конституцияның жетістігі болды.
Бесіншіден, сот жүйесін қалыптастырудың айқын ережелері белгіленді. Соттар мен судьялардың мәртебесі заңнама тұрғысында анықталып, ол сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін нығайтты. Елімізде қарқынды түрде сот реформасы жүріп жатыр. Соның нәтижесінде бүгінде озық елдер үрдісі мен үлгісіне бой ұрған тәуелсіз сот билігі, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың өркениетті жүйесі қалыптасты. Сот жүйесін жетілдіру жолындағы барлық игі шаралардың бастауы сот реформасының өзекті бағыттарын айқындап берген Ата Заңымызда жатыр.
Ата Заңның нормаларын басшылыққа алып, демократиялық негізде болашаққа қадам басқан Қазақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен аз жылдар ішінде толайым табыстарға қол жеткізді. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына жемісті төрағалық еткен Қазақстан Ресей, Беларусьпен бірге тауарлардың, қызметтердің, еңбек ресурсы мен капиталдың ортақ рыногына жол ашатын Біртұтас экономикалық кеңістік құрды. Адамзат өмірінің қауіпсіздігін басты құндылық деп ұққан Қазақстан ядролық қарусыздану бастамасын алғашқы боп көтеріп, жаңашыл бастамалардың үлгісіне және ұйытқысына айналды.
Еліміздің арқа төсіндегі Астанасы – халықаралық деңгейде келелі кеңестер өткізетін келісті ордаға айналды. Әріні айтпағанда, соңғы 2-3 жыл көлеміндегі Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті 85 елден өкілдер қатысып, қаржы рыногын реформалау, экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі және баға тұрақтылығы, кедейлік пен елдер арасындағы теңсіздікті төмендету, болашаққа қажетті ықпалдастық мәселелері алқаға салынған экономикалық форум, діни дүрдараздық, көзқарастар қайшылығын ұмытып өзара ортақ шешім алу және мәдени алмасуға қызмет ететін, сондай-ақ наным-сенім әлеуетін жақсылыққа, адамзат үшін пайдалы іске жұмсауға шақыратын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Астана даңқын, Қазақстанның беделін асыра түсті. Тәуелсіз еліміздің бұл жетістіктерін әлеуметтік саладағы табыстар толықтыра түскенін айтуға тиіспіз. Астана мен Алматыда алауын жаққан қысқы Азия ойындары Қазақстан спортшыларының ақжолтай тұсауын кесті, ел тарихында тұңғыш рет тіркелген Лондон Олимпиадасындағы толайым табыстар – осы жаңалықтардың заңды жалғасы, экономикалық-әлеуметтік даму әлеуетіміздің нақты көрсеткіші деуге болады.
Қазақ «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбекті тіршілік өзегі ретінде танып, оны жоғары орынға қойып келген халық. Конституциямызда кез келген адамның еңбек ету бостандығына, еңбек ету жағдайына құқық беріледі. Халқымыздың еңбексүйгіш пәлсапсы, Ата Заңымызда еңбек етудің нақты аталуы бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласының өзегі деуге болады. Мақалада «Болашақта XXI ғасырда тек Еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізе алуын қамтамасыз ете алады» делінеді, бұл – қазақстандықтардың жақсы тұрмысын одан әрі арттыруға бастайтын идея.
Бекет ТҰРҒАРАЕВ,
Заң ғылымдарының докторы,
профессор.
Маңғыстау облысы.