Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:27
Қазақстан – азаматтардыңқұқықтары менбостандықтарына басымдықберілген демократиялық жәнеқұқықтық мемлекет құруға белшеше кіріскен ел. Осыған орайелімізде сот-құқықтықреформаны ілгерілету серпіндіжүргізіліп келеді. Әрине,кейбір заңнамалық актілергеқылмыстық заңнаманы одан әріізгілендіру және қылмыстықүдерістегі заңдылықтыңкепілдіктерін күшейтумәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізілгені мәлім. Бұл батылқадам қылмыстық заңнаманыырықтандыруға, қылмыстықсот өндірісінің репрессивтілігін төмендетіп, қоғамға үлкен қауіптудырмайтын қылмыстардың әкімшілік құқық бұзушылық санатынаауыстырылуына және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатыстыбасқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:27
Қазақстан – азаматтардыңқұқықтары менбостандықтарына басымдықберілген демократиялық жәнеқұқықтық мемлекет құруға белшеше кіріскен ел. Осыған орайелімізде сот-құқықтықреформаны ілгерілету серпіндіжүргізіліп келеді. Әрине,кейбір заңнамалық актілергеқылмыстық заңнаманы одан әріізгілендіру және қылмыстықүдерістегі заңдылықтыңкепілдіктерін күшейтумәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтыруларенгізілгені мәлім. Бұл батылқадам қылмыстық заңнаманыырықтандыруға, қылмыстықсот өндірісінің репрессивтілігін төмендетіп, қоғамға үлкен қауіптудырмайтын қылмыстардың әкімшілік құқық бұзушылық санатынаауыстырылуына және қылмыстық саясатты ізгілендіруге қатыстыбасқа да мәселелерді шешуге бағытталған.
Соттың мақсаты жаза басқан азаматтардың тағдырына әріден ой жүгіртпей тек жазаға ғана бұйырып, темір тордың арғы жағына тоғыта беру емес, қоғамға залалын тигізетін қылмыстық топтар мен жекелеген азаматтардың іс-әрекетіне шынайы үкім шығару болып табылады. Сол себепті, азаматтарды бас бостандығынан айыруға жатпайтын шешім қабылдауға мүмкіндік бар болған жағдайда негізсіз қатаң жазаны тағайындамау бүгінгі сот тәжірибесінде орнымен қолданылып, қалың жұртшылықтың назарына ілігіп те үлгерді.
Осылайша тәуелсіз еліміз қылмыстық заңнаманы реформалауда үкім шығару және жаза кесу міндеттерін ізгілендіру мен жауапкершілікті күшейте түсу қағидатын нақты ұстанып, еліміздегі заң жүйесін алға қарай жетілдіре түсуде. Тұрмыс-тіршілігіміздің барлық саласында адамның құқықтары мен бостандықтарына, қадір-қасиетіне құрмет көрсетілген жағдайда ғана еліміз құқықтық мемлекет болып танылатындығына баршамыздың көзіміз жетті, көңіліміз сенді. Сондықтан да адам құқығының сақталуы мен қорғалуы мәселесін шешу қоғам дамуының бүгінгі көрсеткіші мен талабы болып отыр деп сенімді айта аламыз.
Елбасымыз Н.Назарбаев бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі – соттардың әділдігіне баса назар аударта отырып, «Әділ және сатылмайтын сот – демократиялық және құқықтық мемлекеттің аса маңызды негізі. Егеменді Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – бұл соттар мен судьялардың тек формалды-заңды ғана емес, сонымен қатар, нақты тәуелсіздікке ие болуы» деген болатын. Осы ретте Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаровтың Елбасы тапсырмасына сай қылмыстық жазаға тарту ісін жетілдіру бағытында үлкен жұмыстар атқарып жүргені хақ. Өзіміз куә болғандай, Қылмыстық кодекстің көптеген баптарына талдау жасалып, кейбір қылмыс түрлері әкімшілік категориясына жатқызылғаны, ізгілендіру мәселесінде, ең алдымен, жасалған қылмыстың мінездемесін нақты бағалау, экстремистік қылмыстар, оның ішінде аса ауыр қылмыстарға ізгіліктің болмайтыны және қоғамға қауіп төндірмейтін азаматтарға қатысты жаза белгіленгенде жеңілдету мәселесі ескерілетіндігі өмір тәжірибесіне енгізілгенін айтар едік.
Жоғарыда атап өткеніміздей, гуманизм, үкім шығару ісіндегі ізгілендіру, соттардың ашықтығы мен біліктілігі секілді маңызды талаптарға сай Алматы облысында да көптеген құптарлық шаралар атқарылып жатыр. Облыстық соттың төрағасы Тілектес Бәрпібаев барлық аудандардағы мамандардың кәсіби шеберлігі мен сауаттылығын мұқият қадағалап, белгілі бір мезгіл аралығында облыс көлемінде өткізілетін семинарлар мен дөңгелек үстел отырыстарын тұрақты ұйымдастыруда. Облыс орталығында Алматы облыстық сотының құрылғанына 80 жыл толуына орай сот қызметкерлерінің арасында спорттық жарыстар, интеллектуалды ойындар мен мамандардың біліктілігін арттыратын келелі жиынның өтуіне мұрындық болды.
Заман талабы жаңа белеске көтерілген сайын еліміздің заң саласы да күн санап ілгерілеу үстінде. Іле аудандық сотының қызметкерлері гуманизм мен ізгілік, тұрғындардың заңдық білімін арттыру жолындағы насихат жұмыстарын басшылыққа ала отырып өмірлік тәжірибесін молайту жолында. Аудандық сот қабырғасында АХАЖ, Халыққа қызмет көрсету орталығы, прокуратура мен жекелеген заң мекемесі өкілдерінің қатысуымен семинарлар, дөңгелек үстел отырыстары тұрақты өткізіліп келеді. Заң саласының қоғамдық мәселесімен тікелей айналысатын мамандар басқосуында Президент Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында атап көрсетілген нақты бағытты берік ұстану мәселесі, қоғамда орын алатын келеңсіздіктер мен заң бұзушылықтардың алдын алу жолдары терең талқыланады. Аптасына екі рет «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, онда аудандық соттың 6 судьясы әр істі өз категориясына сай қарап, тұрғындарға заң саласынан ақыл-кеңестерін аямайды. Өндіріске ұсынылған істерді қарау және азаматтардың арыз-шағымымен танысу мерзімі де талапқа сай мерзімде қамтылып отыр. Азаматтық және қылмыстық істерді сараптамаға жіберу және уақтылы тоқтату шарасы да мүдіріссіз өтуін қадағалаймыз. Аудандық соттың 4 судьясы азаматтық істер бойынша келіп түскен арыз-шағымдарды қараса, 2 судья қылмыстық істерді жіті тексереді. Негізінен бізге азаматтардың жеке мүліктеріне және жеке басына қатысты істер көп түсуде. 2011 жылдың 9 қазанында «ҚР құқық қорғау ісін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге қатысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар» енгізу және 2011 жылдың 28 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай жасалған рақымшылық туралы» Заңдар қабылданғаннан кейін аудан көрсеткішіне едәуір өзгеріс енді. Атап айтқанда, 2011 жылы Іле аудандық сотына түрлі деңгейдегі 129 іс түсіп, оның 121-і қанағаттандырылып, біреуі ғана кері қайтарылса, 2012 жылдың 8 айындағы көрсеткіш бойынша 145 іс түсіп, оның 139-ы қанағаттандырылды, бесеуі кері қайтарылды. Осы ретте бір ескертер жәйт, азаматтар арасында ізгілендіру мен қылмыстық жазадан босатуды өз пайдасына асыруды көздейтіндердің де кездесетіндігін айтқым келеді. Жеке мүддені көздеп, негізсіз жазылған арыз-шағымдар сот үдерісіне кедергі келтіріп, өндіріс уақытын созады.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан, біз аудандық сот қызметкерлерінің жеке адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоямыз. Сотта қызмет атқарып отырған әрбір маман мемлекеттік тілді жетік білуі тиіс және әлемде, сондай-ақ, елімізде болып жатқан әлеуметтік-саяси жаңалықтардан хабардар болуға міндетті. Сол себепті, қазақ тілінде жарық көретін баспасөзге тұрақты түрде жазылу, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін көтеру секілді мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді. Аудандық сотқа келетін шақыртуларға, хабарламалар мен атқару парақтарына, уәкілетті органдармен хат алмасу ниетінде жолданатын хаттарға түгелдей мемлекеттік тілде (қажетті жағдайда аудармасымен) жауап қайтарылады. Сондай-ақ, азаматтардың талаптарын қанағаттандыру санатында сот ғимаратында және сот залдарында бейне-жазба құрылғылары орнатылып, келушілер үшін арнайы тосу-тынығу залы жасақталған. Сот үдерісін дәліздерде сағаттап күту, сеңдей соғылып жүру және отырарға орын таппай тікесінен тік тұру деген секілді қарапайым кедергілер толығымен жойылды.
Сөз соңында айтарымыз, Мемлекет басшысының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен мақұлданған 2010-2020 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын Құқықтық саясат тұжырымдамасы еліміздегі сот жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойған болатын. Осы сара бастау сот жүйесін дамытудың келешектегі негізгі ұстанар бағытын айқындайтын дара жол болары анық.
Жанат ЖАЙЛАУБАЙ,
Іле аудандық сотының төрағасы.
Алматы облысы.