• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Бұл не бейжайлық?

383 рет
көрсетілді

Бұл не бейжайлық?

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:24

Бірер күн бұрын редакция тап­сырмасына байланысты өл­ке­ге ашаршылық жылдары әкелген зұлматтар жайлы ақпар-мәлі­мет­тер, естелік-сырлар, зерттеулер жи­нақталған бір орын болса, об­лыстық тарихи-өлкетану мұра­жайы болар деген оймен соған бара қалған едік. Екі қабатты сыңғырлаған ғимараттың асты-үстін асықпай араладық. Бірақ, бұл күнде газеттерде жиі жария­ланып жүрген екі-үш сурет, сол уақыттағы ахуалға қатысты бірді-екілі құжат ілінген стендтен бас­қа ештеңе көзге түсе қоймады. Бар болғаны осы. Аймақтағы ашар­шылық зардабы қалай бол­ған­дығын баяндайтын, елестететін одан өзге дерек ұшыраспады. Жергілікті тарихшылар арнаған зерттеу ең­бек­тер болушы еді. Олар да көрін­бейді.

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 8:24

Бірер күн бұрын редакция тап­сырмасына байланысты өл­ке­ге ашаршылық жылдары әкелген зұлматтар жайлы ақпар-мәлі­мет­тер, естелік-сырлар, зерттеулер жи­нақталған бір орын болса, об­лыстық тарихи-өлкетану мұра­жайы болар деген оймен соған бара қалған едік. Екі қабатты сыңғырлаған ғимараттың асты-үстін асықпай араладық. Бірақ, бұл күнде газеттерде жиі жария­ланып жүрген екі-үш сурет, сол уақыттағы ахуалға қатысты бірді-екілі құжат ілінген стендтен бас­қа ештеңе көзге түсе қоймады. Бар болғаны осы. Аймақтағы ашар­шылық зардабы қалай бол­ған­дығын баяндайтын, елестететін одан өзге дерек ұшыраспады. Жергілікті тарихшылар арнаған зерттеу ең­бек­тер болушы еді. Олар да көрін­бейді. Зұлмат Қарағанды жерін айналып өткен сияқты қайғылы кезең шындығын жеткізу неге елеу­сіз қалып отырғандығына жол бастаушымыз жауап таба алмай қиналса, мұражай директорының орын­басары осындай оқиға өтке­нінен бейхабар ма, үнсіз үстел шұқылады.

Бұрынырақта мұнда ел өмірін­дегі елеулі даталар, ұмытылмас оқиғаларға орай әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жататын. Ғы­лы­ми конференциялар мен кездесулер, экскурсиялар мен көр­ме­лер өткізілетін. Ал ашаршылық ақи­қа­тына байланысты ешқандай істің қолға алынбауы, осынау қа­сіреттің астарларын ашып көрсе­тетін жаңа деректердің алға тар­тыл­мауы, шын­дығын айтқанда, таңқалдырды. Бай­қалғандай, әлде­бір орыннан түрткі, нұсқау күті­ле­тін сыңайлы. Онсыз жұмған ауыз ашылмайтындай-ақ.

Басты сылтау дерек-мәлімет­тер­дің аздығына саяды. Мәселе онда емес, құлық, ынта жоқтығында, бейжайлықта ма деп қалдық. Егер аймақтағы ашаршылық сырын қаз­баласа талай құпия ашылар еді. Мысал үшін қазақ халқының аштықтан аса апатқа ұшыраған жері – Орталық Қазақстан өңірі. 1932-33 жылдары тек Қарқаралы ауданы тұрғындары 10 мың адам­ға кеміген. Жазушы Кә­мел Жүністегінің «Құба белдер» ро­манының жалғасы – «Апат» атты екінші кітабында Шет ауданын­да­ғы азаға толы отызыншы жыл­дар оқиғалары жеріне жеткізіле суреттеледі. Болашақ академик Қаныш Сәтбаевтың ит арқасы қияндағы Ұлытаудан Баянауыл­ға жан­ұшы­рып жетіп, түтіні біржола сөнуге шақ қалған ағайын-туысқан­дары­ның оншақты ба­ла­сын түн жамы­лып алып кеткені де белгілі. Осы­ның бәрін іздестіруге, табуға, жұрт­қа таныс­тыруға, ең алдымен, мұражай мүдделі болуға тиіс еді ғой.

Айқын НЕСІПБАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Қарағанды.