• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Шілде, 2012

Бұл байқаудың берері бар ма?

459 рет
көрсетілді

Бұл байқаудың берері бар ма?

Сәрсенбі, 25 шілде 2012 7:28

Айтқалы отырғанымыз «Қыз сыны», «Сұлулар сайысы», «Арулар сыны» дейтін атауы көп, кейінгі жылдары дәстүрлі түрде өте бастаған қыздар байқауы. Әу баста осы байқау қазақ қыздарының салт-дәстүрге жетік, ибалы, тәрбиелі екенін әспеттейтін өнер түрінде ұйымдастырылғандай көрінетін. Үкілі бөрік, қынама белді қосетек көйлек киген бойжеткендер білім жарыс­тырып, бақ сынасар еді. Кейін келе сол көрініс көзден бұлбұл ұшты. Қыздар байқауы – білім бәсекесіне емес, жалаңаш тәнді тамашалайтын арсыз жиынға айналып кетті. Арсыз жиынның алдыңғы қатарында отырған әке мен ата:

Сәрсенбі, 25 шілде 2012 7:28

Айтқалы отырғанымыз «Қыз сыны», «Сұлулар сайысы», «Арулар сыны» дейтін атауы көп, кейінгі жылдары дәстүрлі түрде өте бастаған қыздар байқауы. Әу баста осы байқау қазақ қыздарының салт-дәстүрге жетік, ибалы, тәрбиелі екенін әспеттейтін өнер түрінде ұйымдастырылғандай көрінетін. Үкілі бөрік, қынама белді қосетек көйлек киген бойжеткендер білім жарыс­тырып, бақ сынасар еді. Кейін келе сол көрініс көзден бұлбұл ұшты. Қыздар байқауы – білім бәсекесіне емес, жалаңаш тәнді тамашалайтын арсыз жиынға айналып кетті. Арсыз жиынның алдыңғы қатарында отырған әке мен ата: «Бұл менің туған қызым, немерем-ау. Жұрт алдында жалаңаш жүргені ұят болды-ау», демейді. Қыздарының жалаңаштанып жеңіп алған бәйгесіне мәз. Сірә, ол бұл байқаудың қайдан, қалай шыққанын білмегендіктен де шығар.

Бұл жарыс әу баста былай басталған. Еуропалық бір ше­кесі шылқыған бай теңіз жа­ға­сында сайранды салып жатпай ма! Айналасындағы анау-мынау әйелдерден жалыққан әуме­сер­дің басына қыздардың ең сұ­луын таңдап құшу қиялы келе қалыпты. Сонымен не керек, бас бәйгеге пәленбай миллион ақша тігіп, «Сұлулар сайысын» бастап кеп жібереді… Аяқ жетер жердегі беті жылтыр қыздың бәрі келеді ентігіп. Сонымен, пәленбай көрермен қатысып, арнайы қазылар ұйымдастырылып ел болып тамсанып «ару» атан­ған қызды асқынған ақшалы енді оның бұдан былай өзінің қарамағында болатынын жалпақ жұртқа жария етіп жібереді.Міне, «Сұлулар сайысы» дүниеге осылай келген. Қазір «Қыз сыны» деп қылымсытып атап жүргеніміздің осындай ши­кілігі бар. Сол үшін мемлекеттен қанша қаржы шығындалып жатыр? Байқау өте жиі өтеді. Себебі, тәнін жалаңаштауға еті үйренген «сұлулардың» қатары көп болуға тиіс. Анталаған ақшалылардың талабы сол. Бай­лықтың буына мастанғандар «сұлу» іздеп сабылмауы керек.…Мынадай бір нақты дерек бар. 1930 жылдары Алматы қа­ла­сында жаңадан ашылған балет биіне көп жыл бірде-бір қа­зақ ұл-қызын бермей қойыпты. Киімі бар дегені болмаса, жала­ңаш­қа жақын жүрісі, қайта-қай­та жұртқа бұлтиған бұтын көр­сететін ерсі қимылын қалалық қазақтардың өзі қабылдай алмаса керек. Қайтсе де қазақ балаларына би үйретуге міндет­тен­ген балеттің мамандары амалсыздан балалар үйіндегі қазақ­тың жетім ұл-қыздарын баулып, ақыры алғашқы қазақ балетші­лерін сахнаға шығара бастаған екен. Міне, осыдан жетпіс-сек­сен жыл бұрын ғана балет десе бетін басқан, жаттың биіне шошына, тосырқай қараған қазақ бүгін бүлдіршін қыздарын жұрт алдына жалаңаштап шығарып қойып, бөркі қазандай болып отыр.Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ.