Сәрсенбі, 25 шілде 2012 8:18
Осыдан бір ай шамасы бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде «Алдыңғы толқынның орны бөлек» атты мақала шықты. Авторы – Р.Сәрпеков. Бұрын тек депутат деп білетін көпшілік осы мақаланы оқығаннан кейін авторды жаңа қырынан танығандай болды. Бәрінен бұрын оның айтысқа жанкүйер ғана болып қоймай, оған тиісті баға беріп, шынайы талдау жасағандығы ризашылық сезімін туғызды.
Сәрсенбі, 25 шілде 2012 8:18
Осыдан бір ай шамасы бұрын «Егемен Қазақстан» газетінде «Алдыңғы толқынның орны бөлек» атты мақала шықты. Авторы – Р.Сәрпеков. Бұрын тек депутат деп білетін көпшілік осы мақаланы оқығаннан кейін авторды жаңа қырынан танығандай болды. Бәрінен бұрын оның айтысқа жанкүйер ғана болып қоймай, оған тиісті баға беріп, шынайы талдау жасағандығы ризашылық сезімін туғызды.
Автор мақаласында «Қаңтарулы тұлпарлар, қайдасыңдар?» ақындар айтысының ұйымдастырылудағы мақсатты басшылыққа ала отырып, оған қатысқан өнер өкілдеріне дәл сипаттама берген. Олардың айтыс өнерінде қалдырған өзіндік қолтаңбалары жайлы тұжырымы да, қолға алынуға тиісті шаралар туралы ой-ұсыныстары да көпшілік көңілінен шықты деуге болады.Әр өнердің өз талайы, өз бағы бар шығар. Дегенмен, ел егемендік алған тұста ұлтымыздың осы бір төл өнерінің бағын ашып, жұлдызын қайта жандырып, оның басқа өнерден артық үкіленуіне абзал азамат, арқалы ақын Жүрсін Ерман бас болып, қалғандары қостаған Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Қонысбай Әбіл, Айтақын Бұлғақов, Есенқұл Жақыпбеков, Шорабек Айдаров, Қуаныш Мақсұтов, Абаш Кәкенов еңбектерін ешкім ұмыта қоймас. Бұл аттары мәлім аға буын өкілдері айтыстың алғашқы мектебінің негізін қалады десек, артық айтқандық емес. Осы айтыскерлер мән бере ұғынған адамға екі шекті домбыраның үнімен әуездесетін жарасымды мақамды, лайықты сазды да таба білді. Шынына келгенде, заманауи айтыс өнерінің үлгісін жасап, кемелденіп қалыптасуына жол салды. Айтыстың өзіне тән мәдениетін қалыптастырды.Осы жерде Р.Сәрпековтің: «Аға буын айтыскер ақындардың тартымды туындыларын жинақтап, кітап етіп шығарса», деген ұсынысы өте құптарлық. Айтып отырғанымыздай, айтыс рухани құндылық болса, оны жинақтап, баспадан шығарып отыруға неге қолдау көрсетпеске?Тағы бір ой бар. Ол Мәдениет министрлігі айтысты қанатының астына алып, олардың шеберлігін шыңдап, бағыт-бағдар беретін тиісті орталық ашса, оған бай тәжірибесін бөлісуге «қаңтарылған тұлпарларды» тартса деген пікір. Сонда, мұның ұлттық өнерге деген шынайы қамқорлық болып табылары даусыз.Өріс Яшүкірқызы. Астана.