• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
02 Маусым, 2012

Дарынды декан еді

438 рет
көрсетілді

Дарынды декан еді

Сенбі, 2 маусым 2012 7:45

«Пәленбайменіңтағдырымаықпалжасады», – депжатадыжұрт. Осыпікіраса-көпдәйектіемес. Дейтұрғанмен, қоғамдаірілі-ұсақтыболсада, басқабіреулердіңарқасындаөзізінқалдырғандардасол «басқабіреулер» жөнінде: «…меніңтағдырымаықпалжасады», деугехақылы. Ал, осынақтықазіргісәттеменүшінқоғамдағы, тұрмыстағыорныңдыбелгілеугесондай «Идеяларкатализаторы», «тездеткішреактор» болабілгентұлғалардыңбірі – сол, Таукең.

Сенбі, 2 маусым 2012 7:45

«Пәленбайменіңтағдырымаықпалжасады», – депжатадыжұрт. Осыпікіраса-көпдәйектіемес. Дейтұрғанмен, қоғамдаірілі-ұсақтыболсада, басқабіреулердіңарқасындаөзізінқалдырғандардасол «басқабіреулер» жөнінде: «…меніңтағдырымаықпалжасады», деугехақылы. Ал, осынақтықазіргісәттеменүшінқоғамдағы, тұрмыстағыорныңдыбелгілеугесондай «Идеяларкатализаторы», «тездеткішреактор» болабілгентұлғалардыңбірі – сол, Таукең.

Ол кісінің атын біліп, жүзін танығаным да 1959 жыл еді. Туған құдам – құрдасым Болат екеуміз университетке оқуға түсуге келгенбіз. Әбе (қазіргі тірі классик Нұрпейісов) ағамыздың үйіне тұрақтадық. Үйді билеп-төстейтін Әбенің Сағира жеңе­шесі (маған салса, Әбенің клас­сик-жазушылық тағдырына ық­пал жасаған сол алтын адам дер едім): «Әбе, жақында ғана ол кісімен шатақтасып қалып еді. Қайдам…» – деп, біздерге «қара­лы хабарды» жеткізді. Болат екеуміздің де зәреміз зәр түбіне кетті. Бірақ, не қыласың?.. Іштей: «Көрерміз да», – деп, біз отырмыз.

Біраздасын Әбе келді. Біздің бойымыздағы Отанының исі мұрнын жайлы қытықтады ма, мол езуі жайылып, сала берді. Ар жағын жау шауып жатса да, «былқ» ете қоймайтын орнықты, қоңыр даусымен, ауылдың анау-мынау жаңалықтарын сұрап жатыр. Келесі күні осы үйде тұратын, кейін халық шаруа­шылығы институты боп, «енші алып» шыққан экономфактың студенті – немере қарындасы – Күнзия, жолбасшылық жасап, университетке апарды. Өз қолы­мен құжаттарымызды тапсырды. Ендігі бағыт – декан. Кабинетінің алдындағы кең бөлмеге кірген бойда оң жақтағы есікті ашып, сығаладық.

– Кір, деді. Сосын екі бірдей басты көргесін: – Кіріңдер, – деді.

Артымыздан біреу желкелегендей, ішке әрең-әрең ендік. Бөлме тарлау. Төрде – өзі. Оған қарсы тікелей қойылған қысқаша столдың екі қапталына екі-екіден орындықтар әзер сыйып тұр. Ол: «Отырыңдар» деген жоқ. Бізге де керек емес еді.

– Кімсіңдер? – деді оншама жылылығы жоқ дауыспен.

– Әбенің балалары едік…

– Ендеше, ертең он екіде келіңдер…

Болды, сөздің таман болғанын білдік. «Рахмет» жоқ, «сау болы­ңыз» жоқ, кері бұрылып, қаздай түзіліп жүре бердік.

Күнде он екі мен бірсыпыра уақыт ол кісіге келіп-кетумен жүрдік. Бір күні:

– Жақсы. Бара беріңдер. Ем­тиханға дайындалыңдар, – деді.

Содан кейін, емтихандарды тап­сырып біткесін ректор Т.Дарханбаев қабылдау жөніндегі бұй­рықты оқығасын, көңіліміз ор­нық­қасын, бір-екі күннен соң, бір топ оқытушылармен ол кісіні біз­­ге жатақхана беру кезінде көрдік…

Арада біршама жылдар өтке­сін, екеуіміздің тағдырымыз тағы тоқайласты. Ол мені журнал редакциясынан оқытушылыққа факультетке алдырды. Сосын Тау­кең екеуміз 1971 жылы кура­торлыққа тағайындалдық. Ол – мектеп бітіргеннен кейін кемі екі жыл жұмыс жасап келген ересектер тобына, мен – күні кеше ғана кәмелеттік аттестат алған «сарыауыздар» тобына. Олардың басым көпшілігінің аты бүгінгі таңда журналистика мен көркем әдебиетте, тіпті кинематогра­фияға бүгінгі таңда мығым орын алғандарын мен атап жатпасам да, өздеріңіз жақсы біледі деп есептеймін.

1976 жылы осы қасиетті ша­ңырағымыздың босағасынан тір­шіліктің мұхитына құлаш сермеген түлектеріміз өздері жөнінде «Өмірдастан» кітабын шығарған-ды. Соған орай «қандыкөйлек» әріптестері менен интервью ал­ған-ды. Сондағы «арнаулы тіл­шісі» – бүгінгі таңда дарынды про­заик дәрежесінде белгілі боп қалған Қуаныш Жиенбаев қойған сауалдың бірімен өзімнің жауабымды естелігімнің қорытын­дысы ретінде қайталағым келіп отыр.

Қуаныш Жиенбаев: Өзіңіз айтқандай, Тауман ағамыз қатар­дағы жай ғана оқытушы емес еді. Қабағында сұс та, өзгеге ұқса­майтын жылылық та қатар жүре­тін. Сұс адамды үркітуге, қор­қытуға, өзін өзгелерден биік қоюға арналмаса керек. Тәртіп пен талапшылдыққа бір бүйрегі бұрылып тұратын әрі ұзақ жылдар журфакқа декан болған кісінің тұла бойы сұңғыла текті­ліктен тұратын секілді көрінетін біздерге. Жас болдық па, аңғырт­тау болдық па, әлде Тауман аға­мыз біздің жанымызда жүре беретіндей болды ма, со кісі жайлы кейін, аздап өз-өзімізге келіп, ой түзеген, бой түзеген тұста да тұшымды, ауыз тол­тырарлықтай бір нәрсе түрт­пеппіз. Ол – біздің кемшілігіміз, әрине. Шама келсе, ол олқы­лықтың да орны толар. Ардақты ағамыздың аруағы риза болсын. Таукең аға жайлы білге­ніңізді айта отырсаңыз.

Менің айтқаным: Амандосовпен сендер түгілі біздің өзіміз аса сақтықпен, аса сыйластықпен амандасатынбыз. Өзің айтқандай, Амандосовтың жүзіндегі сұс өзіне қандай жарасымды десең­ші! Журфакты билеген адам оңай болсын ба? «Биледі» дегенім – бергі жағы ғой. Журфактың аталмыш университет факультет­те­рінің алдыңғы сапынан көрі­нуіне, атақ-даңқы жер жаратындай зор беделге ие болуына Тә­кең барын салып еңбек сіңірді. Бойындағы барлық жігер-қай­ратын осы шаңыраққа арнады. Қызметіне сонша жан-тәні­мен беріліп істейтін адамдар да сирексіп барады ғой бұл күндері. Сендер, байқаймын, «тұлға», «тұл­ға» деген теңеуді тым жиі қолданып барасыңдар, «зиялы» деген қастерлі сөзді де бүгіндері кім көрінгенге «тарата» беретін болдық. Қазақ баспасөзін ашып қалсаң, өңшең қаптаған «тұлға», «зиялылар»… олардың қайдан шығып, қайдан табыла бере­тіндігін тағы түсінуден қалдым. Өңшең инкубатордан өріп жатқан – тұлғалар, зиялылар… Келісер­сің, келіспессің, біз осы бір аса сирек аузымызға алуға тиісті құндылықтардың бағаларын татымсыз, арзандатып жібергені­мізді мойындамауға болмайды.

Ал, қазақтың маңдайына Алла­ның рахымы түскені шығар, жазылған нағыз тұлға, зиялы­лардың бірі – жарықтық тап осы Салықбайдың ұлы Тауман. Қысқа балдағын жерге сәл-пәл тіреп, жартылай күлімсіреп, анадайдан көрінгенде-ақ, студенттер қауы­мы да, оқытушылар қауымы да бір сілкініп қалатын, Амандосов арқылы көбісі бойларын түзей­тін. Қайда жүргендерін, қандай жерден білім алып жатқанын бірден сезіне қояды десе де болатын. Тәлімгерліктің мән-мағына­сы да сол ма екен?..

Мен үшін, бір қызығы – Таукең декан болу үшін жаралған секілді. Әрине, қандай да шынайы мамандық иелерінің о баста «шыр» етіп дүниеге келгенде-ақ сол салаға «талағында биті бар» болуы керек. Ал, мамандық атауы меніңше, екі түрлі: бірі – жеке-дара, кәсіппен жалғыз айналысу, екіншісі – қоғамның қайнаған ортасынан табылу. Олардың санын тізіп айтып жатпай-ақ қоя­йын. Олардың алғашқысына жазушылық кәсіпті айтсақ та жетер. Оның нағыз саяқ кететін дүние екеніне ешкімнің таласы болмас. Ал, екіншісі, әрине, біз­дің тап қазіргі әңгімелеп отырған – декандық. Әлемдегі ең қиын да күрделі, жауапкершілігін еште­ңеге теңей алмайтын жүк – адам тәрбиелеу. Оның қиямет екенін мәнісін түсіне білген жан ғана «тәуекелге» барғаны жөн. Міне, Таукең соған барған. Мен өзімнің мысалымнан алып, салыстырып көрсем, орыстың ұлы фантаст жазушысы Александр Беляев: «Фантаст-жазушы – квадрат дә­ре­жесіндегі қаламгер», – деген-ді. Сондай-ақ, профессор Амандосовты «квадрат дәрежесіндегі декан» дегім келеді. Өйткені: әлемнің бар сыр-құпиясын, рухани қуаныш-күйзелісін бір бойына жинауы тиіс журналисті тәр­биелеп, баулып шығару шаруа­сының бас бұйдасын ұстай білген – сол!…

Бірсыпыра уақыт филология факультетінің «жасанды сері­гіне» айналған мамандық жеке-дара «шаңырақ көтеруіне» қам­шы болғаны сөзсіз. Бұл – ұйым­дастырушылық қыры делік. Сонымен қоса, әдіскер-педагог Аман­досов – қазақ тілінде жур­налистиканың жанрлары теориясы бойынша тұңғыш оқулық жазған автор. Туған топырағы­мызда осы саланың ең алғашқы профессоры.

Биологиялық тұрғыда өмір опасыз ғой. Бүгін табиғаттағы тірі жан біткенді бүтін жарық дүниеге әкелсе, ертең әр алуан себеппен о дүниеге алып кетіп жатқаны. Күн жүйесінің үшінші планетасындағы ең гомо сапиенс – саналы адам – жаратылыс­­тың сол жаңылмас та қатал за­ңын елей бермейді. Сол ескер­меудің бір түрі – зұлымдардың, қарақ­тардың адал азаматтарды аяғын­ан шалуы. Менің кейіп­керім де сондай қиянатты басынан кешір­генінің талай куәгері де болған­быз. Бірақ, біз кеші­рімпаз халық­пыз ғой. «Қай­теміз? Бәрі өтті-кетті. Құдай жазасын бұ дүниеде болмаса, о дүниеде берер» – деп отыра береміз. Оның да қисыны бар шығар. Алайда сондай-сондай қа­рақтықтар Таукең тәріздес өз ісіне адал жанның ертерек көз жұмуына «үлес қоспағанына» кім кепіл?!..

Бұ жалғанға кім келмеді? Кім келеді? Әлі де талай Тауман келер… Біз, өз басымыз сондай қарақ қылудан абай болайық та! Осының дәлелін қайран Қадыр Мырза Әлидің: «Тас жаратын талабы // Талантқа көз талады. //Іздемей-ақ // Мықтылық // Дұш­пан тауып алады!» – деген жал­ғыз-ақ жыр шумағынан таба алармыз-ау!..

Әншейінде жазу шаруашы­лы­ғында оза шыққандардың аты-жөнінің алдына «дарынды» де­генді қоса айтатын жайымыз бар. Ал біздің Таукеңнің жағ­дайында «Дарынды декан еді» десек ше?..

Абдул – Хамид МАРХАБАЕВ, фантаст-жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор.