• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2012

Халық қазынасын өзіне қайтарсам деймін – дейді көп жылдардан бері ұлттық өнердің жанашыры боп жүрген Әлима Ысқаққызы

365 рет
көрсетілді

Халық қазынасын өзіне қайтарсам деймін – дейді көп жылдардан бері ұлттық өнердің жанашыры боп жүрген Әлима Ысқаққызы

Жұма, 13 қаңтар 2012 7:33

Ол кісі Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай өңірінде дү­ние­­­ге келген. Есін жинап, етегін жапқаннан-ақ әдебиет пен өнер­­­ге құштар болып өскен жан. Зе­­­рек­тігімен зейінді шәкірт атанып жүрген сонау жылдары Ас­­­пан­­­ас­ты елінде мәдени төңкеріс болып, оның тақсіретін тартқан адамдар аз емес. Бұл саяси оқи­­­­ға мың­­­­да­­ған, миллиондаған адам­­­­­­­дардың ішінде өлең жазатын, әде­­биетке құмар Әлима Ыс­­­­қақ­­­­қы­­­зының да арманын бас­қа ар­­­на­­­ға бұрып жіберсе керек.

Жұма, 13 қаңтар 2012 7:33

Ол кісі Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Алтай өңірінде дү­ние­­­ге келген. Есін жинап, етегін жапқаннан-ақ әдебиет пен өнер­­­ге құштар болып өскен жан. Зе­­­рек­тігімен зейінді шәкірт атанып жүрген сонау жылдары Ас­­­пан­­­ас­ты елінде мәдени төңкеріс болып, оның тақсіретін тартқан адамдар аз емес. Бұл саяси оқи­­­­ға мың­­­­да­­ған, миллиондаған адам­­­­­­­дардың ішінде өлең жазатын, әде­­биетке құмар Әлима Ыс­­­­қақ­­­­қы­­­зының да арманын бас­қа ар­­­на­­­ға бұрып жіберсе керек.

Әкімшілік салада істеп, ау­дар­ма­­­шылықпен де ай­­на­лысқан біз­­­дің кейіпкеріміз 1980-жылдары Іле Қазақ авто­номиялық облы­­сының орталығы Құлжаға көшіп келеді. Қайта гүлдену дәуірі бас­­­­талғанда әде­биет саласына қайта оралуға тал­пыныс жасап, Іле Қазақ об­­лыстық әдебиет көр­­кем өнер бірлестігіне қарас­ты «Іле айдыны» редакциясына қызметке кі­реді. Осы жерде еңбек ете жүріп қазақ қолөнері туралы ақпар­ат­тардың орны өте олқы болып тұрғанын байқайды.– Кейбір адамдар осы та­­­қы­­­рыпты зерттеп, кітап шығар­ға­ны рас. Алайда Алтай, Тарбағ­а­тай, Іле аймақтарында ұлтымыз­дың аса бай мәдени қоры бар екендігіне қарамастан, оны жар­­­қы­­р­атып көрсете алмадық. Оның үстіне салт-дәстүрімізді білетін қариялар қатары азайып, қол­­­­өнер шеберлері сирей бастағаны да маған көп ой салды. Ол аз де­­­сеңіз, мәдени төң­керіс жылдары да бұл мәселеге аз кесірін ти­­­гіз­ген жоқ. Ұлттық мұра­ла­ры­­­мызды қоқысқа лақ­тырған жылдар болды. Осының бәрін көзі­­­мізбен көріп, жүре­гімізбен түсі­­­ніп өс­­кен соң, бәрін тек өз қо­­лы­мыз­бен жасауымыз керек деген ойға келдім, – дейді Әлима апай.Осылайша, Әлима Ысқаққы­­зы Алтай, Тарбағатай, Іле ай­­­мақ­­­тарындағы көнекөз қариялар барда осы істі қолға алады. Редакцияда қызмет істей жүріп, өзіне ешкім артпаған жаңа мін­­­­дет жүктейді. Осыдан кейін-ақ Әлима Ысқаққызы қазақ ауылдарына барып, ұлттық қолөнер үлгілерін, олардың жасалу жолдарын зерттей бастайды.Сөйтіп, зергерлік, темір­­ші­­лік, өрімшілік, сырмақ ба­­­­су, ши орау, бау тоқу, үй ағашын жасау сияқты іс­­терге қа­тыс­ты 5 мыңдай сурет тү­­сіріп, мәліметтер жинап, бас-аяғын бірік­­ті­­­­реді. Оған қоса қазақ өнер адамдарымен де кез­­­­десіп, өмір­­­баяндарын жинастыруды да қолға алады. Кей­ін осы мұралар «Қазақ қолөнері қазына­­­­лары» деген атпен кітап болып шы­­­ғып­ты. Оның ішінде «Қазақ киіз үй мәдениеті», «Қазақтың кесте өне­рі», «Сыр­­мақ өнері» деген дүниелер жазылады. Әлима Ыс­­­қаққызы жаз­ған-жинаған материалдары бір тө­­бе болса, жазыл­мағандары бір төбе екендігін айтады. Дегенмен, осы кітаптарын Қытай ел­­інде жүргенде жарыққа шыға­руға қан­­­­ша талпынға­ны­мен, олар фотосуреттермен бе­зен­ді­рілгендіктен, қым­­­­батқа тү­сетін болған соң, шығара алмапты. Бі­рақ, ол кісіге жол жүріп, деректер жинап, фотоға түсіруге қар­жы­лай көмектескен адамдар әр­дайым табылып отырған.Әлима Ысқаққызының ота­ға­сымен атажұртқа оралуына ба­ла­­­лары да септескен. Ұл-қыз­да­ры­­­­­­ның соңынан бірнеше жылдан кей­ін, яғни 2003 жылы елге көшіп келіпті.Елге келген соң Әлима апай­­­дың жиырма жылға жуық табанынан тозып жинаған материал­­дарының бір парасын «Алматы­­кітап» баспасы түрлі-түсті етіп «Қазақ сырмақ өнері» деген атпен жарыққа шығарыпты. Аталмыш баспа мұның сыртында ол кісінің ұлттық киім кию, тұр­мыс­тық мә­дениетке қатысты 60-қа тар­та фото­­­­суретін «Қазақ хал­қы­ның ұлт­тық киім­де­рі», «Қазақ­­­­тың тұр­­мы­­сы мен мә­де­ние­ті» деп аталатын кі­таптарға енгізген.Алайда, Әлима Ысқаққызы­ның жа­­­­­­­рия­­­ланбаған ең­­­бек­­­­­­тері де жеткі­­­лік­­­ті. Әу баста «Қазақтың қол­өнер қазы­на­лары» деген кі­­тапты та­­­қы­­­рып­тар­ға бөліп, 5-6 кітап етіп жа­рия­латпақшы бол­ған. Өкі­ніш­ке орай, жинаған дерек жеткі­­­лік­ті болға­нымен, қо­­лы қысқа адам ол ойын жүзеге асыра алмай отыр­ған жа­йы бар. Және ол кісінің қолында ата­жұрт­тан жы­рақта жүрген қол­­­өнер­шілер мен тарихи адам­дар­дың дауысы жазылған 40 шақты үнтаспасы бар көрінеді.Бүгінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылында тұратын біздің бүгінгі кейіпкеріміз:– Халқымыздың асыл қазы­наларынан жиналған фотосурет­терім мен жазбаларым ұстаған­ның қолында, тістегенің аузында кетпесе екен. Патент алсам тіпті жақсы болар еді. Және баспалар менімен қазақ тілінде тоқ­там­да­сып, өз қалауыммен кі­тап бастыру орайына ие болсам деймін. Өйтпегенде еңбегімді бас­палар пайдаланып, дәнін алып, саба­ғын қалдыратын немесе пайдасын басқалар көріп, азабын ғана арқалап қаларыма көзім жетіп отыр. Маған осы жағынан мә­де­ниет саласы арқа сүйер асқар бел болса деймін. Ата-баба жерінде өз борышымды орындап, ойға алған арма­ным­ды іске асырып, халық қа­зынасын халқымның өз қолына тапсырып, ұлттық қол­өнер мә­де­ниетін айдай әлем көре алатындай еңбек ету – менің мұ­ратым. Осы мұратқа жетуге бес тұрманымды дайындап, қол­ты­ғымнан көтеріп аттандыратын ұлтымның ұлағатты азаматтары мен ұлтжанды ұлдарынан демеу күтемін! – деген Әлима Ысқақ­қызының тілегін айна-қатесіз көп­тің назарына ұсы­­нып отырмыз.Айнаш ЕСАЛИ, Алматы.