• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
10 Мамыр, 2012

Екейбай

353 рет
көрсетілді

Екейбай

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:04

Өмірде жас кезінде қата­рының алды болатын, ал жасы толысқанда үлкен парасат иесі, кейінгі толқын жастарға тәр­биеші адамға қанат біті­ріп, күш-жігер беретін адамдар болады. Кезінде Семей облыс­тық атқару комитетінің төр­ағасы болған Екейбай Қашаға­новты сондай адам деп білемін. Ол кісі Ұлы Отан соғысына қатысып, одан кейін халқына адал қызмет етіп, елдің батасын алған азаматтардың бірі. Бүгінде соғыс ардагерлеріне тиіс­ті деңгейде құрмет көр­сетіліп жатса, Екең де сондай құрметке лайықты азамат­тардың бірі деп ол кісінің өмірінен сыр шертуді жөн көріп отырмын.

 

Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:04

Өмірде жас кезінде қата­рының алды болатын, ал жасы толысқанда үлкен парасат иесі, кейінгі толқын жастарға тәр­биеші адамға қанат біті­ріп, күш-жігер беретін адамдар болады. Кезінде Семей облыс­тық атқару комитетінің төр­ағасы болған Екейбай Қашаға­новты сондай адам деп білемін. Ол кісі Ұлы Отан соғысына қатысып, одан кейін халқына адал қызмет етіп, елдің батасын алған азаматтардың бірі. Бүгінде соғыс ардагерлеріне тиіс­ті деңгейде құрмет көр­сетіліп жатса, Екең де сондай құрметке лайықты азамат­тардың бірі деп ол кісінің өмірінен сыр шертуді жөн көріп отырмын.

1418 күн мен түнге созыл­ған сұрапыл соғысқа бас-ая­ғына дейін қатысқан Екеңнің толғанысы мол, жүрек сыздат­қан естелік әңгімесін әкелік ақыл-кеңесін, өсиет, аманатын тыңдай отырып, сол бір күндер­де оның өміріне, өмірбаянына тұңғыш рет құмарта, қызыға, жүрек елжіреп үңіліппіз. Өмір­дің ауыртпалығын осылайша жастайынан арқалаған абзал ағамыз соғыстың басталуын Румыния шекарасымен тұстас жерде қарсы алды. Ел шырқын бұзған соғыстың бірінші күні­нен бастап жаумен бетпе-бет аянбай арпалысты. Сан кескі­лес­кен ұрыстарға қатынасты.

Иә, Екең тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерді. Алыста елден жырақ өмір мен өлім арасында, оның үстіне ауыр жараланып госпитальда ұзақ таңды әрең атырған кездері қаншама. Елі, туған халқы үшін қасық қанын аямауға бекінген Екейбай Қа­шағанұлы емделу мерзімінің аяғын күтпей, госпитальдан өз еркімен майдан шебіне сұра­нып та кеткен болатын. Майдан шебіне оралудың сондай бір кезі Малый өзенінің бойындағы неміс әскерлерінің шабуылына тойтарыс берумен дәлме-дәл келген. Және дәл осы жолы сап алдында Жоғарғы бас қолбас­шы­ның «бір адымға кейін ­ше­­гінбеу» туралы тарихи бұй­ры­ғы оқылған. Екең әдеттегідей өзінің 45 миллиметрлік зеңбі­ре­гімен батальонды қорғап жүр­ді. Жау оны жан-жақты қыспаққа алды. Қызу жекпе-жек басталды.

Ұрыс жауапкершілігі барған сайын ұлғая түсті. Сондықтан бар күш жауды талқандауға жұмсалды. Бұл жолы да Екейбай жаудың бір танкісі мен автоматшылар мінген екі мәшинені істен шығарды.

Опасыз жауды жеңуге жан аямай күрескен қазақ солдаты Екейбай Қашағановтың есімі батальон, полк алдында сан мәрте аталып, ерліктің үлгісі етілді. Екең Чехославакияның Яроморжец, Прага, Верун қалаларын, Венгрияның Будапештін, Юго­сла­вияның Белград қалаларын жау­дан азат етуге қатынасып, Жеңіс күнін жақындата түсті.

Облыстық «Семей таңы» га­зе­тінде, облыстық баспаханада, ке­йіннен мәдениет, өнер саласында қызмет атқарған кездерімде Екей­­бай ағамен жолығып жүр­дім. Сонда ол кісінің аса үлкен парасат иесі, білгір басшы, қам­қоршы аға екеніне көзім жетті. Халқымыздың мәдениетін, өне­рін дамытуға бар күшін салды. Жастардың шын мәніндегі тәр­биешісі болды. Екеңнің ақыл-кеңесі әр адамға қанат бітіріп, күш-жігер беретін.

Екейбай ағаның Семей өңі­рінде 16 жылдық қуанышты да қызықты, бейнеті мен азабы да аз емес өткізген өмірі біздің бүгін­гідей көз алдымызда және ұмыт­ыл­мақ емес. Бұл өңірде ол кісі 3 жыл екінші хатшы, 13 жыл облыстық атқару комитетінің төр­ағасы болды. Екеңнің об­лыс­тағы еңбегін айтпағанда, қазақ халқы­ның мақтаны Абай, Шәкә­рім, Мұхтарды берген біздің ауданға жасаған жақсылығын, осы ұлы адамдардың аруағын сый­лап ат­қар­ған істерін еске алғанда, ол кісінің алматылық емес, абайлық тума дер едік. Солай бағаланды, солай бағалана да бермек.

Екеңнің көзіне түскен, танып білген талай кадрлары осында болмаса да, сол кісінің қасиетте­рінен нәр алып, тәрбиесін көріп, жетегіне жарап, ел басқарып, ха­лықтың қалаулысы болып, Екеңді үнемі еске алып, топырағына торқа тілейді.

Иә, туған халқына адал қыз­мет еткен абзал ағамызды, ар­дақты азаматымызды ұрпақ алдында құрмет тұту, оның жар­қын бейне­сін еске сақтау – барша­мыз­дың ісіміз, азаматтық борышымыз.

Алаш астанасы аталған Семей шаһарының өткеніне, тарихи дамуы мен бүгінгі экономи­калық мүмкіндігіне зер салып, талдау жасайтын болсақ, оның өсу жолына, мәдени дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар аз емес. Өлгеніміз тіріліп, өшкені­міз жанып жатқан бүгінгі тә­уелсіз, егеменді еліміз сол арыс­тарымыздың есімін биік шыңға көтеріп, аруақтарын қо­шемет етсе, нұр үстіне нұр болар еді-ау деген пікірді айтқы­мыз келеді. Күні кеше ғана ортамыздан кеткен, бірақ арттарына өлмес сөз, өшпес із қал­дырған Екейбай Қашағанов, Жұмабек Қойшыбаев, Тамара Александровна Назарова тәрізді ұрпақ тәрбиесіне, ұлт болаша­ғына үлкен қамқоршы болған ардақты азаматтарымызға құр­мет ретінде қаламыздың көр­некті көшелерінің бірін солар­дың аттарымен неге атамасқа. Көше демекші, Е.Қашағанов­тың есіміне беріліп отырған қазіргі көше ол кісінің атына онша лайық емес. Және күні бүгінге дейін Екейбай ағамыз тұрған үйде арнайы құлпытас тақтаның орнатылмауы да онша жарасып тұрған жоқ. Оқу орындарына сол кісілердің есімдерін берсек, оның не айыбы бар. Сол сияқты бұдан 102 жыл бұрын, сонау ресейлік патша заманында яғни, 1914 жылы ұлы Абай­дың қайтыс болуына 10 жыл толуына орай арнайы, тұңғыш кеш өткізген қазақ қызы, педагог, журналист, көрнекті қоғам қайраткері Нәзира Құлжановаға мектеп немесе колледж есімі беруді ономастикалық комиссия ойға алса, бұл да теріс болмас еді. Ұлтымыздың ұлттық қасие­тін, бауырмалдық жүрегін ұмыт­­пағанымыз да жөн болар.

Балтабек ЕРСӘЛІМОВ,

Абай қорының президенті,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Семей.