• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Қыркүйек, 2012

Жастықтың жанартауы

613 рет
көрсетілді

Жастықтың жанартауы

Сәрсенбі, 12 қыркүйек 2012 7:18

Мұратбаев-110Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі, өз Отанының патриоты, демократ-ағартушы, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың салып кеткен сара жолы жас қауымға әрқашан үлгі-өнеге. Жиырма үш жыл ғана өмір сүріп, жаһанға танылған тұлғаға айналған оның ісі мәңгілік жасайтыны сөзсіз. 

 

Сәрсенбі, 12 қыркүйек 2012 7:18

 

Мұратбаев-110Орта Азия мен Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі, өз Отанының патриоты, демократ-ағартушы, көрнекті қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың салып кеткен сара жолы жас қауымға әрқашан үлгі-өнеге. Жиырма үш жыл ғана өмір сүріп, жаһанға танылған тұлғаға айналған оның ісі мәңгілік жасайтыны сөзсіз. 

Осы орайда Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығы құрметіне жыл басынан бері Қызылорда облысында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда. Оның туған жері – Қазалы ауданында үстіміздегі жыл “Ғани жылы” деп жарияланды. Облыс және аудан әкімдігі тарапынан ұйымдастыру комиссиялары құрылып, 21-22 қыркүйекте мерейтойды кең көлемде атап өту ұйғарылды.

Қасиеттi Сыр топырағында туған тумысы бөлек тұлғаның бiрi – Ғани Мұратбаев. Ол – ХХ ғасыр басындағы жастар ұйы­мының аса талантты өкiлi. Оның бойына бiткен күш-жiгер мен ақыл-парасат қаршадайынан ха­лық­ты өзiне қаратты.1920 жылы Жетiсуда жұмыс iстеген Түркiстан майданы ке­ңесiнiң төтенше өкiлi Д.Фурманов Жетiсу еңбекшiлерi арасында саяси-ағарту жұмыстарын жүр­гізуге РКП (б)-ның Түркiстан жө­нiндегi комиссиясынан бiлiмдi, сенiмдi кадрлар жiберудi сұрады. Ғ.Мұратбаев көмекке жiберiлген жастардың алдыңғы сапында жүрдi. Верныйда педагогикалық курстың тыңдаушыларына сабақ бердi. Ол тек оқытушылық қыз­метпен ғана шектелмей, жергi­лiктi жастар арасында түрлi саяси жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысты.1921 жылы В.И.Лениннiң РКСМ-нiң III съезiнде сөйлеген «Коммунистiк жастардың мақсат­тары» атты сөзiн қазақшаға аударды. Наурыз айынан бастап, оқуынан қол үзбей жүрiп, Түркiс­тан комсомолы Орталық Коми­тетiнiң қазақ-қырғыз жастары арасында жұмыс ұйымдасты­ратын бюросының төрағасы болып сайланды. Түркiстан ком­сомолының өкiлi ретiнде Орынбор қаласында өткен Қазақстан комсомолының бiрiншi съезiне қатысты.Съезде музыка зерттеушiсi, қазақ әндерi мен жырларын және күйлерiн нотаға түсiрушi Александр Викторович Затаевич Ға­нидың айтуымен қазақтың халық әндерi «Дудар-ай» мен «Қатын жырауды» жазып алады. Бұл әндер А.В.Затаевич құрастырған «Қазақтың 1000 әнi» атты жи­наққа енгiзiлдi. Зерттеушi журналист Сейiлхан Асқаров 1973 жылы “Простор” журналында жа­риялаған Ғанидың “Жизнь – пла­мя” атты өлеңi оның көпшiлiкке беймәлiм тағы бiр қырын танытады. Яғни, бұл Ғанидың өнерлi жiгiт екендiгiн айғақтайды.1921 жылы 22 наурызда Ғ.Мұ­ратбаевтың бастамасымен Ташкент қаласында Түркiстан Республикасы комсомолының үнi – «Жас Алаш» газетiнiң тұңғыш нөмiрi жарыққа шықты. Бұл Алаш жұртының рухани өмi­рiнде, баспасөз тарихында мәң­гiлiк есте қалар оқиғаға айналды.Осы жылы Ғ.Мұратбаев РКЖО-ның IV съезiне делегат болып қатысты. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының ал­ғашқы күндерiнде өткiзiлген Түр­кiстан комсомолының III съезiнде ол Орталық Комитетке мүшелікке және ұйымдастыру пленумында Түркiстан комсомолы Орталық Комитетiнiң жауапты (бiрiншi) хатшылығына сайланды.1922 жылы Коммунистiк партия қатарына кандидаттыққа мер­зiмсiз қабылданды. Мамыр айынан бастап РКЖО (Ресей Ком­мунистiк Жастар Одағы) Орта­лық Комитетiнiң Орта Азия бюросы құрылып, Ғ.Мұратбаев бюро мүшесi және хатшысы болып сайланды. Осы жылы Орта Азияда еңбекшi жастар арасын­дағы қозғалысты дамытудағы зор еңбегi үшiн Хорезм Республика­сының «Қызыл Еңбек» орденiмен марапатталды. Қыркүйекте Түр­кiстан Республикасы комсомо­лының IV съезiн өткiзуге атса­лыс­­ты. Қазан айында өткiзiлген РКЖО-ның V съезiнде Балтық те­­ңiзi флотын комсомолдық қам­қорлыққа алған Орталық Ко­ми­теттiң төралқасы мен комитет мү­шелерiнiң қатарында Ғ.Мұрат­баев та «Құрметтi теңiзшi» атанды.1923 жылы Түркiстан комсомолы Орталық Комитетiнiң пленумында Ғ.Мұратбаевтың өзi дайындаған «Көп ұлтты КСРО жағдайында комсомолдың алдында тұрған мақсат: жастар арасында интернационалдық тәр­бие­нi iс жүзiне асыру, ұлт­шыл­дық қалдықтарды жою, КСРО-ның еңбекшi жастарын тәрбиелеу жөнiндегi» тезисi жарияланды. Бұл оның бiлiмдiлiгiн, саяси көз­қарасының кемелденгендiгiн көр­сететін факт болса керек.Ғани 1924 жылы РКЖО-ның VI съезiне делегат болып қатыс­ты. Шiлдеде жержүзiлiк Комму­нистiк Жастар Интернационалы (КИМ-нiң) IV конгресiнде оның Атқару Комитетiнiң мүшелiгiне сайланды. Қыркүйек айынан өмi­рiнiң соңына дейiн Коммунистiк Жастар Интернационалы Шығыс жастары бөлiмiнiң меңгерушiсi болып қызмет атқарды.Жұмысты берiлiп iстейтiн, тап­сырылған жұмыстан бас тартпайтын, әр iстi аяғына жеткiзбей тынбайтын Ғанидың өз денсау­лығына қарауға да мұршасы кел­медi. Ауырдым деуге арланған намысшыл жiгiт науқасқа шал­дыққанын да бiлдiрмей жүрдi. Алайда, асқынып кеткен өкпе дер­тi жас Ғаниды ақыры алып тын­ды. 1925 жылдың 15 сәуiрiн­де ол мәңгiлiкке көз жұмды. Өзектi өртеген өкiнiштiң оты оның серiктестерi мен бүкiл қа­зақ жұртының, Шығыс жаста­рының жүрегiн сыздатты.Халықтың Ғанимен қоштасу сәтiндегi қаралы митингiде Ле­ниннiң шәкiртi және серiгi Н.И.Подвойский: «…Бiз советтiк Күншығыстың үлкен тұлғасынан айырылдық. Жолдас Мұратбаев ауыр еңбектен бас тартпай жанып кеттi…», десе, РЛКСМ Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Н.П.Чаплин: «Ғани Мұратбаев бұрынғының лағнет атқан ұлт­шылдық қалдықтарынан аулақ жас ұрпаққа жатады және со­лар­дың iшiндегi аса көрнектiсi», деп баға бердi. Ал көрнектi қоғам   қай­­раткерi   Нәзiр   Төре­құлов:  «…Оны жүректегi зерде оттай жандырды, жұмысқа сүй­редi. Ғани iске бiлiмсiз келген, бiрақ жай­наған көз, жанған жү­рек, сыба­н­ған бiлекпен жан-тәнiмен келген… Ғани жабайы да­ланың жау­жүрек ұланы, тар­тыстың отымен жанып кеттi…», дедi.Мiнеки,  осы  сөздерден-ақ Ғ.Мұратбаевтың азаматтық және қайраткерлiк тұлғасын, абырой-беделiнiң биiк екендiгiн бiлесiң.Ғаниды аңсамауға, оны жыр­ламауға амалың да қалмайды. Себебi, оның жүрiп өткен жолы, iстеген iсi, айтқан сөздерi, жар­қын болашаққа деген жалынды жүрегi мен сенiмi бүгiнгi және кейiнгi ұрпаққа әрқашан үлгi.Ғанидың өмiр жолдарына көз жүгiртсең, бiлiмге құштарлық, әдiлдiк, табандылық, ұйымдас­ты­ру­­шылық, уәдеге берiктiк, саяси тұрақтылық, шешендiк, адамдармен ортақ тiл табысу, жалған уәде бермеу, әлсiздерге қамқор­лық, бастаған iстi аяғына жеткiзу, болашақты болжау сияқты тағы­лым аларлық қасиеттер бойында тұнып тұрғандығына көз жет­кiзесiң. Бiр басында осындай мiнез бен қасиет тоғысқан асыл азаматтың өнегесiн ұрпаққа үлгi ету мiндет десек те, парыз десек те болады.Биыл даңқты жерлесіміз, аса талантты ұйымдастырушы Ғани Мұратбайұлы Мұратбаевтың ту­ғанына 110 жыл толды. Сондық­тан, үстіміздегі жыл қазалы­лықтар үшiн ауқымды шараларға толы аса жауапты жыл болып саналады. Өйткенi, мәңгiлiк үлгi тұтар ұлы тұлғаның 110 жыл­дығы құрметiне ауданымызда атқарылатын жұмыстардың ауқы­мы кең.Қиындыққа жасымай өскен, ерте есейiп ержеткен, қоғамдық қызметке жастайынан белсене араласқан, өз заманының озық ойлы тұлғасының еңбегiн елге дәрiптеп, ұрпаққа үлгi етудегi игiлiктi iстiң халықтың бiрлiгi мен ынтымағын нығайтудағы тәрбиелiк маңызы айрықша.Ол өмiрге келген Ғ.Мұратбаев ауылының орталығында жасал­ған үлкен жұмыстың бiрi – «Атамекен» алаңы. Алаңның жалпы ауданы 4743 шаршы метр. Онда “Тәуелсiздiк” стелласы, доғалы қақпа, тас төсенiш төселiп, түнгi жарық шамдары, шағын сәулет­тiк кескiндер орнатылып, қорша­лып, түрлi гүлдер егiлiп, ағаштар отырғызылып, безендiрiлдi. Бұл алаң алдымен көзге түсетiн, ауылдың көркiне көрiк қосып, халықтың тағзым ететiн қасиеттi орны болмақ. Ал ауыл орталы­ғындағы саябақ тұрғындардың мәдени iс-шаралар өткiзетiн, серуендейтiн, балалар ойнайтын демалыс орнына айналады. Кө­лемi 3,2 гектар саябақтың төрiнде Ғани Мұратбаевтың еңселi ес­керт­кiшi тұрғызылды. «Ер есiмi  ел есiнде» белгiсi, сахна, “Тә­уелсiздiк” және жасанды футбол алаңдары жасалды. Саябақ жолдарына тас төсенiштер төселiп, гүлзарлар мен аяқжолдар жиегiне түрлi гүлдер өсiрiлiп, түнгi жарық шамдар мен шағын сәу­леттiк кескiндермен көмкерiлдi. Ағаштар отырғызылып, алаң ортасына шағын су бұрқағы орнатылды.Ғ.Мұратбаев ауылына баратын аудандық маңыздағы автомобиль жолының екi жағына, ұзын­дығы 3 шақырым, енi 15 метр жерге жасыл белдеу жасалып, қорша­лып, 9 мың дана Сыр талы, қара­ағаш егiлдi. Жасыл белдеу құр­ға­ған жердi көгалдандыруға, көр­кейтуге, экологиялық ахуалды жақсартуға септiгiн тигiзедi. Об­лыстық бюджеттен қаржыланды­рылатын бұл жобаларды iске асы­руға 200 млн. теңге қарас­тырылды.Мұнымен қатар, үш жолдың айрығына тұрғызылатын «Таға» маңдайшасы жанындағы жол жие­гiне ел Тәуелсiздiгiн, Елбасын, Қазақстанның жетiстiгiн насихаттайтын ұзындығы 40 метр­лiк түнгi жарықпен қамтамасыз етiлген үлкен «Доға» орнатылып, көркем көрiнiстермен айшықталды.Ғ.Мұратбаев ауылының төл­құ­­жаты жөнделiп, жаңадан бас қақпасы жасалды. Ауылдың төл­құжатынан бастап аудандық маңыздағы автомобиль жолының екi жағына билбордтар, қазiргi бар жасыл белдеуге жаңа қақпа орнатылды. Ауылға кiре берiсте және ауыл орталығында ұзын­дығы 20 метрлiк жарықтан­ды­рылған панно жасалды. Ауыл көшелерi жарықтандырылып, тас төселiп, жөндеуден өткiзiлдi. Ауылдық Мәдениет үйiне күр­делi жөндеу жүргiзiлiп, ауласы абаттандырылды. Жол жөндеу және түнгi жарықпен қамтамасыз ету жұмыстарына 294 млн. 629 мың теңге қаржы жұмсалды. Ауыл орталығында автобус аялдамалары, сауда орындары тұр­ғызылды. Көптеген жұмыстар кәсiпкер азаматтардың де­меу­шiлiгiмен ұйымдастырылды.Рухани-тәрбие жұмыстарына айрықша мән берілді. Жас ұр­пақты Ғани рухында тәрбиелеу мақсатында жыл басынан бері мек­тептер мен кәсiптiк-лицей­лер­де, балабақшаларда, мектептен тыс және мәдениет мекеме­лерінде түрлi тақырыптарда ру­хани-та­нымдық, тағылымдық жи­­ындар, апталықтар, ғылыми жобалар бай­қауы, кештер, кездесулер өткі­зілді. Жергілікті бұ­қара­лық ақпа­рат құралдарында Ға­нидың өмірі мен қызметіне байланысты мақа­лалар жарияланды. Құрамында облыс­тық және аудандық мәсли­хаттың депутаттары бар бір топ азамат маусым айында Ғ.Мұрат­баевтың туған күні құрметіне “Атамекен” қазақ жастары қауым­дастығының ша­қыруымен Мәс­кеу қаласында өткізілген іс-шара­ларға қатысып қайтты.Сонымен қатар, «Ғани Мұрат­баевқа – 110 жыл» жинағы, төс­белгi,   арнайы   журнал  шығары­л­­­ып, ғылыми-тәжірибелік конференция өткiзу көзделуде. Бiрiн-бiрi қай­таламайтын iс-шаралар­дың мағы­насы бөлек болғанымен, маз­­мұны бiр. Бұл – Ғани тағы­лымын, оның патриоттық рухын жас ұрпақ зердесiне жеткiзу, жү­регiне құю, отаншылдық сезiмдi ояту.Ең басты жұмыстардың бiрi – спорттық шаралар. Бұл тұрғыда аудандық жарыстар жыл бойына жүргiзiле бередi. Ал шағын футболдан, қазақша күрестен және ат бәйгесiнен республикалық сайыс­тар өткiзудi межелеп отырмыз.Мерейтой құрметiне өткiзi­летiн рухани-танымдық шаралар­дың бағдарламасында республи­калық деңгейдегi айтыс, эстрада жұлдыздарының гала-концертiн ұйымдастыру жоспарланды. Ға­ни­­дың ғұмырына сәйкес 23 киiз үй тiгiлiп, ас берiледi. Өткiзiлетiн жарыстар мен сайыстарда елiмiз­дiң өсiп-өркендеуiне еңбегi сiң­ген, мәдени-әлеуметтiк-эконо­микалық дамуына айрықша үлес қосқан Ғани замандастарының және оның iсiн iлгерi жалғас­тырушылардың атынан бәйге та­ғайындау да бағдарламаға енгi­зiлдi.Осынша жұмыстарды атқару тек қана жергiлiктi бюджеттен қа­ралған қаржымен шектел­мей­тiндiгi белгiлi. Сондықтан, iскер, кәсiпкер азаматтардың құрылтай­шылығымен «Қазалы-Игiлiк» кор­­­­поративтiк қоры құрылды. Қор­­дың басты мақсаты – әлеу­меттiк және экономикалық даму­дың аймақтық және республи­калық бағдарламаларын жүзеге асыру. Қор «Мектепке жол» акциясы аясында қамқорлықты қажет ететiн бiрнеше жүздеген отбасылардың балаларына, тұр­мысы төмен адам­дарға, мүгедек жандар мен ардагерлерге демеу­шiлiк жасады. Мұндай шара мерейтой күндерi де ұйымдас­тырылады.Қордың осы жылғы алға қойған басты мiндеттерiнiң бiрi – Fани Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойын өз дәрежесiнде өт­кiзуге атсалысу. Бұл ретте аудан­ның көптеген мекеме-кәсiпорын ұжымдары екi күндiк айлық жа­ла­­қыларын аударды және кәсiп­кер азаматтар демеушiлiк көмек көр­сетiп, қордың есеп-шотына қаржы түсiрiп, жанашырлықтың жарқын үлгiсiн көрсеттi. Яғни, Ғанидың ісі, оның рухы елмен бірге жасап, шапағаты халыққа тиюде.Осылайша, Ғ.Мұратбаевтың 110 жылдық мерейтойы берекелi күзде сән-салтанатымен, ұйым­дас­­­­қан түрде өткiзiлетiн болады.Мұрат ИМАНДОСОВ,Қазалы ауданының әкімі.Қызылорда облысы.