Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:10
Батырлығына біліктілігі сай Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Жиырма бес жасында сарбаздар сапына қосылған Бұқарбай Кенесары Наурызбай қолы Ақтөбе жерінде, Шалқарда, Жем, Сыр бойларында отаршыларға қарсы соғыс жүргізген кезде ерлігімен көзге түседі. Балқы Базар:
Сәрсенбі, 26 қыркүйек 2012 7:10
Батырлығына біліктілігі сай Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Жиырма бес жасында сарбаздар сапына қосылған Бұқарбай Кенесары Наурызбай қолы Ақтөбе жерінде, Шалқарда, Жем, Сыр бойларында отаршыларға қарсы соғыс жүргізген кезде ерлігімен көзге түседі. Балқы Базар:
… Ордадан бөкенді айырғанҚанадан асып қайратыЕрегіскен хандардыАлтын тақтан тайдырғанҚысқа күнде қырық шапқанЖанқожа, Есет, Қыстаубай,Қасым, Сейіл, Бұқарбай,Сәмет пен батыр Тоғанас!Солардан да өткен сұм заман! – деп Сыр бойының атақты батырларын жырға қосса, Нысанбай жырау:«Аянбай бүгін іс көрсет,Таманың батыр Құрманы.Кеудедегі шыбын жан-Ар-намыстың құрбаны!..Меңдібай, Дулат,АғыбайАрғыннан шыққан үш жігітШәкір, Жәуке, Толыбай..,Аянбай бүгін іс көрсет,Табыннан Қабан, Бұқарбай!..» деп толғанады.Бұқарбай тек қол бастаған батыр ғана емес, сонымен бірге жарлы-жақыбайлардың егін егіп, мал бағуына, шаруашылықпен айналысуына ұйытқы болған адам. Сол үшін ол ұзындығы 20-25 шақырымдай, ені 6-7 құлаштық арық қаздырған. Оны халық «Бұқарбайдың ақ арығы» деп атаған және оның бойына егін егіп, мол өнімге қарқ болған. Атақты жазушы І. Есенберлин өзінің «Қаһар» романында Бұқарбайдың шешендігі, домбыра тартып, ән салғаны жайлы да деректер келтіреді.Бұқарбай Естекбайұлы 1898 жылы Қараөзек бойындағы өз қыстауында қайтыс болады. Артында қалғандар батырды қыстауынан үш шақырымдай жердегі биіктеу төбеге жерлейді. Кейін бұл жер – Бұқарбай қорымы деп аталып кетеді.Кезінде батырдың өзі пайдаланған бес қаруы, туы, мөрі қолдан қолға ауысып, немерелеріне жетті. Мәселен, мөрі аудандағы №123 орта мектептің қызметкері Қалдан Ахметбаев та болса, туын шөпшегі Григорий Опабеков сақтап келеді. Үлкендігі ер кісінің бас бармағындай күмістен құйылған дөңгелек мөрдің ортасында арабша «Бұқарбай» деп жазылған.Бұқарбайдың 8 баласы болған. Олар: Арыстан, Қожбан, Томан, Әлмағамбет, Қайырлап, Көтібар, Алданазар, Зылиха, соңғы үшеуі Шынардан туған. Қазір Көтібар, Алданазар, Томан деген балаларынан ұрпақ бар.Батырдың ең үлкен баласы Көтібар отыз жылға жуық Қостанай, Торғай өңірінде болыстық билік құрған. Сыр бойында аз болған. 63 жасында Шотан деген жерде қайтыс болып, сүйегі әкесінің қасына, Бұқарбай қорымына жерленген. Ал Алданазар би 84 жыл өмір сүрген. Оның да денесі Бұқарбай қорымында.Биыл Бұқарбай батырдың туғанына 200 жыл толады. Осыған орай жерлестері есімі мәңгі ұмытылмайтын батыр бабаларын тағы бір еске алып, ерлігіне тағзым етпек.Батыр жөніндегі әңгімемізді ақын Әбділда Тәжібаевтың:«Кенесары ханмен бір болған,Нысанбайға жыр болған,Қиын-қыстау сәттерде,Еліне қалқан ту болғанЕлі үшін ғана еңіреген,Жасқанып жаудан көрмеген,Жауына найза сермегенБұқарбай батыр нағашым» – деген жыр жолдарымен сақтауды жөн көріп отырмыз.Сейдахмет МАҚСУДОВ, зерттеуші.Шыңғыс АЙБОСЫНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.Қызылорда облысы.