• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Олимпиада алауы

2182 рет
көрсетілді

Олимпиада алауы

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:40

Оның тарихы туралы не білеміз?

Олимпиадаға 71 күн қалды

10 мамыр күні Астана уақытымен түскі сағат 13.00-де Грекияның Пелопонис түбегінде тұтанып, бір жеті бойы осы елді аралаған ХХХ Жазғы Олим­пия ­ойындарының алауы бүгін ұшақпен Ұлы­бри­та­ния­ға жеткізіледі.

 

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:40

Оның тарихы туралы не білеміз?

Олимпиадаға 71 күн қалды

10 мамыр күні Астана уақытымен түскі сағат 13.00-де Грекияның Пелопонис түбегінде тұтанып, бір жеті бойы осы елді аралаған ХХХ Жазғы Олим­пия ­ойындарының алауы бүгін ұшақпен Ұлы­бри­та­ния­ға жеткізіледі.

Ал алауды тұтату рәсімінің өзі қалыптасқан дәстүр бойынша ежелгі грекиялық Гера құдайы­ның құрбан шалатын орнында өтті. Оған Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге, Грекияның ұлттық олимпиада комитетінің президенті Спи­рос Капралос және «Лондон-2012» ұйымдастыру коми­тетінің басшысы Себастьян Коэ қатысты.

Рәсімде алауды бірінші болып алып жүру құрметіне Ұл­ы­бри­­­танияда туған, грек жүзгіші, былтыр 10 шақырымдық ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанған Спирос Янниотис ие бол­ды. Ол Олимпияның анти­ка­лық кешені аумағында «абыз қыз­дардың» бірінің қолынан алау­ды алды.

Грекиядағы бір аптаға созыл­ған алау эстафетасының жүріп өткен жолы 2 900 км.-ні құрады. Англиядан кейін алау Олим­пиа­даның ашылу салтанатына дейін Шотландия, Солтүстік Ирлан­дия және Уэльсті ара­лап кетеді. Жалпы алау­ды ұстап жүру уақыты 70 күнге жалғасады.

Олимпия алауы – Олим­пиа­даның бірден-бір символы. Ол жарыс­­­­тың ашылу салтанатында қазандықта тұтанып, жарыс біткенге дейін жағылып тұрады.

Алауды тұтату рәсімі ежелгі Грекияда өткен Олимпия ойындарынан бастау алады. Сол кезде адамдар Прометей тита­­ны­­­ның ерлігіне құрмет ретінде алауды тұтату салтанатын өткізе бас­та­ған болатын. Аңыз бойынша Про­­­метей Зевстен алауды ұрлап, адамдарға сыйға тартқан көрінеді.

Антикалық алау содан 1928 жылға дейін тұ­­­танған жоқ. Ол тек 1936 жылы қайта қолға алына бастады. Сол кездегі алау эстафетасы фашистік Германия жетекшілерінің бірі Йозеф Геб­бельстің ұсынысы бойынша өт­кі­зілді. Оған эстафета кезінде 3 000-нан астам желаяқ қатысқан. Алауды тұтату рәсімі 1936, 1948 жылдары Қысқы Олим­­пия ойындарында да болған. Бірақ, эстафетаны лайықты дең­гей­­де өткізу 1952 жылы Ослода өткен Олимпиада қарсаңында мүмкін болды. Оның өзінде алауды ұстап жүру Олимпиядан емес, Моргендаледе бастау алды. Ал қазір алауды тұтату рәсімі Олимпиада жарыстан бірнеше ай бұрын бас­талып жүр.

Бұл алауды 11 «абыз қыз» Олимпияның антикалық кешені аумағындағы ежелгігрекиялық Гера құдайының құрбан шалатын орнында параболикалық ай­­­на­­ның көмегімен тұтатып, алауды алғаш ұстап жүру құрметіне ие болған спортшыға ұстатады. Со­дан кейін барып ол жолға шы­ғады. Алауды ұстап жүру кезінде ол осыған дейін бір-ақ рет қана өшіп қалған екен. 1976 жылы Монреаль Олимпиадасының қар­­­са­ңында қатты жауған жауын-шашынның кесірінен өшіп қал­ған болатын.

Алаудың басқа тарихын айтар болсақ, 1928 жылы Амстердамда оның құрметіне олим­пиа­далық мұнара салынған. Ал 1948 жылы Екінші дүние­жү­зілік со­ғыс­тан кейін грек әске­рінің капралы алғашқы алаугер атанады. Сол кезде ол қасиетті бейбіт­ші­ліктің құрметіне өзінің әскери киімін шешіп, қаруын тастаған екен.

1952 жылы алауды тұтату рә­сімінен бас тарту туралы шешім де қабылданып көрген. Бірақ, ол жүзеге аспаған. 1964 жылғы алау эстафетасы өте аз уақытқа со­зыл­ған. Ол Афинадан Венаға, одан кейін Инсбургке жеткі­зілген. Ал 1968 жылы Мехико Олимпиадасының алау эстафетасы, керісінше, ұзаққа созылып, Христофор Колумбтың жүріп өткен жолымен жалғасқан. 1976 жылы алаудың бір бөлігі Еуропадан Америкаға дейін жеткізілу үшін лазерлік сәулеге айналып, спутник арқылы Оттаваға жет­кізілген. 1992 жылы алау жанып тұрған садақтың жебесімен тұ­танған. Оны параолимпияшы Антонио Роболло тұтатты.

1996 жылы алау эстафетасын Кока-Кола компаниясы қаржы­ландырса, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының алауы суда үш минөт жанып тұрған. Ал алау­дың алғаш рет жер жүзін қамтып өту эстафетасы 2004 жылы Афина Олимпиадасының қарсаңында болды. Сол кездегі эстафета 78 күн, яғни 78 000 сағатқа созылып, оған 11 300 адам қатысқан. 2008 жылғы алау эстафетасы біздің елімізден де өткені бел­гілі. Бірақ, эстафета алауы Қы­тай шекарасынан өткеннен кейін ол өкімет саясатына қарсы жер­гілікті ұйғыр, тибет этностары­ның наразылығына ұшырады. Содан кейін Халықаралық олимпиада комитеті алау эстафетасын қысқартып, оны тек Олимпиаданы өткізетін елдің аумағында жүр­гізу туралы шешім қабыл­дады.

***

Жазғы Олимпия ойындары алауын тұтату құрметіне

ие болған спортшылар

Жыл   Қала/Мемлекет                 Алаугер                             Спорт түрі

1936      Берлин/Германия                     Фриц Шильген                       Жеңіл атлетика

1948      Лондон/Ұлыбритания               Джон Марк                           Жеңіл атлетика

1952      Хельсинки/Финляндия             Пааво Нурми                         Жеңіл атлетика

1956      Мельбурн/Австралия               Рон Кларк                             Жеңіл атлетика

Стокгольм/Швеция                  Ханс Викне

1960      Рим/Италия                             Джанкарло Перис                   Жеңіл атлетика

1964      Токио/Япония                         Йосинори Сакаи

1968      Мехико/Мексика                     Норма Энрикета                     Жеңіл атлетика

Басилио де Сотело

1972      Мюнхен/Германия                   Гюнтер Зан                            Жеңіл атлетика

1976      Монреаль/Канада                     Стефан Префонтэн мен

Сандра Хендерсон

1980      Мәскеу/КСРО                         Сергей Белов                         Баскетбол

1984      Лос-Анджелес/АҚШ                Рафер Джонсон                      Онсайыс

1988      Сеул/ Оңтүстік Корея              Чон Сун-Ман,                        Жеңіл атлетика

Ким Вон-Тхак,

Сон Ми-Чун

1992      Барселона/Испания                   Антонио Реболло                   Садақ ату

1996      Атланта/АҚШ                         Мұхаммед Әли                       Бокс

2000      Сидней/Австралия                   Кэти Фримэн                         Жеңіл атлетика

2004      Афина/Грекия                         Никос Какламанакис               Виндсёрфинг

2008      Бейжің/Қытай                         Ли Нин                                 Спорттық

Гимнастика

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».