Ойынға шамамен 150 адам қатысты. Бұл облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қаржы институттарының өкілдері, аграрлық сала процестерін автоматтандыруға арналған жабдықтардың ірі жеткізушілері және т.б.
Іскерлік ойындарды өткізудің басты мақсаты АШТӨ санасын "сандық ойлау" жағына өзгерту және ойын барысында сандық ферманы құрудың жол картасын әзірлеу болды.
Классикалық ақпараттық семинарлар мен дөңгелек үстелдерден өзгеше жаңа формат жағдайды экономикалық үлгілеу процесіне аграрийлердің жанды қатысуын көздейді. Сарапшылар аграрияларға инновациялық технологиялардың ерекшеліктерін, оларды енгізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді. Барлық командаларға бірдей шарттар мен ферманың мүмкіндіктері туралы бастапқы мәліметтер ұсынылды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бірнеше командаға бөлінді,оларға жетілдірілген сандық ферманы құру стратегиясын-жеке жоспарлар әзірлеу және процестерді қаржылық және технологиялық үлгілеу, процестерді оңтайландыру бойынша шешімдер әзірлеу ұсынылды.
Ойын барысында аграрийлер цифрландыру технологияларының тез өтелімділігіне көз жеткізіп, сарапшылардың көмегімен Дамудың жол картасын әзірледі. Ойынға жабдық жеткізушілерінің қатысуы модельденген шарттарды нарықтың шынайылығына барынша жақындатты және командаларға жеке таңдалған технологиялардың құрамын қалыптастыруға көмектесті. Ойын қорытындысы бойынша ең үздік жоба таңдалды. Жеңімпаздарға жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді сатып алу үшін 500 000 теңгеге жеңілдік берілді.