• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Сәуір, 2019

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы баспасөз мәслихаты өтті

1462 рет
көрсетілді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде халықты сапалы ауыз сумен және су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Оған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

2018 жылы ауылды жерлерді сумен жабдықтау бойынша 6 499 ауылдың 3 892-і немесе барлық ауылдың 59,9%-ті қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні ауылдарда халықтың 84,4%-ті немесе 6,5 млн.адам орталықтандырылған суға қол жеткізді.

Жалпы, Қазақстан халқының 90,2%-ті немесе 16,5 млн адам орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (86,6%) және Ақмола (86%) облыстарында байқалып отыр.

Осыны ескере отырып, 2019 жылы республикалық бюджеттен 411 жобаны іске асыру үшін126,5 млрд.теңге бөлу қарастырылған (ауылдықжерлерде–71,5 млрд. теңгеге325 жоба, қалалық жерлерде –55 млрд. теңгеге 86 жоба), бұл 2018 жылмен салыстырғанда 33%-ке артық.

Министрлік тұрақты түрде жоспарлаудың тиімділігін арттыру және шығындарды оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау және су тарту жобаларын жоспарлау, іріктеу және іске асыру жүйелі тәсілі күшейтілді: құжаттарға қойылатын талаптар толықтырылды, барлық өңірде (Жамбыл облысынан басқа) 2025 жылға дейінгі ауылдық жерлер бойынша Кешенді жоспарлар әзірленді, негізгі критерийлері мен басымдықтары нақтыланды.

Сонымен қатар, министрлік кәріздік-тазарту құрылыстарының жағдайына ерекше көңіл бөледі.

Бүгінгі таңда ЕҚҚДБ-дан жеңілдетілген займ алу және Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі бойынша инвестициялауға дайын ірі құрылыс компанияларынан ұсыныстар бар.