• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Мамыр, 2019

Ереймендегі ел мұрасы екшелді

831 рет
көрсетілді

Ежелгі Ерейменнің етегі тұнып тұрған тарих. Саралай сабақтасаңыз, өткен күннен қалған сол белгілердің айтар сыры көп. Әрқайсысы туған елдің тарихын тамылжыта айтып тұрғандай. Таяуда аудан аумағындағы тарихи ескерткіштер туралы тұңғыш жинақ жарық көрді.
Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе шығарған бұл еңбекке 199 сәулет ескерткіші енгізіліп отыр. «Халық қазынасы» ғылы­­­ми-зерттеу институты маман­дарының айтуына қара­ғанда, бұған дейін аудан аумағындағы отыздан астам тарихи-сәулет ес­керткіштері белгілі болған екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларынан кейін тың серпін алған іздеу-жинақтау жұ­мыстарының нәтижесінде бағзы замандағы 160 ескерткіш табылып, анықталған. Соның бар­­лығының басы қосылып, сараланып, бір жинаққа топтас­тырылып отыр. Жалғыз дерек-мағ­лұмат қана емес, көркем фо­­то­суреттермен көмкеріліп си­­пат­­­­­талған.  – Бұл көп жұмыстың басы ға­на. Алдағы уақытта облыс әкім­дігі тарапынан қолдау табылса, атқарар жұмыс ұлан-ғайыр,–дей­ді институт директоры Ақан Оңғарұлы. Өткеннің сорабымен соқпақ тартып, ендігі жұмысты Целиноград ауданында жалғастырмақшымыз.  Зерттеу жұмыстарының жа­­­­ңа­лы­ғы туралы айтатын бол­­­­сақ, геоақпараттық құралда­­­­­ры арқылы ескерткіштер шоғы­рының нақты картасы жасалды. Енді спутниктік жүйе арқылы жи­наққа енген ескерткіштерді сақтау және қорғау жұмыстары жүр­гі­зілетін болады. Сәл та­ра­­тып айтқанда, егер біреу ескерт­­­­­кіштерге қиянат жасайтын болса, мұндай фактілер ақпараттық жүйенің мол мүмкіндігі арқылы анық­талып, қасиетті жерге кі­сапырлық танытқандар қатаң жа­заланады.  – Геоақпараттық жүйесінің тағы бір артықшылығы, қашық­тықт­ан зондтау әдістері. Яғни, картографиялық негізін алмас­тырып отыруға, космостық түсі­рілімдерді пайдалануға болады. Әрі уақыт өткен сайын қандай өзгерістерге ұшырағандығын да салғастыра сараптауға мүмкіндік зор, – дейді институттың ғылыми қызметкері Қалибек Асылбеков. Мұндай сәулет ескерткіште­рінің жинағы еліміз бойынша жасалуда. Ең алғаш Жамбыл облы­сының жәдігерлері жинақ­тал­ған екен. Енді міне, ежелгі Ереймен де елдік мұраны екшеп отыр.  Ақмола облысы,  Ерейментау ауданы