• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Маусым, 2019

Жасампаз өзгерістер – адамдардың игілігі үшін…

402 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісуіне арналған ресми салтанатта сөйлеген сөзі еліміздің жаңа тарихы бастау алғанын айқындайды. Әрине, қоғам тағатсыздана күткен Президенттің ұлықтау рәсіміндегі сөзі азаматтарымыздың басты сауалдарына берілген нақты және түсінікті жауап болды.

Онда Президент Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасының ережелері ғана көрініс тауып қой­­май, оларға қол жеткізудің не­гізгі тәсілдері де белгіленіп, жи­нақталған түрде берілген.

Сабақтастық қағидаты Елба­сы­ның Қазақстанды Үшін­ші жаң­­ғыртуы, Бес инсти­тут­тық ре­фор­­маны іске асыруға ар­нал­ған бағыты, Президент «Ел­басы стра­­тегиясы» деп ата­ған­ның бар­­­­лы­­ғының өзгер­мей­тіндігімен расталды.

Сонымен  бірге жаңа тәсілдер мен жаңа шешімдер уәде етілді және Мемлекет басшысының ай­туынша, олардың орындалуы көп күттірмейді.

Сондай-ақ Тұңғыш Прези­дент – Елбасы өткен жылдың соңында және осы жылдың басында қалыптастырған қуатты  әлеуметтік пакет осы саладағы елеулі нәтижелерге қол жеткізу ма­қсатында әлеуметтік сая­саттың жаңартылуымен толық­ты­рылатыны да маңызды.

Биліктің адамдардың сұра­ныс­тарын есту, жергілікті жер­­лердегі мәселелерді шешу, аза­маттар алдында жүйелі түрде есеп беру міндеті ерекше атап өтілді. «Уәде бермей, істеу керек!» деген тезис ор­талық және жергілікті билік­тің іс-әре­кет­терін бағалаушы ұста­ным­ға айналып, ол адамдардың нақты әл-ауқатынан көрініс табуға тиіс. Әділдік қағидатын  растау дегеніміз де міне, осында жатыр.

Барлық саладағы – эконо­микалық, әлеуметтік және сая­сат саласындағы – прогресс қа­ғи­датын  Президент қазір­гі заманғы сын-қатерлерге бір­ден-бір дұрыс жауап ретінде қарастырады.

Бірақ прогрестің өзі де цифрлық немесе физикалық өсу ретінде емес, адамдардың игілігі үшін жасалған жасампаз өзгерістер ретінде түсініледі.

Сондықтан қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, инвестицияларды тарту және қорғау, іскерлік белсенділікті ынталандыру ниеті, сайып келгенде, тұрақтылық пен бірліктің негізі ретінде кең ауқымды орта тапты қалыптастыруды білдіреді.

Міне, осы жерде біз Мем­лекет басшысының қоғам мен аза­маттар үшін маңызды – қо­ғам­ның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құ­қық­тарын қорғау мақсатына жақын­даймыз.

Сайлау науқаны  да осы әлеуметтік сұранысты қоғамның күн тәртібіндегі жетекші тренд ретінде алға шығарды.

Екінші жағынан, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсіміндегі сөзінде өз қызметінің жаһандық мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ оларға қол жеткізудің негізгі тәсілдерін де атап көрсете алды.

Мемлекеттің  стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін жауапкершілігі бір формуламен тұжырымдалды: күшті, өкілетті Президент – ықпалды, әрекетке қабілетті Парламент – халыққа есеп беретін Үкімет. 

Алайда, саяси қондырма жүргізіліп жатқан экономикалық өзгерістерге сәйкес болуы үшін саяси трансформация процесі белгіленген. Және де бұл процесс биліктің халық алдындағы жауап­кершілігін арттыру, аза­мат­тық қоғамды дамыту, билік пен қоғамның диалогы, сондай-ақ пікірлер плюрализмі векторы бойынша құрылады. 

Бұл жолдағы алғашқы қадам, бәлкім,  алғашқы кеңесі осы жылдың тамыз айында өтетін   Ұлттық қоғамдық сенім  кеңесін құру болуы мүмкін.

Ал Президенттің сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың нақты жоспары барлық жұмыс­тың ортақ мәні болып, онда азаматтар мен қоғамның тілектері ескеріледі.

Мемлекет басшысы Прези­дент лауазымындағы жұмы­сы­ның басымдықтары деп атаған 10 міндет барынша нақты­лық­пен атап көрсетілді. Олардың қатарында – халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сот реформасы, жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, табысты әділ бөлу, тұрғын үй мәселелерін шешу, әділ әлеуметтік саясат, жалпыға бірдей оқытуды қолдау, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, сыртқы саясат және жастар блогы бар.

Сайлау алдындағы тұғыр­намада белгіленген бағыттар арнасында мүлде күтпеген және жаңа міндеттер айтылып, олар  Қ. Тоқаевтың өз бәсе­ке­лестерінің халық арасында танымал болған тезистеріне айтарлықтай мән беріп, шын мәнінде барша қазақстандықтардың халық­тық Президент болуға ниетті екенін көрсетті.

Олардың арасында – «өсудің маңыздылығы», «сот әділдіктің соңғы инстанциясына айналуы тиіс», «кірістерді әділ бөлу – бұл стратегиялық маңыз бар мәселе», «халық өңірлердегі шешім қабылдауларға қатысуы тиіс», «бостандыққа ұмтылу, халықтың бірлігі мен жасампаз күші», «жастар – прогрестің қозғаушы күші», «президенттік кадрлық резерв» бар.

Бұл мәселелерді қоғам да, қа­зақ­­стандық саяси тап та, мем­ле­­кет­тік қызмет те есту­ге тиіс және Тәуелсіз Қазақ­­стан­­­н­ың жаңа тарихы «есік қа­ғып тұр­ма­ға­нын», қазіргі кезде «табалды­рық­тан атта­ғанын»  түсінулері керек.

Бұл біздің жаңа саяси циклге қадам басқанымызды білдіреді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

ҚХА Төрағасының орынбасары