• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2019

Көкшетауда тіл жанашырлары бас қосты

282 рет
көрсетілді

Көкшетау қалалық тілдерді оқыту орталығында «Тілді оқытуға – жаңаша көзқарас» деген атаумен облыстық семинар-кеңес өткізіліп, тіл жанашырлары бас қосты. Жиында тілдерді оқыту орталықтарының жұмыстары сараланып, қызметкерлер өзара тәжірибелерімен бөлісті.

Бүгінде Ақмола облысы бойынша 18 тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Семинарға облыстық және аудан орталықтарының басшылары мен оқытушылары қатысып, латын графикасына негізделген қазақ тілін дәріптеудегі атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Соңғы 2 айда тілді үйретуге арналған 257 шара ұйымдастырылып, 5 мыңға тарта тыңдаушыға жаңа қазақ әліпбиі насихатталған. Бүгінге дейін жаңа қазақ әліпбиінің 14 нұсқасы әзірленіп, оның тек 4-і қабылдаудан өтті.

–Бүгінгі тақырыбымыз – «Тілді оқытуға – жаңаша көзқарас». Бұның ішіне мемлкеттік тілді оқытатын жаңа инновациялық тәсілдер, сонымен қатар латын графикасының болашақтағы жағдайы әңгіме арқауына айналды,–дейді Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев.

Жиын барысында тіл мамандары өзара тәжірибелерімен бөлісті. Тілді оқытудың әдіс тәсілдерін ортаға салып, орталық қызметкерлері баяндама жасады. Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының мамандары «Қазтест» жүйесінің жаңа форматын таныстырды. Енді тілді оқыту курстарының оқытушылары мен мемлекеттік қызметкерлер жеңілдетілген «Қазтест» жүйесі бойынша сынақтан өтпек. Семинарға келген әр қатысушы мемлкеттік тілдің дамуына  үлес қосуды көздейді.

–Әр адам мен мемлекеттік тілдің дамуына қандай үлес қостым деген қағидадан келу керек. Тілді дамыту үшін жан-жақты әрекет етуіміз керек. Ол үшін санамызда қалыптасқан бұрыңғы көзқарастан арылуымыз керек,–дейді Степногорск қалалық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қабар Қайырым,  

Семинар одан әрі оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибелерімен бөлісу мақсатында түрлі ашық сабақтарға және тренингтарға ұласты.