• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2020

Мақтааралда 5 елді мекеннің ауыз су жүйелері қайта құрылды

183 рет
көрсетілді

Мақтаарал ауданындағы 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 39 елді мекенде 24 сағат бойы, 28 елді мекенде кестемен берілудe. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен 2019 жылы 1 елді мекеннің ауыз су жүйелері ағымдағы жөндеуден өткен болса, 5 елді мекеннің жүйелеріне қайта құру жұмыстары жасалып, пайдалануға берілген. Тағы 3 елді мекеннің жасалып жатқан ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары биыл аяқталатын болады. Сонымен қатар 3 елді мекеннің ауыз су жүйелерін қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып жатса, 11 елді мекеннен жер асты су қорларына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы тағы 2 елді мекеннің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жасауға 300 миллион теңге қаржы бөлінген.

Айта кетейік, ауданымызда жалпы саны 20 025 абонент ауыз су жүйесіне қосылған болса, оның 11 900-не су есептегіш құралдары орнатылған.