• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2013

Жаңаша ойлау машығы тарихшыларға зор жауапкершілік жүктеп отыр

406 рет
көрсетілді

Тарих ғылымы қай заманда да адам­заттың жүріп өткен сүрлеу-соқпағын айғақ­тайтын, ол арқылы оның ертеңін бағдарлап, түрлі жазбаша, ауызша, заттай тағы өзге де деректерді жинақтайтын күллі қауымға ортақ ғылым екендігі мәлім. Ұлт ұстазы Ах­мет Байтұрсынов: «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанымен, ай­ғақшы әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлы­сы, ең сипаттысы – тарих», деген болатын.

Тарих ғылымы қай заманда да адам­заттың жүріп өткен сүрлеу-соқпағын айғақ­тайтын, ол арқылы оның ертеңін бағдарлап, түрлі жазбаша, ауызша, заттай тағы өзге де деректерді жинақтайтын күллі қауымға ортақ ғылым екендігі мәлім. Ұлт ұстазы Ах­мет Байтұрсынов: «Тарихты қазақша ұлы дерек деуге, әуезе табына жатқанымен, ай­ғақшы әуезе деуге болады. Сөздің ең ұлы­сы, ең сипаттысы – тарих», деген болатын.

Расында да, тарихсыз жеке адам да, ұлт та, халық та, мемлекет те жоқ. Осы тұжы­­­рымды мойындасақ, әркім өзінің туу, қалып­тасу, өсу, даму, ұрпақтан-ұрпаққа таралу жолына немесе өз үрім-бұтағының мәңгілік болуына айрықша маңыз береді. Деген­мен, әр ұлттың даму деңгейі әртүрлі. Бірі алып елдің құрамына еніп, мәңгілік өз тарихын жоғалтса, енді бірі соның құрамында жүріп-ақ өз болмысын сақтап қалуға күш салуда. Сөз жоқ, бұл арада қазақ халқы – жасампаз халық. Оның бір күн де тоқтатпаған тәуелсіздік үшін күресі ұзақ жылдар бойы армандаған азаттығына қол жеткізді. Біз азаттық жолында төгілген ата-баба қанын ешуақытта ұмытпауға тиістіміз. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында неміс-фашист концлагерінде қамауда болған Ғайпен Бейісов: «Сен, оны ұмытпауға тиістісің!» деп жар салып, анасының ақ сүтімен берілген ұлтына деген махаббатын сөндірмесе, Вена қаласындағы опера балет театрында 1944 жылы өткен Түркістан түріктерінің I құрылтайында Қази Қазыбеков тұтқындар алдына «Ұлы адамның арманы» атты Сырым батырдың азаттық күресіне арналған пьесасын қойып, бауырларын қазақ тарихымен сусындатқан (Ахмет А. Сен оны ұмытпауға тиістісің. «Егемен Қазақстан», 23 наурыз, 2013). Мұның өзі – бір тарих.

1947 жылы ағылшын отаршылдығынан құтылған үнділердің азаттық күресі тарихын жазған Д.Неру өз ұлтының өткеніне көз салып: «Тарихты жаулап алушылар жазады. Ондай тарихта тек отарлаушылар концепциясы ғана үстем болады», деген қорытынды жасаған болатын. Бұл талас тудырмайтын аксиома. Оған қазақ тарихы – анық куә. Күні кешеге дейін біздің санамызда: «Қазақ ХV ғасырда ғана пайда болды, ол тек қана көшпелі ел еді, оны сыртқы жаудан аман сақтаған Ресей екен, қазақтар өз еркімен орыстарға қосылды, бізді орыс қана оқытып-тоқытып адам қылды», деген тұжырымдар мықтап орныққан-ды.

1991 жылғы ел тәуелсіздігі ғана ұлт тарихына қазақ көзімен қарауға мүмкіндік туғызды. Елбасы Н.Назарбаев 1999 жылғы «Тарих толқынында» еңбегінде: «Қазақтың сана-сезімі өткендегі, қазіргі және болашақтағы тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алып отыр... Бірақ бұл мүмкіндік қана: ол шындыққа, тек қана қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет», – деп тарихшыларға анық бағыт-бағдар берген болатын (Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы, Атамұра, 1999. 292-293 б.). Елбасының тарих ғылымына жүктеген мақсат-міндеттері «Тарихи сананы қалыптастыру концепциясында», кейінгі қабылданған 2004 жылғы «Мәдени мұра», 2012 жылғы «Ғылыми қазына» бағдарламалары арқылы айқындала түсті. Мұндағы басты мақсат тарихымыздың тамырының тереңде жатқандығын дәлелдеу арқылы «мәңгілік ел болу» жолындағы атқарар жұмыстардың маңыздылығын сезіндіру, оны әлемдік тарих ғылымы негізінде жаңаша жазуды ұйымдастыру болатын. Содан бері Елбасы тапсырмасына сәйкес қыруар жұмыстар атқарылды. Тәуелсіздік жылдарында-ақ сан мыңдаған тарихи құжаттар алыс-жақын шетелдерден алдырылды, әлемдік тарихи сана сараланған ғылыми еңбектер ана тіліміз арқылы жас ұрпаққа ұсынылды, қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде зерделенді, тарихымызға ұлттық көзқарастың маңыздылығы дәлелденді. Бұл бағытта асыра сілтеп жіберіп жатқан немесе әлі де ашық жаза алмай жүрген тұстарымыз да бар. Мәселен, Шыңғыс ханды қазақ деп жар салуымыз, не әркімнің өз ата бабасын асыра ұлықтауы айқын көзге түсті. Мұның барлығы түп-тамырын тануға ұмтылған барлық халықтарда да болатын жағдайлар. Оларды уақыттың өз