Индустриялық аймақта «Алматы Бизнес - 2025» бағдарламасын дамытуға байланысты Өнеркәсіптік парктерді құру мәселесіне орай «D&J» Investments&Logistic» ЖШС-мен келісім жасалды.
Азамат Байгубесов және Замирбек Нұрғазиев басшысы болып табылатын тараптар келісімінде Индустриалды аймақ инвестор компанияны қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, барлық инженерлік жүйелерге, сонымен қатар өндірістік алаңдарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады. Индустриалды аймақ қажет болған жағдайда «Almaty Finance» ЖШС жылына 2-7% қаржыландыруға ықпал ететін болады. Өз кезегінде «D&J» Investments&Logistic» ЖШС өнеркәсіптік паркті белгіленген кестеге сәйкес өз қаржысына немесе қосымша қор есебінен тұрғызатын болады. Өнеркәсіптік паркті пайдалануға беру ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған.
Индустриалды аймақта өнеркәсіптік парк салу бизнестің өндірістік шығындарын азайтуға және оңтүстік астанадағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді, деп хабарлады баспасөз қызметінен.
АЛМАТЫ