• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Шыңғыстау жәрмеңкесі

455 рет
көрсетілді

«Жаңа ғылыми, тех­нологиялық, бас­қарушылық же­тістіктерді ескере­ отырып, мал шаруа­шы­лығындағы дәс­түрлерімізді жаңғыртуымыз қажет».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

 

Өңірдегі шаруа қожалықтарына 1 млрд. теңгенің малын сатуға мүмкіндік берді

Өткен аптаның соңында елімізде тұңғыш рет халықаралық «Шыңғыстау-2013» жәрмеңкесі болды. Бұл – ұлы Абайдың елінде, Шыңғыстаудың жерінде осыдан 165 жыл бұрын Семей губерниясының Қарқаралы уезінде бастау алған әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің қайта жаңғыруы, жалғасы іспетті еді.

«Жаңа ғылыми, тех­нологиялық, бас­қарушылық же­тістіктерді ескере­ отырып, мал шаруа­шы­лығындағы дәс­түрлерімізді жаңғыртуымыз қажет».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

(«Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің

жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан).

 

Өңірдегі шаруа қожалықтарына 1 млрд. теңгенің малын сатуға мүмкіндік берді

Өткен аптаның соңында елімізде тұңғыш рет халықаралық «Шыңғыстау-2013» жәрмеңкесі болды. Бұл – ұлы Абайдың елінде, Шыңғыстаудың жерінде осыдан 165 жыл бұрын Семей губерниясының Қарқаралы уезінде бастау алған әйгілі Қоянды жәрмеңкесінің қайта жаңғыруы, жалғасы іспетті еді.

Жәрмеңкеге Ресей Федерация­сының Алтай Республикасы, Моң­ғолияның Баян-Өлгий аймағы және еліміздің Алма­ты қаласы, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Павлодар об­лыстарының ауыл шаруашылығы басқармаларының жетекші мамандары мен кәсіпкерлері келді.

Бар игі жақсысы, өнерпаздары бас қосатын, келелі түйе, үйірлі жылқы, отарлы қой айдалатын жәрмеңке десе қазақтың қаны қызады. Біз де желпініп жеткенде аудан орталығы жанындағы Қарауылтөбе қарақұрым халыққа толы екен. Ақ селеулі далаға ақ шаңқан киіз үйлер қонып, ақ таңнан ән-думанның көрігі, жәр­меңке саудасы қызып сала берді.

Шыңғыстау жәрмеңкесі аудан өнерпаздары дайындаған театрландырылған қойылыммен шымылдық түрді. Ұлтымыздың өткен тарихынан шертілген көріністерді Абай ауылы бастады. Сырбаз басқан жүйріктерімен Біржанның сал-серілері әуелей ән салды. Қазақтың салтанатты салқар көші де барлық жөн-жосығымен найқала басты. Кеңгірбай бидің соңынан Мамай, Тоқтамыс сынды жаужүрек баһадүрлер шеруі шықты. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу сынды ғашықтар жұбы, ұлттық киімнің ғажап сән үлгілерін ұсынған кербез қыз-жігіттер тобы өтті. Биылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров бастаған Шалқар Жоламанов, Мұхит Тұрсынов сынды шығыс балуандары шыққанда әлеумет үлкен қошемет көрсетті. Қазақ елінің кеңпейілдігі, ынтымағы орыс-славян, тау халықтары мен ортаазиялық ұлыстардың бір шаңырақ астына жиналуы арқылы көрініс тапты. Салтанатты шеру соңында мейманын ақпен қарсы алатын қазақ дәстүрімен қымыз бен шұбат ұсынылды.

Осылайша, Шыңғыстау жәрмеңкесі асыл тұқымды мал көрмесі-аукционы салтанатты түрде ашылды. Жәрмеңкенің мақсаты – ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту және тиімді сату жүйесін ұйымдастыру. Елбасының қолдауымен «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шығыс өңірінде ауыл шаруашылығы жыл өткен сайын ілгерілеп келеді. Қазіргі кезде облыс аумағында 260-қа жуық мал фермалары тіркелген. Жыл сайын республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығына 15-16 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бүгінде өңірде ірілі-ұсақты мал басы 4 миллионнан асады. Асыл тұқымды мал шаруашылығы қатары жүйелі түрде артып келеді. Осы шаруашылықтардан жәрмеңкеге 280 мыңға жуық ірі және ұсақ мал әкелінді.

Соңғы жылдарда өңірдегі өнім көлемінің күрт өсімі байқалады. Мысалы, облыста екі жыл бұрын әр ауданға шаққанда 4 мың тонна ет өндірілетін болса, биыл бұл көрсеткіш 5 700 тоннаға жетті. Әсіресе, 4 жыл бұрын алғаш рет Шығыс Қазақстанда қолға алынған «Жайлау» бағдарламасы малшыларға тиімді болып тұр. Биылдың өзінде «Ертіс» ӘКК көмегімен 8 мың бас мал алуға пайыздық үстемесі төмен несие берілді. Сондай-ақ, Үкімет екі жыл бұрын қабылдаған «Сыбаға» бағдарламасы арқылы облысқа әкелінетін мал саны көбеюде. Өткен жылы б асқа елдерден 11 мыңға жуық асыл тұқымды мал әкелінген.

Шығыс өңірі елімізде ауыл ша­руашылығының бірқатар сала­лары бойынша көшбасшы болып отыр. Мәселен, сүт өндіруде рес­публикада бірінші орынды (жы­лына 700 мың литр) иеленсе, ет өндіруден екінші орында ке­леді. Алайда, мал өнімдерін өң­деу және сату мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Сондықтан, Елбасының ет-сүт өнімдерін экс­портқа шығару туралы тапсырма­сына сәйкес өңірде шикізатты өң­деу кәсіпорындарын ашу туралы жобалар қолға алынбақ. Сондай-ақ, облыстың брендіне айналған марал және ара шаруашылығына жылына 60-70 млн. теңгеден субсидия беріледі.

Қолөнер бұйымдары мен азық-түлік өнімдері қойылған жәрмеңкеде Катонқарағай, Зырян, Глу­­бокое, Шемонайха, Ұлан сынды ара шаруа­шы­­­­­­лығымен аты мәлім аудан­дардың бал өнімдері саудаға шығарылған екен. Шемонайхада өндірілген «Алтын май» күнбағыс майы, «Исток молоко» сүті, Катонқарағайдың «Ақсу-дэн» ЖШС панты өнімдері, «Зимовье» омарта шаруашылығының балы өтімді болды. Ат әбзелдері, ұлттық киімдер, сырмақ, қоржын, киізден жасалған бұйымдар, кәдесыйлар, ағаштан жасалған астау, шара және тағы басқа шеберлер мен ісмерлердің бұйымдары көздің жауын алады.

Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқар­ма­сының бастығы Дүйсембай Сели­хановтың айтуынша, Қар­а­уылтөбенің ауқымды бө­­лі­гіне жайғасқан асыл тұ­қымды мал көрмесі-аук­цио­­нына 184 мың қой,

4 600 ірі қара, 4 400 жылқы шығарылған екен.

Қуаныш Сүлейменов жетекшілік ететін «Ша­лабай» ЖШС құрыл­ға­ны­нан бергі жеті жылдың ішін­де 50 бас малды 3 мың басқа жеткізіпті. Қызыл жә­не ақ бас тұқымды ірі қара өсіріп отырған ша­руашылық басшысы Қа­зақ мал шаруашылығы-ве­теринарлық ғылы­ми-зерт­теу институтымен бірігіп, малды асылдандыру нә­тижесінде 25 канадалық және жаңа­зеландиялық герефорд, ангус тұқымдары алынғанын жеткізді. Оның 3 жасар бұқасының салмағы шамамен 800 кг тартады.

Шар қалалық округі Кезеңсу ауылының «Ризат» шаруа қожалы­ғының басшысы Марат Бейсенбаев «Еділбай» қойын саудалап тұр екен. Үш жасар қошқардың салмағы 120 кг тартады, 75 кг таза ет береді.

– Шаруашылықта мың жарым бас қойым бар. Асылдандыру жұмысын өзім жүргіздім. Көмірқара түсті қойлар қысқа төзім­ді, сойғанда еті аппақ болады. Бір марқаның өзі 25-30 килограмға дейін ет береді, – дейді Марат.

Күршім ауданының Теректі ауылында орна­ласқан «Қызылащы» шаруа қожалығы басшысы Қуаныш Күдеров жеті жыл бойы асылдандырылған қазақтың жабы жылқысын алып келіпті.

– Жабы жылқысы қыс­қы тебінге, аязға тө­зім­ді. Қазысының елі көп тү­седі. Келе салып үш бас жыл­қыны 1 млн. тең­геге сат­тым. Үкімет­тен сатып алу­шыларға әр жылқыға 118 мың теңгеден қайтарылым беріледі, – деді ол.

Шыңғыстау жәр­мең­ке­сінде барлығы 115 сату-са­тып алу келі­сім­шарты жасалды. Мәсе­лен, 404 бас ірі қараға 22 келісімшарт (205 млн. теңге), 53 мың бас қойға 89 келісім (860 млн. теңге) жасалса, 56 бас жылқыға 4 келісімге қол жеткізілді. Жалпы, есепте, 1 млрд. теңгеге жуық қар­жыға 54 мың бас мал сатыл­ды, – деді өңір басшысы Бер­дібек Сапарбаев.

Бұл тұңғыш рет өткен жәрмеңке үшін әжептәуір көрсеткіш. Ең қомақты сау­да жасағандардың бірі – Алматы облысынан келген «Тау самалы» шаруа қо­жалығы болды. Аталған ша­руашылық Жарма ауданы­нан асыл тұқымды 4 мың қой сатып алды.

Өңіраралық интегра­цияны жандандыруды көз­дейтін Шыңғыстау жәр­меңкесі алдағы уа­қыт­­та дәс­түрлі түрде өте­тін ауқымды шараға ай­налмақ.

Думан АНАШ,

журналист.

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы.